MBS CAMELLIA 190 GLASS BLACK [17/32] Құрметті сатып алушы

MBS CAMELLIA 190 GLASS BLACK [17/32] Құрметті сатып алушы
15
KZ
Құрметті сатып алушы!
MBS сауда белгісінің ас үй түтін шығарғышын таңдағаныңыз үшін алғыс білдіреміз.
Пайдалану алдында осы нұсқаулықпен мұқият танысып шығыңыз.
Ас үй түтін шығарғышын монтаждауды және қосуды тек сервистік орталық маманы осы
нұсқаулықта берілген ережелерге сай орындауы керек.
Түтін шығарғыштың электр параметрлерінің электр желі параметрлеріне сай екенін
тексеріңіз.
Өндіруші (жабдықтаушы) осы нұсқаулықтағы нұсқауларды орындамау нәтижесіндегі ас үй
түтін шығарғышының бұзылуына немесе зақымдалуына жауапкершілік алмайды.
Жалпы ережелер
Ас үй түтін шығарғыштарының осы сериясын (бұдан әрі - Тұрмыстық құрылғы) жасау үшін
жоғары сапалы және экологиялық тұрғыдан қауіпсіз материалдар қолданылған. Барлық
жинақтаушы бұйымдар сынаудан өтті және қажет еуропалық және ресейлік стандарттарға
сай.
Осы серияның ас үй түтін шығарғыштары заманауи дизайнымен ерекшеленеді және өзінде
мыналарды біріктіреді:
- жоғары қуат;0
- төмен шу деңгейі;
- ыңғайлылық және пайдалану жеңілдігі;
- төмен қуат тұтынуы;
- сүзгілерді тазалау (ауыстыру) жеңілдігі.
Өндіруші (жабдықтаушы) қауіпсіздік шараларын қолданбау нәтижесінде тұрмыстық
құрылғы бұзылған жағдайда өзінен жауапкершілікті алады.
Бұл тұрмыстық құрылғы тек тұрмыстық қолдануға арналған. Кез келген өндірістік
қолдануға тыйым салынады.
ҚАУІПТІ және рұқсат етілмеген!!! Осы тұрмыстық құрылғының қандай да бір құрамдас
бөлігін өз бетінше модификациялау.
Қосқан кезде тек жерге қосылған электр розеткасын қолдану керек.
Бөлмедегі электр кернеу тұрмыстық құрылғы сипаттамаларына сай екенін тексеріңіз.
Балаларға тұрмыстық құрылғыны өз бетінше қосуға жол бермеңіз.
Түтін шығарғышты күтуге қатысты қандай да әрекеттерді орындау алдында оның
электр қуатынан өшірулі екенін тексеріңіз.
Түтін шығарғыштың сору қуаты нашарламауы үшін жүйелі түрде алюминий сүзгілерді
тазалауды және көмір сүзгілерін ауыстыруды орындап отыру керек.

Содержание

Похожие устройства

Скачать