Darina PL EC241 616 1S Руководство по эксплуатации онлайн [28/32] 799606

Darina PL EC241 616 1S Руководство по эксплуатации онлайн [28/32] 799606
Пайдалану бойынша нұсқаулық EM241 00 000 РЭ U KZ
25
■ Жұмсақ мата, микрофибрадан жасалған жұмсақ майлықтар.
Жоғарыда аталған заттектер құрамына кірмейтін, арнайы жуу құралдары, ыдысқа арналған
сұйық жуу құралдары.
Пайдалы кеңестер:
Төзімді жəне ескі қатайған дақтарды алдын ала сулап, осыдан кейін құрғақ майлықпен сүрту
керек.
■ Майды арнайы құралдың шамалы мөлшері қосылған жылы су көмегімен жууға болады.
■ Жанарғыларды тазарту немесе плита үстелін жуу үшін, жанарғыларды шешуге болады.
Ластанған жəне дымқыл разрядтағыштар жұмыс жасамауы мүмкін. Үстелді жəне керамикалық
разрядтағыштарды тазарту кезінде абай болыңыз. Сынған разрядтағыш жөнделмейді, оны
ауыстыру керек.
Духовканы пайдаланғаннан кейін оны жуу құралы қосылған жылы сумен жуып, таза болғанша
сүртіп, кептіру керек. Май тазалауға арналған арнайы аэрозольді құралды пайдалануға болады.
Қыздыру шкафын ол жылы болғанда жуу айтарлықтай жеңілірек. Жабысқан дақтарды дымқыл
шүберекпен сулап, тазартқыш құрал көмегімен тазалау керек.
19.2. ЭМАЛЬ ЖАБЫНЫ БАР БӨЛШЕКТЕРГЕ ЖƏНЕ СЫРЛАНҒАН БӨЛШЕКТЕРГЕ КҮТІМ
ЖАСАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ:
■ Плита үстелі, басқару панелі жəне қыздыру шкафының ішкі беті силикаттық эмаль жабынымен
қапталған. Қалған түр бөлшектері сырмен қапталған.
Тазартқыш құралдарды пайдалану алдында жабын төзімділігін жасырын жерде шағын бөлікте
тексеру керек.
Эмаль жабынымен қапталған бөлшектерді тазарту кезінде сырланған беттерге арналған
құралдың сырмен қапталған бөлшектерге түспейтіндігін қадағалаңыз.
Сырланған беттердің тазартқыш құралдарға қатысты төзімділігі, эмаль жабындарына қарағанда,
төменірек, сондықтан жабынның қайтарымсыз зардаптармен зақымдалуының алдын алу үшін,
сырланған беттерді жуу үшін құрамына еріткіштер, абразивті материалдар жəне сілтілер >5%
қосылған жуу жəне тазарту құралдарын пайдаланбаңыз. Тазартуды аяқтар кезде бетті таза сумен
жуып, жұмсақ матамен немесе арнайы майлықпен құрғатып сүртіңіз.
■ Тазартуды жеңілдету үшін Сіз қыздыру шкафының есігін алып тастай аласыз.
19.3. ҚЫЗДЫРУ ШКАФЫНЫҢ ЕСІГІН КҮТІМІ
19.3.1. Қыздыру шкафының есігін шешу үшін келесі əрекеттерді жасау керек:
1. Есікті толығымен ашыңыз;
2. Топсаны құлыптауды төменгі жаққа бұраңыз, сур. 11;
3. Құлып топсанды бекітпейінше ешқандай күш қолданбай, есікті тоқтағанша жабыңыз.
12 сур.;
4. Есікті бүйір жағымен алыңыз да, төменгі топса осьдерін босату үшін өзіңізге жəне
жоғары қарай тартыңыз, 13 сур. қараңыз;
5. Пештің корпусының роторларындағы ілгектерді ілмектерді босату үшін есікті
төмендетіңіз;
6. Есікті шешіп алыңыз.
7. Есікті керісінше орнатыңыз, тұтқаны көтеріңіз.
11 сур.
Духовка есігін алу
12 сур. 13 сур.

Содержание

Похожие устройства