MBS CAMELLIA 190 GLASS BLACK [23/32] Ас үй түтін шығарғышын монтаждау

MBS CAMELLIA 190 GLASS BLACK [23/32] Ас үй түтін шығарғышын монтаждау
21
KZ
Сүзгілерді, жарық шамдарын тазалау және ауыстыру
Май сүзгісі алюминий қоспасынан жасалған. Ешқашан оны бөлшектеуге
тырыспаңыз.
Ласталған май сүзгісі қозғалтқыш арқылы ауа ағынын шектейді және оның қызып
кету және істен шығу себебіне айналуы мүмкін. Сүзгіде майдың тым көп жиналуы өрт
қаупін тудырады.
Қолдану қарқындылығына байланысты, бірақ айына бір реттен сирек емес, май
сүзгісін шығару және тазалау керек. Май сүзгісін тазалағанда келесі ережелерді қатаң
орындаңыз:
Сүзгіні температурасы 30°С таза суға салыңыз, жуу затын қосыңыз және 2-3 минутқа
жібітіңіз. Қолғап киіңіз және жұмсақ губкамен тазалаңыз. Тазалау процесінде күш
салмаңыз, бұл сүзгі торларының зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Сүзгілерді ыдыс жуу машинасында жумаңыз.
Содан кейін алюминий май сүзгілерін мұқият жуу және құрғату керек.
Көмір сүзгілері (тек рециркуляция режимінде қолданылады) қайтадан пайдалануға
жарамсыз және ауыстырылуы керек. Көмір сүзгілерінің қызмет мерзімі түтін
шығарғышты қолдану жиілігіне және әзірленетін тамақ түріне байланысты.
Ескертпе. Көмір сүзгілерін ауыстыруды 6 айда 1 реттен сирек емес орындау
керек.
Жарық шамдарын ауыстыру тек электр қуаты өшірулі күйде орындалады.
Шамдарды ауыстыру үшін май сүзгісін шешу керек. Жаңа шам бастапқы шамның
электр параметрлеріне (кернеу және қуат) қатаң сәйкес болуы керек.
Түтін шығарғыштарда галогендік шамдарды ауыстырғанда тек алюминий рефлекторы
(шағылыстырғышы) бар шамдарды қолданыңыз. Дихромдық рефлекторды қолдану
электр патронның тым қызып кетуіне әкелуі мүмкін.
Жарықтандыру жүйесі тек тамақ әзірлеу процесінде жұмыс істеуге арналған. Оны
бөлмені жарықтандыру мақсатында ұзақ уақытқа қосылмауы керек.
Ас үй түтін шығарғышын монтаждау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
Әр түрлі монтаждау шарттарына байланысты ас үй түтін шығарғышы әмбебап бекіту
болттарымен жабдықталмайды. Монтаждауды тек өкілетті сервистік орталық маманы
орындайды.
Монтаждауды бастау алдында түтін шығарғыш толығымен жұмысқа қабілетті екеніне
және механикалық зақымдар (сызаттар, сүйкелуден ескірген жерлер және т.б.) жоқ
екеніне көз жеткізіңіз.
Монтаждауды бастамас бұрын (сорғыш желдету құбырына қосылған болса), желдету
құбырының жұмыс істеп тұрғанына және табиғи тартылыс бар екеніне көз жеткізіңіз.
Тартпа болмаған жағдайда, сорғышты желдету құбырына қосуға жол берілмейді.

Содержание

Похожие устройства

Скачать