Haier HHY-Y64SFB [67/70] Тасымалдау және сақтау

Haier HHY-Y64SFB [67/70] Тасымалдау және сақтау
Егер кабель зақымдалған немесе ауыстыруды қажет ететін болса, қайғылы
жағдайдың алдын алу үшін сатып алғаннан кейін қызмет көрсететін маман
арнайы құрал-саймандар қолдану арқылы ауыстыруға тиіс.
Егер құрылғы электр желісіне тікелей қосылуға тиіс болса түйіспелер
арасында кем дегенде 3 мм саңылау бар автоматты сөндіргіш орнату қажет.
Орнатушы электр желісіне қосу қауіпсіздік ережелеріне сай дұрыс
орындалғанына кепілдік беруге тиіс.
Кабель иілуі немесе қысылып қалуы мүмкін.
Кабельді үнемі тексеріп отыру керек, оны білікті мамандар ауыстыруға тиіс.
ҚАЙТА ӨҢДЕУ:
Бұл бұйымды сұрыпталмайтын
тұрмыстық қалдық ретінде
кәдеге жаратпаңыз. Мұндай
қалдықтарды арнайы өңдеу
үшін бөлек жинау қажет.
Құрылғы электрлі және электронды құрылғылардың
қалдықтары туралы 2012/19/EU Еуропа директивасына
сәйкес келетіндей таңбаланған (WEEE). Құрылғының
дұрыс қайта өңделуін қамтамасыз ету арқылы сіз дұрыс
утилизация жасамаған жағдайда адам денсаулығы мен
қоршаған ортаға келетін кез келген ықтимал зақымның
алдын алуға көмек бересіз.
Бұйымдағы символ оны қарапайым тұрмыстық қалдық
сияқты қайта өңдеуге болмайтынын білдіреді. Оны
электронды және электротехникалық бұйымдар жинайтын
орынға апарған абзал.
Бұл құрылғы қалдықтардың арнайы утилизациясын талап
етеді. Бұл өнімді өңдеу, қалпына келтіру және екінші рет
қайта кәдеге жарату туралы қосымша ақпарат алу үшін
жергілікті өзін өзі басқару органына, қалдықтарды шығару
және қайта өңдеу қызметіне немесе оны сатқан дүкенге
хабарласыңыз.
Бұл өнімді өңдеу, қалпына келтіру және екінші рет қайта
кәдеге жарату туралы қосымша ақпарат алу үшін жергілікті
өзін өзі басқару органына, қалдықтарды шығару және қайта
өңдеу қызметіне немесе оны сатқан дүкенге хабарласыңыз.
Тасымалдау және сақтау
Өнімді онда көрсетілген манипуляциялық белгілерге сәйкес зауыттық қаптамада
тасымалдау және сақтау қажет.
Тиеу, түсіру және тасымалдау кезінде сақ болыңыз.
Көлік пен қоймалар өнімді атмосфералық жауын-шашыннан және механикалық
зақымданудан қорғауды қамтамасыз етуге тиіс.
Бұйымды қаптамадағы нұсқаулыққа сәйкес бет жағын жоғары қаратып қойыңыз.
Бұйым сынғыш, абайлап қолданыңыз. Оны ылғал әсерінен қорғаңыз.
Дестелеу қабаттарының максимал саны - 32. Оны аудармаңыз.
Бұйымды температурасы -15°C-тан төмен немесе 60°C-тан жоғары ортада
2 сағаттан артық сақтамаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать