Karcher K 4 Compact UM (1.679-406.0) [132/134] Күтім жəне техникалық қызмет көрсету

Karcher K 4 Compact UM (1.679-406.0) [132/134] Күтім жəне техникалық қызмет көрсету
132 Қазақша
Күтім жəне техникалық
қызмет көрсету
ҚАУІП
Тоқпен зықымдалу қаупі
Кернеу күйінде тұрған бөлшектермен байланыс
кезіндегі зақымдар
Құрылғыны өшіріңіз.
Желілік штекерді розеткадан шығарып алыңыз.
Құрылғы техникалық қызмет көрсетуді талап
етпейді, яғни, оған қызмет көрсету бойынша тұрақты
жұмыстар жүргізу қажет емес.
Су жеткізуге арналған жалғағыштағы
електі тазалау
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Су жеткізуге арналған жалғағыштағы електің
зақымдалуы
Лас судың əсерінен құрылғының зақымдалуы
Електі су жеткізуге арналған жалғағышқа салмас
бұрын зақымдарға тексеріңіз.
Қажет болған жағдайда, електі су жеткізуге арналған
жалғағышта тазартыңыз.
1. Су жеткізуге арналған жалғағыштан муфтаны
алып тастаңыз.
2. Електі кемпірауызбен шығарыңыз.
3. Електі су ағысының астында жуып алыңыз.
Сурет J
4. Електі су
жеткізуге арналған жалғағышқа
салыңыз.
Жуғыш құралға арналған сүзгіні тазалау
Ұзақ сақтау кезеңінің алдында жуғыш құралға
арналған сүзгіні тазалап тұрыңыз.
1. Жуғыш құралға арналған сору құбыршегінен
сүзгіні алып тастаңыз.
2. Сүзгіні су ағысының астында жуып алыңыз.
Сурет K
Ақаулар кезіндегі көмек
Ақаулардың себептері көп жағдайда келесі шолуды
пайдалану арқылы өздігінен жоюға болатындай
қарапайым болады. Күдіктер болса немесе осы
жерде көрсетілмеген ақаулар болған кезде, рұқсат
етілген сервистік орталыққа хабарласыңыз.
ҚАУІП
Тоқпен зықымдалу қаупі
Кернеу күйінде тұрған бөлшектермен байланыс
кезіндегі зақымдар
Құрылғыны өшіріңіз.
Желілік штекерді розеткадан шығарып алыңыз.
Құрылғы жұмыс істемейді
1. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне
басыңыз.
Құрылғы қосылады.
2. Фирмалық тақтада көрсетілген кернеу қорек
көзінің кернеуімен сəйкес келе ме, жоқ па,
тексеріңіз.
3. Желі баусымын зақымдарға тексеріңіз.
Құрылғы қысым тудырмайды
Су жеткізу жеткіліксіз
1. Су құбырының шүмегін толықтай ашыңыз.
2. Жеткілікті су мөлшері беріліп жатыр ма, жоқ па,
тексеріңіз.
Су жеткізуге арналған жалғағыштағы елек ластанды.
1. Су жеткізуге арналған
жалғағыштан електі
кемпірауыздың көмегімен шығарыңыз.
2. Електі су ағысының астында жуып алыңыз.
Құрылғыдағы ауа.
1. Құрылғыны желдетіңіз:
a Жалғанған қжоғары тегеурінді құбыршексіз
максимум 2 минутқа құрылғыны қосыңыз жəне
су жоғары тегеурінді жалғағыштан
көпіршіктерсіз шықпағанша күтіңіз.
b Құрылғыны өшіріңіз.
c Жоғары тегеурінді құбыршекті қосыңыз.
d Сору жұмыстарын жүргізу кезінде
максималды сору биіктігін бақылаңыз (бөлімді
қараңыз Техникалық мағлұматтар).
Қысымның күшті айырмасы
1. Жоғары тегеурінді саптаманы тазалау:
a Саптаманың саңылауынан.
b Жоғары тегеурінді саптаманы сумен жуып
алыңыз.
2. Келген судың мөлшерін тексеріңіз.
Құрылғының саңылаулылығы
1. Құрылғының шағын саңылаулылығын оның
конструкциясы қамтамасыз етеді. Күшті
саңылаулылық кезінде авторландырылған
сервистік қызметке жүгініңіз.
Жуғыш құрал сіңбейді
1. Vario Power шүмегін пайдаланыңыз жəне оны
«SOFT» бағытына тірелгенге дейін бұраңыз.
2. Жуғыш құралға арналған сору құбыршегіндегі
сүзгіні тазалаңыз.
3. Жуғыш құралға арналған сору
құбыршегін иілуге
тексеріңіз.
Кепілдік
Əр елде жергілікті дистрибьюторлар берген кепілдік
шарттары қолданылады. Бұйымда материалдық
немесе өндірістік ақаулар анықталған жағдайда,
ықтимал ақауларды кепілдік мерзімі ішінде ақысыз
жөндейміз. Кепілдік мерзіміне наразылықтарыңыз
болса, бұйымды сатқан сауда мекемесіне немесе
жақындағы өкілетті қызмет көрсету орнына
түбіртекті көрсетіп хабарласыңыз.
(Мекенжайы артқы жағында берілген)

Содержание

Похожие устройства

Скачать