Haier HHY-Y64BFVB [33/62] Денсаулыққа қаупі

Haier HHY-Y64BFVB [33/62] Денсаулыққа қаупі
3
Денсаулыққа қаупі
Бұл құрылғы электрмагниттік қауіпсіздік стандарттарына сай келеді.
Дегенмен, жүрекширатқышы немесе басқа электрлі имплантаты (мысалы,
инсулин дозаторлары) бар тұлғалар имплантатқа электрмагнит өрісі әсер
етпес үшін бұл құрылғыны пайдаланар алдында өз дәрігерімен немесе
имплантат өндірушімен кеңесуге тиіс.
Бұл кеңесті елемеу өлімге әкелуі мүмкін.
Ыстық бет қаупі
Пайдаланғанда құрылғының қолжетімді бөліктері күйіп қалуға себеп болатын
температураға дейін қызуы мүмкін.
Керамикалық әйнекке қандай да бір дене бөлігімен, киім немесе сәйкес келетін
ыдыстан басқа заттармен әйнек беті суығанша жанасуға болмайды.
Пышақтар, шанышқылар, қасықтар және қақпақтар сияқты металл заттарды
пісіру панелінің бетіне қоймаңыз, себебі олар қатты қызып кетуі мүмкін.
Пісіру панеліне балаларды жақындатпаңыз.
Кәстрөл тұтқасы ыстық болуы мүмкін. Олардың жұмыс істейтін ас пісіру
алаңдарының үстінде орналаспауын қадағалаңыз. Балалар ыдыс-аяқтың
тұтқасына жете алмайтындығына көз жеткізіңіз.
Осы ұсынысты орындамау күйікке және ыстық будың шарпуынан күйіп қалуға
әкелуі мүмкін.
Кесу қаупі
Сақтандырғыш қақпағын алғанда пісіру панелін тазалауға арналған қырғыштың
жүзі ашылады. Өте сақтықпен қолданыңыз және қауіпсіз, әрі балалардың
қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Ескертуді елемеу жарақаттануға не кесіп алуға әкелуі мүмкін.
Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулықтар
Пайдалану барысында құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз. Қайнау бу
шығуына және май ағуына әкеледі, ол тұтануға себеп болуы мүмкін.
Құрылғыны жұмыс істейтін немесе зат сақтайтын бет ретінде қолданбаңыз.
Құрылғы бетінде қандай да бір зат немесе ыдыс қалдырмаңыз.
Магниттенетін заттарды (мысалы, несие карталары, жад карталары)
немесе электрондық құрылғыларды (мысалы, компьютерлер, МРЗ-
плеерлері) құрылғының жанына қоймаңыз және қалдырмаңыз, өйткені оның
электромагниттік өрісі оларға әсер етуі мүмкін.

Содержание

Похожие устройства

Скачать