Haier HOQ-K5AAN3GB [64/113] Аспапты кәдеге жарату

Haier HOQ-K5AAN3GB [64/113] Аспапты кәдеге жарату
6
ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР
Қауіпсіздік мақсатында тұмшапешті орнатпас немесе пайдаланбас
бұрын осы нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Бұл ақпаратты монтаж жасайтын адамға хабарлаңыз - бұл құрылғыны
орнату сіздің шығыныңызды төмендетуі мүмкін.
Пешті орнатуды және электр желісіне қосуды осы монтаждау
жөніндегі нұсқаулыққа және барлық қолданылатын Құрылыс және
электротехникалық нормативтерге сәйкес жеткілікті біліктілігі бар
маман жүргізуі тиіс.
Құрылғыны дұрыс орнатпау кепілдіктің жойылуына әкелуі мүмкін.
Егер қуат кабелі зақымдалған болса, қауіпті жағдайларды болдырмау
үшін оны тек өндіруші, қызмет көрсету орталығының өкілі немесе басқа
білікті маман ауыстыруы керек. Ажыратқыш: пеш жергілікті электр
сымдарының нормаларына сәйкес қуат көзінен толық ажыратуды
қамтамасыз ететін ажыратқышы бар желіге қосылуы керек. Тұмшапеш
жерге тұйықталуға тиіс.
Қатпама тиісті түрде жойылуы керек.
Қоршаған ортаға әсерді азайту үшін мүмкіндігінше орау
материалдарын қайта өңдеуге тапсырыңыз.
Бұл құрылғы тек тұрмыстық пайдалануға арналған және оны
өнеркәсіптік немесе коммерциялық мақсаттарда пайдалануға
болмайды.
Өнімді онда көрсетілген манипуляциялық белгілерге сәйкес
зауыт қаптамасында тасымалдау және сақтау қажет.
Тиеу, түсіру және тасымалдау кезінде сақ болыңыз.
Көлік пен қойма өнімнің атмосфералық жауын-шашыннан және
механикалық зақымдалудан қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс.
АСПАПТЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
Ескі тұрмыстық техниканы қарапайым тұрмыстық қалдықтармен
бірге тастауға болмайды. Оны электр жабдықтарын жинау және
қайта өңдеу орталығына тапсырыңыз.
Құрылғыдағы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықтағы немесе
қаптамадағы таңба олардың қайта өңдеуге жарамды екенін
білдіреді.
Тұмшапеш ішінде қолданылатын материалдар қайта өңдеуге
жарайды және тиісті заттаңбасы бар.
Ұсталған құрылғының материалдары мен бөлшектерін қайта
өңдеуге беру арқылы сіз қоршаған ортаны қорғауға маңызды
үлес қосасыз.
Пайдаланылған электр аспаптарын кәдеге жарату орталықтары
туралы ақпаратты жергілікті билік органдарынан алуға болады.

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 0

не могу установить время
5 месяцев назад

Ответы 1

Установка часов
1 год назад