Darina PL EC241 616 1S [23/32] Қыздыру шкафы

Darina PL EC241 616 1S [23/32] Қыздыру шкафы
KZ Пайдалану бойынша нұсқаулық EM241 00 000 РЭ U
20
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Шыны-керамикалық үстелдің шамадан тыс қызуының жəне
ыдырауының алдын алу үшін түбі тегіс жəне өлшемдері қызу аймағының диаметріне
сəйкес келетін ыдысты пайдаланыңыз. Түбі иілген ыдысты жəне диаметрі қызу
аймағынан кіші ыдысты пайдалануға тыйым салынады. Ыдысты қызу аймағына
қатысты ығысумен орнатуға тыйым салынады (10 сур.).
Үстелде жұмыс жасап немесе салқындап жатқан аймақты көрсететін жарықтық индикация бар
(темірпештердің қалдық жылуының индикаторы). Толық салқындағанша электрлік темірпештердің
қызу аймағына жанаспаңыз жəне оның үстіне балқуы немесе зақымдануы мүмкін заттар қоймаңыз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Сөндірілгеннен кейін қызу аймағы жарты сағат ішінде ыстық
болады.
Шыны-керамика бұл өте берік материал, бірақ оған балқыған қант, тосап түскен кезде
зақымдалады, оларды шұғыл түрде үстел бетінен арнайы металл қырғышпен тазарту керек.
■ Үстел зақымдалған кезде (жарықтар немесе сызаттар) үстелді ауыстыру керек.
■ Үстелді турау тақтасы ретінде пайдаланбаңыз.
■ Алғаш қосу алдында үстелді сабынды ерітіндімен жуып, құрғатып сүрту керек. Жұмыс басында
тығыздағыш резеңкенің жеңіл иісі сезілуі мүмкін, ол жылдам кетеді.
11. ҚЫЗДЫРУ ШКАФЫ
Плиталардың барлық үлгілерінің қыздыру шкафы төменгі жəне жоғарғы қыздырғыштармен
жабдықталған, плита үлгісіне байланысты қыздыру шкафы жарықтандырумен, гриль
қыздырғышымен, электрлік конвектормен, сақиналы ТЭҚ қосымша жабдықталуы мүмкін.
■ Қыздыру шкафы келесі керек-жарақтармен жабдықталуы мүмкін (7 б. қар.):
Пісіруге арналған таба (алюминий) кондитерлік өнімдерді əзірлеу, ет, құс, балық жəне т.б.
пісіру үшін қолданылады.;
Майды жинауға арналған (эмальдан жасалған) теген ет тағамдарын дайындау кезінде
шығатын сөл мен майды жинау үшін қызмет етеді. Қыздыру шкафының торы əр түрлі
деңгейлерде табаны, түпқойманы жəне пісіруге арналған басқа қалыптарды орнатуға
арналған сөре ретінде қолданылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Пісіру науасын пайдаланғанда, қышқыл баспа құралдарымен
байланыста болмаңыз.
! Алюминий табада полиэтиленді қабықша болуы мүмкін. Табаны пайдалану
алдында қабықшаны алып тастау керек.
! Қыздыру шкафының негізгі (төменгі) қыздырғышы қосулы болғанда қыздыру
шкафының түбінде əр түрлі асүй ыдысын, табаны немесе түпқойманы қалдырмаңыз.
Бұл қыздыру шкафының эмаль жабынының жарылуына (ыдырауына) жəне оны
тазалау кезіндегі ықтимал жарақаттарға алып келуі мүмкін.
11.1. ҚЫЗДЫРУ ШКАФЫНЫҢ ТЕМПЕРАТУРАСЫН БАСҚАРУ ЖƏНЕ ОРНАТУ:
Қыздыру шкафын басқару қыздыру шкафының ТЭҚ қосатын жəне сөндіретін режимдер
ауыстырып қосқышымен жүзеге асырылады.
Қыздыру шкафында жұмыс температурасының орнатылуы қажетті температураны ұстап
тұратын термореттегішті қолданумен қамтамасыз етіледі. Температура шамалары басқару
панелінде көрсетілген. Басқару панелінде көрсетілген температуралар жуық шамалар болып
табылады жəне ±15°С шектерінде өзгеріп отыруы мүмкін.
Гриль режимінде қыздыру шкафында жұмыс температурасын орнатуды термореттегіштің
басқару тұтқасын келесі жайғасымдарға бұру арқылы жүргізу керек:
- «180°C» аспайды конвектормен бірлескен гриль;
- «200°C» аспайды гриль режимінде (конвекторсыз).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электронды таймермен жабдықталған плиталар үшін қыздыру
шкафының қыздырғыштарын қосу алдында, ағымдағы уақытты орнатып, таймерді
пайдаланыңыз («Электронды таймер» бөлімін қар.).
! Электрлік-механикалық таймермен жабдықталған плиталар үшін қыздыру
шкафының қыздырғыштарын қосу алдында, «
»жайғасымын орнатып, таймерді
пайдаланыңыз («Электрлік-механикалық таймер» «Сағат-таймер» бөлімін қар.).
!
!
!
!

Содержание

Похожие устройства