Haier HHY-Y64BFVB Руководство по эксплуатации онлайн [34/62] 803095

Haier HHY-Y64BFVB Руководство по эксплуатации онлайн [34/62] 803095
4
Бұл құрылғыны бөлмені қыздыру немесе жылыту үшін пайдалануға тыйым
салынады.
Пайдаланғаннан кейін ас әзірлейтін орындар мен пісіру панелін әрдайым осы
нұсқаулықта көрсетілгендей (яғни, сенсорлы басқару көмегімен) сөндіріңіз.
Таба немесе кәстрөлдерді алып тастағаннан кейін пісіру алаңдарын өшіру
үшін ыдысты анықтау функциясына сенбеу керек.
Балалардың құрылғымен ойнауына, оған отыруына не тұруына және шығуына
рұқсат бермеңіз.
Құрылғының жоғарғы жағындағы шкафтарға балаларды қызықтыратын заттар
қоймаңыз. Балалар пісіру панеліне шығуға тырысқан кезде ауыр жарақат
алуы мүмкін.
Құрылғы қолданылатын жерде балаларды жалғыз не қараусыз қалдырмаңыз.
Балаларға немесе мүгедектерге құрылғыны пайдалану бойынша нұсқаулықты
жауапты және құзыретті адам беруі керек. Нұсқау беретін адам аталған
адамдардың құрылғыны өзіне немесе айналасындағыларға қауіп төндірмей
пайдалана алатынына көз жеткізуі керек.
Нұсқаулықта кеңес берілмесе, құрылғының кез келген бөлігін жөндемеңіз
және ауыстырмаңыз. Кез келген басқа қызметті білікті техникалық маман
атқаруға тиіс.
Пісіру панелін тазалау үшін бутазартқыш қолданбаңыз.
Пісіру панеліне ауыр зат қоймаңыз және құлатпаңыз.
Пісіру панеліне шықпаңыз.
Индукциялық әйнекті сырып алмау үшін шеті үшкір ыдыс пайдаланбаңыз
және ыдысты әйнек бетімен сырғытпаңыз.
Тазалау үшін металл ысқыш немесе басқа абразивті жуғыш құралдар
қолданбаңыз, олар индукциялық әйнекті сырып тастауы мүмкін.
Қуат беру сымы зақымдалған жағдайда, оны өндіруші, қызмет көрсетуші ұйым
немесе жеткілікті білім-білігі бар тұлғалар ауыстыруға тиіс. Әйтпесе, электр
тогы соғу немесе аспап бүліну қаупі бар.
Бұл құрылғы тұрмыстық және соған ұқсас жағдайларда пайдалануға арналған,
мысалы: - дүкендердегі, кеңселердегі және басқа да жұмыс орындарындағы
қызметкерлерге арналған ас үй аймағы; - ферма үйлері; - клиенттердің
қонақүйлерде, мотельдерде және басқа да тұрғын үйлерде пайдалануы; -
“төсек және таңғы ас” сияқты мекемелер.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Құрылғы мен оның қолжетімді бөліктері пайдалан кезде
қызады.

Содержание

Похожие устройства

Скачать