Samsung Bespoke Jet Complete+ VS20A95943N [93/136] Ескерім

Samsung Bespoke Jet Complete+ VS20A95943N [93/136] Ескерім
Қазақ 25
Қосымша
Жұмыс істеу
ЕСКЕРІМ
Жаңадан сатылып алынған батареяны ең алғаш рет пайдалану алдында немесе
батареяны ұзақ уақыт пайдаланбаған кезде оны зарядтап алыңыз.
Батарея деңгейі төмен болғанда оны зарядтаңыз. Егер батарея деңгейі ұзақ уақыт
бойы төмен қалыпта болса, батареяның жұмыс өнімділігін төмендетуі мүмкін.
Шашыратқыш айналмалы сыпыртқыны пайдаланбас бұрын, дымқыл сүрткішті
ағытып, оған су құйыңыз да, оны айналмалы дискіге қайта орнатыңыз.
Шашыратқыш айналмалы сыпыртқының қайта қолданылатын дымқыл сүрткішін
кәдімгі кір жуғыш машинада бейтарап жуғыш затты қолданып тазалаңыз.
Алайда, егер дымқыл сүрткішке ыстық, жұмсартқыш және т.б. әсер етіп немесе
жұмсартқыш тиетін болса, пішімі өзгеріп, түсі шығып және құрылғының жұмыс
өнімділігі нашарлауы мүмкін. Дымқыл сүрткішті қайнатпаңыз.
Шашыратқыш айналмалы сыпыртқысына арналған Samsung Electronics-тің өзінің
дымқыл сүрткішін пайдаланыңыз.
Шашыратқыш айналмалы сыпыртқыны дымқыл сүрткішсіз қолданған жағдайда,
кез-келген өнім ақаулығына кепілдік берілмейді және көрсетілетін қызмет ақылы
болады.
Шашыратқыш айналмалы сыпыртқы үшін қосымша қайта қолданылатын дымқыл
сүрткіш сатып алсаңыз, Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қосымша бір рет қолданылатын дымқыл сүрткішті сатып алғанда, (VCA-SPA95)
үлгісінің атауын тексеріңіз.
Қосымша шаң қалтасын сатып алғанда, үлгі атауын (VCA-ADB952) міндетті түрде
тексеріңіз.
Кез келген шығын керек-жарақтарын сатып алу үшін ең жақын орналасқан
Samsung Electronics сатушысына немесе Samsung сервис орталығына
хабарласыңыз.

Содержание

Похожие устройства