Haier HHY-Y64BFVB [32/62] Қауіпсіздік туралы ескерту

Haier HHY-Y64BFVB [32/62] Қауіпсіздік туралы ескерту
2
Қауіпсіздік туралы ескерту
Орнату
Электр тоҒы соғу қаупі
Қандай да бір жұмыс немесе техникалық қызмет көрсету алдында құралды
электр желісінен ажыратыңыз.
Жерге тұйықталған ақаусыз жүйеге қосылу маңызды әрі міндетті болып
саналады.
Үйдегі электр сымын өзгерту жұмысын тек білікті электрші атқаруға тиіс.
• Бұл кеңесті сақтамау электр тоғының соғуына немесе өлімге әкелуі мүмкін.
Кесу қаупі
Абай болыңыз – панель шеттері өткір.
Ескертуді елемеу жарақаттануға не кесіп алуға әкелуі мүмкін.
Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулықтар
Бұл құрылғыны орнату немесе пайдалану алдында осы нұсқаулықты мұқият
оқыңыз.
Бұл құрылғыға жанғыш материалдар немесе өнімдер қоймаған жөн.
Бұл ақпаратты құрылғыны орнатуға жауапты тұлғаға беріңіз, өйткені бұл
орнатуға кететін шығынды азайтуы мүмкін.
Қауіпті жағдайдың алдын алу үшін бұл құрылғы осы орнату нұсқауларына
сәйкес орнатылуы керек.
Құрылғыны білікті тұлға дұрыс орнатуға және жерге тұйықтауға тиіс.
Құрылғыны қуат көзінен толық ажыратуды қамтамасыз ететін ажыратқышпен
жабдықталған тізбекке қосқан жөн.
Құрылғыны қате орнату кепілдікті жойып, сақтандыру ақысын талап ету
құқығынан айыруы мүмкін.
Пайдалану және техникалық қызмет көрсету
Электр тоҒы соғу қаупі
Сынған немесе шытынаған пісіру панеліне ас әзірлемеңіз. Егер пісіру
панелінің бетінде сынықтар немесе жарықтар тапсаңыз, құрылғыны дереу
электр желісінен ажыратыңыз (қабырғадағы сөндіргіш) және білікті маманмен
байланысыңыз.
Тазалау немесе техникалық қызмет көрсету алдында пісіру панелін
қабырғадағы сөндіргіш көмегімен өшіріңіз.
Бұл кеңесті сақтамау электр тоғының соғуына немесе өлімге әкелуі мүмкін.

Содержание

Похожие устройства

Скачать