Haier HHY-Y64SFB [59/70] Жылытуды баптау

Haier HHY-Y64SFB [59/70] Жылытуды баптау
Майға тез қуыру - стир-фрай
1. Индуктивті өрісте қолдануға жарамды беті тегіс вок немесе үлкен таба
таңдаңыз.
2. Барлық ингредиент пен асхана аспаптарын дайындаңыз. Майға қуыру
тез жүзеге асуға тиіс. Көп тағам әзірлегенде аз-аздан бірнеше рет
дайындаған жөн.
3. Табаны сәл қыздырып, екі ас қасық май құйыңыз.
4. Алдымен етті дайындап қойыңыз және жылы күйінде сақтаңыз.
5. Көкөністерді араластыра отырып қуырыңыз. Көкөністер қызған кезде
ас әзірлеу аймағындағы температураны бәсеңдетіңіз, етті ыдысқа қайта
салып, тұздық қосыңыз.
6. Барлық ингредиентті күйдіріп алмау үшін абайлап араластырыңыз.
7. Бірден дастарқанға қойыңыз.
Жылытуды баптау
Төмендегі параметрлер тек кеңес болып саналады. Нақты баптау ыдыс типі
мен тағам санын қосқанда, бірнеше факторға байланысты. Өзіңізге анағұрлым
ыңғайлы баптау таңдау үшін индукциялық пісіру панелімен тәжірибе жасаңыз.
Жылытуды баптау Қолдану аясы
1 - 2 Аз тағамды сәл жылыту
Шоколад, май еріту және тез күйетін өнімдерді
тез дайындау
Сәл бұқтыру
Баяу жылыту
3 - 4 қайта жылыту
тез бұқтыру
күріш дайындау
5 - 6 құймақтар
7 - 8 пассерлеу
макарон өнімдерін әзірлеу
9 Майға қуыру
Қуыру
сорпа қайнату
су қайнату

Содержание

Похожие устройства

Скачать