Haier HMX-BDC399W [15/28] Мазмұны

Haier HMX-BDC399W [15/28] Мазмұны
32
ҚҰРМЕТТІ САТЫП АЛУШЫ
Сізді сатып алуыңызбен құттықтаймыз. Біз өз бұйымдарымызды пайдалану кезінде өте
қарапайым жəне өте тиімді етуге тырысамыз. Нұсқаулықты оқығаннан кейін сіз кіріктірілген
микротолқынды пешті оңай басқара аласыз деп үміттенеміз.
Кіріктірілген микротолқынды пештің қауіпсіздігі мен өнімділігі оны қаптау жəне дайындаушы
зауыттан жөнелту алдында мұқият тексерілді.
Осы пайдаланушы нұсқаулығында сізге кіріктірілген микротолқынды пешті пайдалануды
үйренуге мүмкіндік беретін нұсқаулар бар. Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін кіріктірілген
микротолқынды пешті бірінші рет пайдаланар алдында осы нұсқаулықтармен мұқият танысып
алыңыз.
Пайдаланушы нұсқаулығын кез келген уақытта қол жеткізуге болатын сенімді жерде сақтаңыз.
Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін пайдаланушы нұсқаулығының нұсқауларын мұқият
орындаңыз.
Кіріктірілген микротолқынды пешті тек мақсатына сай пайдаланыңыз — үй жағдайында тамақты
дайындау, еріту жəне қыздыру үшін. Мақсаты бойынша пайдаланбау қауіпті жəне кіріктірілген
микротолқынды пештің мерзімінен бұрын істен шығуына əкелуі мүмкін.
Пайдаланушыға арналған ақпарат:
Жұмыс кезінде кіріктірілген микротолқынды пештер қызады жəне пайдаланғаннан кейін біраз
уақыт ыстық болып қалады. Кіріктірілген микротолқынды пештің ішінде орналасқан қыздыру
элементтеріне қол тигізбеңіз.
Жұмыс кезінде кіріктірілген микротолқынды пештің есігі қатты қызуы мүмкін.
Кіріктірілген микротолқынды пешті пайдаланғаннан кейін оны міндетті түрде өшіріп жүріңіз.
Жұмыс кезінде жəне жұмыс аяқталғаннан кейін алғаш уақытта балаларды кіріктірілген
микротолқынды пештің қасына жібермеңіз.
Жұмыс кезінде кіріктірілген микротолқынды пештің есігін жабық ұстаңыз.
МАЗМҰНЫ
Қауіпсіздік ережелері .........................................................................................4
Монтаждау ...........................................................................................................6
Кіріктірілген микротолқынды пештің сипаттамасы .....................................8
Пайдалану ...........................................................................................................9
Тазалау жəне қызмет көрсету .......................................................................19
Техникалық ақпарат ........................................................................................21

Содержание

Похожие устройства