Brayer BR2833 [40/44] Тазалау және күтім

Brayer BR2833 [40/44] Тазалау және күтім
40
KZ
Ескертпелер:
- құрылғыны алғашқы қосқан кезде қыздыру эле-
ментінен бөгде иіс және аздаған түтін шығуы
мүмкін - бұл қалыпты жағдай және кепілдік
оқиғасы болып табылмайды;
- өнімдерді тамаққа тұтыну алдында, олардың
толық әзір болғанына көз жеткізіңіз;
- өнімдерді әзірлеп болғаннан кейін бірден
фритюр пісіруге арналған ыдыстан шығарыңыз,
өнімдер іске қосылған фритюр пісіруге арналған
ыдыста ұзақ қалған жағдайда өртенуі немесе
фритюрдің жануы мүмкін.
Өнімдер немесе фритюр жанған жағдайда электр
розеткасынан қуаттандыру бауының ашасын дереу
суырып алыңыз, фритюр пісіруге арналған ыдысты
тығыз, мүмкіндігінше дымқыл және жанбайтын мата-
мен жабыңыз, отты таратпау үшін қосымша шаралар
қолданыңыз. ЖАЛЫНҒА СУ ҚҰЙМАҢЫЗ!
Өнімдерді дайындап болған соң және фритюр
пісіруге арналған ыдысты өшіргеннен кейін,
фритюрдің толық салқындауын күтіңіз.
Қақпақты (1) ашыңыз, фритюрді қолайлы ыдысқа
құйып алыңыз. Фритюрді раковинаға төкпеңіз,
оны басқа тұрмыстық қалдықтармен бірге кәдеге
жаратыңыз.
Фритюрді мезгілімен ауыстырып отырыңыз (шама-
мен 8-12 өнім дайындағаннан кейін).
Егер фритюр қатты қарайып және қоюланып
кетсе, егер қыздырған кезде фритюр көпірши
бастаса, жағымсыз иісі немесе дәмі болса, оны
ауыстыру керек.
Егер фритюр әрі қарай пайдалануға жарамды
болса, оны сүзгіден өткізіп, ауа өткізбейтін қақпағы
бар ыдысқа құйып, келесі қолданғанға дейін тоңа-
зытқышта сақтаңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Фритюр пісіруге арналған ыдысты әр пайдаланған-
нан кейін тазалап отырыңыз.
Фритюр пісіруге арналған ыдысты сөндірііз, ол үшін
температура реттегішін (10) күйіне «●» қойыңыз,
қуаттандыру бауының ашасын электр розеткасынан
суырып алыңыз, фритюр пісіруге арналған ыдыстың
толық суығанын күтіңіз.
Пернені (7) «
» басыңыз, тұтқадан (11) ұстаңыз,
бекітпені (13) жылжытыңыз және ұстап тұрыңыз
тұтқаны (11) көлденең күйіне көтеріңіз, бекітпені
(13) босатыңыз, тұтқадан (11) ұстап, себетті (14)
шығарып алыңыз.
Фритюрді ыңғайлы ыдысқа құйып алыңыз.
Себетті (14) бейтарап жуу құралын пайдаланып,
жылы сумен жуыңыз, шайыңыз, содан кейін құрға-
тып сүртіңіз.
Фритюрге арналған сыйымдылықтың (4) ішкі жағын
сүртіңіз, аз мөлшерде бейтарап жуу құралын пайда-
лануға болады, содан кейін шайыңыз, содан кейін
фритюрге арналған сыйымдылықты (4) құрғатып
сүртіңіз.

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 0

Как снять чашу?
1 год назад