Haier HMG-DG239BA [41/42] Кепілдікті жəне қосымша қызмет көрсету ақаулары келесі салдарынан туындаған бұйымдарға таратылмайды

Haier HMG-DG239BA [41/42] Кепілдікті жəне қосымша қызмет көрсету ақаулары келесі салдарынан туындаған бұйымдарға таратылмайды
20
Кепілдікті жəне қосымша қызмет көрсету ақаулары келесі салдарынан
туындаған бұйымдарға таратылмайды:
тұтынушының тауарды пайдалану, сақтау жəне/немесе тасымалдау шарттары мен
ережелерін бұзу;
бұйымды дұрыс орнатпау жəне/немесе іске қосу;
тоңазыту контурымен жəне электрлік қосылыстармен жұмыс технологияларын
бұзу, сондай-ақ Бұйымды монтаждау үшін құжаттармен расталған, тиісті біліктілігі
болмаған тұлғаларды тарту;
Бұйымның пайдалану жөніндегі нұсқаулық талап еткен техникалық қызмет көрсету
мерзімде болмауы;
суқұбыр желісіндегі артық немесе жеткіліксіз қысым;
бұйымның осы түріне сəйкес келмейтін жуғыш құралдарды қолдану, сондай-ақ
жуғыш құралдардың мөлшерлемесін асып кету;
бұйымды тағайындалмаған мақсаттарында пайдалану;
үшінші тұлғалардың əрекеттері: уəкіл етілмеген тұлғалармен жөндеу немесе өндірушімен
санкцияланбаған құрылмалық немесе сұлбалық техникалық өзгерістерді енгізу;
Мемлекеттік Техникалық Стандарттардан (МЕМСТ-тен) жəне желілерді қуаттаушы
нормалардан ауытқу;
еңсерілмейтін күштердің əрекеттері (апат, өрт, найзағай жəне т.б.);
жазатайым оқиғалар, тұтынушының немесе үшінші тұлғалардың қасақана немесе
абайсыз əрекеттері;
егер бұйым ішіне бөгде заттар, сұйықтықтар, жəндіктер, жəндіктердің тіршілік ету
өнімдері түскеннен ақаулар анықталған болса;
су жылытқыштың сумен толтырылмаған / толық толтырылмаған бəгін қосу салда-
рынан термоқорғаныстың іске қосылуы.
Кепілдікті жəне қосымша қызмет көрсету келесі жұмыс түрлеріне таратылмайды:
бұйымды пайдалану жерінде орнату жəне іске қосу;
тұтынушыға бұйымды пайдалану жөнінде нұсқалама жəне кеңес беру;
бұйымды сырттан немесе ішінен тазарту.
Төменде аталған шығыс материалдар мен аксессуарлар кепілдікті жəне қо-
сымша қызмет көрсетуге жатпайды:
желдеткіштерге арналған сүзгілер;
кір жуғыш / ыдыс жуғыш машиналар үшін суды жеткізуге / ағызуға арналған сүз-
гілер, құбыршектер;
шаңсорғыштарға арналған құбыршектер, түтіктер, қылшақтар, қондырмалар,
шаңжинағыштар;
қысқа толқынды пештерге арналған тəрелкелер, істіктер, ыдыстар мен тіреуіштер;
сүзгілер, иісті сіңіргіштер, лəмпішкелер, сөрелер, жəшіктер, тіреуіштер жəне тағамдар-
ды тоңазытқышта сақтауға арналған өзге сыйымдықтар;
басқару пульттері, аккумуляторлық батареялар, қуаттандыру элементтері, сыртқы
қуаттандыру блоктары жəне зарядтау құрылғылары;
бұйымға қоса берілетін құжаттама.
Бұйымға мерзімді қызмет көрсету (сүзгілерді ауыстыр жəне т. б.) тұтынушының қалауы
бойынша қосымша төлеу арқылы жүргізіледі.
Маңызды! Аспапта сериялық нөмірінің болмауы Өндірушіге аспапты сəйкестендіру
мүмкіндігін бермейді жəне осы салдарынан оған қызмет көрсету мүмкіндігі болмайды.
Аспапта зауыттық сəйкестендіруші маңдайшаларды алып тастауға тыйым салынады.
Зауыттық маңдайшаларының зақымдалуы немесе болмауы кепілдікті міндеттемелер-
ден бас тартудың себебі болуы мүмкін.

Содержание

Похожие устройства

Скачать