Panasonic ES-LV67-A820 [67/80] Маңызды ақпарат

Panasonic ES-LV67-A820 [67/80] Маңызды ақпарат
67
Қазақша
Маңызды ақпарат
Бұл электр ұстараны ылғал және құрғақ қырыну кезінде
де қолдануға болады. Бұл су өтпейтін ұстараны душта
қолдануға және қырынып болған соң сумен шайып
тазалауға болады. Төменде көрсетілген белгі ваннада
немесе душта қолдануға болатынын білдіреді.
Көпіршікпен ылғал қырынуды кемінде үш апта
пайдаланып көрсеңіз, өз теріңіздің өзгергенін байқайсыз.
Panasonic ұстарасының ылғал/құрғақ режимін қолдануды
үйренуге біраз уақыт қажет, себебі сіздің теріңіз бен
сақалыңыз қырынудың жаңа әдісіне үйренуіне шамамен
бір ай уақыт қажет етеді.
Жүйенің сыртқы торша жүйесін қатты заттарға тигізбеңіз.
Бұлай істеу жүздерді зақымдауы мүмкін, өйткені олар
өт
е жұқа және пішінін оңай өзгертеді.
Негізгі блокты кептіргішпен немесе вентиляторлық
жылытқышпен кептірмеңіз.
Бұлай істеу ақаулыққа немесе бөліктердің пішінінің
өз
геруіне әкелуі мүмкін.
Ұстараның торша жиегін ажыратылған күйде тік күн
сәулелерінің астында қалдырмаңыз.
Бұның салдарынан су өткізбейтін резеңке тозып, су
оқша
улағыш функциясының нашарлауына әкеліп,
ақаулық тудыруы мүмкін.
Ұстараны қолданғаннан кейін құрғақ жерде сақтаңыз.
Бұлай істемеу тоттың немесе будың жиналуынан,
ақа
улық тудыруы мүмкін.
Ішкі жүздерінің екеуі де салынғанын тексеріңіз. Ішкі
жүздің біреуі ғана салынған болса электр ұстарасы
зақымдалу мүмкін.
Ұстараны сумен тазалаған кезде, тұзды не ыстық суды
қолданбаңыз. Ұстараны ұзақ уақытқа суға батырып
қалдырмаңыз.
Келесі таңба электр құрылғыны электр желісіне қосу
үшін арнайы ажыратылмалы қуатпен қамту құралы керек
екенін көрсетеді. Қуатпен қамту құралының түрі
таңбаның жанында белгіленген.

Содержание

Похожие устройства

Скачать