Haier HHY-Y64SFB [54/70] Басқару элементтерін бұғаттау

Haier HHY-Y64SFFVB [54/70] Басқару элементтерін бұғаттау
Қызып кетуден қорғау
Кіріккен температура сезгегі индукциялық пісіру панелінің ішіндегі
температураны қадағалауға мүмкіндік береді. Тым жоғары температура
анықталғанда индукциялық пісіру панелі автоматты түрде жұмысын тоқтатады.
Ұсақ заттарды табу
Егер пісіру панелінде көлемі сәйкес келмейтін заттар немесе магнитсіз
материалдан (мысалы, алюминийден) жасалған таба немесе қандай да бір
ұсақ зат (мысалы, пышақ, шанышқы, кілт) қалса, пісіру панелі 1 минуттан
кейін автоматты түрде күту режиміне өтеді. Желдеткіш индукциялық пісіру
панеліндегі жұмысын тағы 1 минут жалғастырады.
Автоматты түрде өшіру көмегімен қорғау
Автоматты түрде өшіру - индукциялық пісіру панеліңіздің қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін функция. Ол сіз өшіруді ұмытып кеткен жағдайда,
құрылғыны автоматты түрде өшіреді. Түрлі қуаттағы жұмыс уақытының
стандарт мәндері кестеде көрсетілген:
Қуат деңгейі 1 2 3 4 5 6 7 8 9
Стандарт жұмыс таймері (сағат) 8 8 8 4 4 4 2 2 2
Ыдысты алғанда ас пісіру аймағы бірден қызуын доғарып, пісіру панелі
2 минуттан соң сөнеді.
Басқару элементтерін бұғаттау
Байқаусызда пайдаланудың алдын алу үшін, мысалы, балалар ас пісіру
аймағын абайсыз қоспау үшін басқару элементтерін бұғаттай аласыз.
Басқару элементтері бұатта тұрғанда ON/ OFF батырмасынан басқаның
бәрі өшеді.
Басқару элементтерін қалай бұғаттайды
Бұғаттауды басқару батырмасын басыңыз.
Таймер көрсеткішіне “Lo” шығады
Басқару элементтерін бұғаттан шығару
1. Индукциялық пісіру панелі қосулы екеніне көз жеткізіңіз.
2. Бұғаттауды басқару батырмасын басып, біраз уақыт ұстап тұрыңыз
3. Енді индукциялық пісіру панелін пайдалана бастауға болады.
Пісіру панелі бұғаттау режимінде тұрғанда ON/OFF батырмасынан басқа басқару
элементтерінің барлығы өшеді; апат болған жағдайда индукциялық пісіру панелін
ON/OFF батырмасының көмегімен өшірсеңіз болады, бірақ алдымен пісіру панелін
бұғаттан шығару керек.
Жүрекширатқышы бар тұлғалар бұл құрылғыны пайдаланбас бұрын дәрігермен
кеңесуі керек.

Содержание

Похожие устройства

Скачать