Samsung Bespoke Jet Complete+ VS20A95943N [76/136] Қауіпсіздік ақпараты

Samsung Bespoke Jet Complete+ VS20A95943N [76/136] Қауіпсіздік ақпараты
Қауіпсіздік ақпараты
Қазақ8
Қауіпсіздік ақпараты
Қуат ашасының істікшесінде немесе түйіспелерінде шаң, су, т.б. болса, оларды
мұқият сүртіңіз.
Дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін немесе электр қатері болуы мүмкін.
Зақымданған ашаны, қуат сымын немесе босап тұрған розетканы қолданбаңыз.
Электр қатері пайда болуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Күтім көрсетер алдында Тазалау блогын розеткадан ағытыңыз.
Тазалау блогын жоғары температураға шығармаңыз және Тазалау блогының
ылғалдануына немесе ылғалдың тиіп кетуіне жол бермеңіз.
Тазалау блогын кернеуі сәйкес келмейтін қуат көзіне қоспаңыз. Тазалау блогын көп
аша сұғылатын розеткаға немесе розеткалар блогына қосуға болмайды.
Электр қатері пайда болуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Қуат сымына зақым келсе, Samsung уәкілетті қызмет көрсету орталығына жаңа қуат
сымын орнатқызу керек.
Электр қатері пайда болуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Шаңсорғыштың және Тазалау блогының зарядтау түйіспесінің білезік, сағат, металл
шыбық, шеге және т. б. сияқты өткізгіш затқа тимеуін қадағалаңыз.
Құрылғы бұзылуы немесе электр тоғы соғуы мүмкін.
Тазалау блогы тек Samsung Jet сымсыз шаңсорғышты пайдалануға арналған
болғандықтан, Тазалау блогының бағдарламасын басқа электрондық құрылғылар
үшін және басқа мақсаттар үшін пайдаланбаңыз.
Тазалау блогына нұқсан келуі немесе өрт шығуы мүмкін.
Тазалау блогына балалардың жанасуына немесе оны итеруіне рұқсат етпеңіз.
Адамға жарақат келтіруі, құрылғыға немесе еденге нұқсан келтіруі мүмкін.
Құрылғыны терезенің, радиатордың, дәретхананың, жуынатын бөлменің т.б.
жанында зарядтамаңыз.
Тазалау блогын ашуға әрекеттенбеңіз. Жөндеу жұмыстарын тек Samsung қызмет
көрсету орталығы ғана жүзеге асыруға тиіс.

Содержание

Похожие устройства