Haier HMX-BDC399W [24/28] Тазалау және қызмет көрсету

Haier HMX-BDC399W [24/28] Тазалау және қызмет көрсету
2120
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Тазалау
Тек абразивті емес тазартқыш құралдарды пайдаланыңыз. Кез келген абразивті тазартқыш
құралдар (соның ішінде Cif) бетті сырып алуы жəне басқару панелінің белгілерін өшіруі мүмкін.
Ешқашан хлор немесе қышқыл негізіндегі тазартқыш құралдарды пайдаланбаңыз.
Сұйықтықтардың, əсіресе сілтілі немесе қышқылды сұйықтықтардың (лимон шырыны, сірке суы
жəне т.б.) кез келген төгілуін дереу жою керек.
Тот баспайтын болатты тазалау
Тот баспайтын болатты тек жұмсақ жуғыш құралдың сұйылтылған сулы ерітіндісін пайдаланып,
таза матамен жылтырағанға дейін тиімді тазалауға болады. Тот баспайтын болатқа арналған
арнайы тазартқыштар қолжетімді.
Кіріктірілген микротолқынды пештің ішін тазалау
Әр пайдаланғаннан кейін кіріктірілген микротолқынды пештің ішін қолайлы құралдармен тазалау
ұсынылады, əсіресе сұйықтық төгілген болса. Сөрелерді алып тастауға жəне қолмен немесе
ыдыс жуғыш машинада жууға болады.
Гриль торын тазалау
Жүйелі түрде пайдаланған кезде тордың бөліктерін тазалаудың қажеті жоқ, өйткені жоғары
температурада кез келген ластанулар күйіп кетеді. Ішкі үстіңгі бетті жылы сумен, жуғыш
затпен жəне губкамен үнемі тазалап отыру қажет болуы мүмкін. Егер гриль жүйелі түрде
пайдаланылмаса, оны ай сайын 10 минутқа жағып отыру керек, сол кезде кез келген ластанулар
күйіп кетеді, бұл өрт қаупін азайтады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Кіріктірілген микротолқынды пешті тазалау үшін бумен тазалағыштарды пайдалануға тыйым
салынады.
Кіріктірілген микротолқынды пеште тез тұтанатын материалдарды сақтамаңыз.
Есіктің айналасында майдың немесе тағам бөлшектерінің жиналуына жол бермеңіз.
МАҢЫЗДЫ!
Дұрыс орнатылған кезде кіріктірілген микротолқынды пеш жабдықтың осы түрі үшін белгіленген
барлық қауіпсіздік талаптарына сəйкес келеді. Бұл ретте кіріктірілген микротолқынды пештің
артқы жəне төменгі бөліктері жанында өте сақ болу керек, өйткені бұл аймақтар жанасуға
арналмаған жəне жарақат алу қаупі бар өткір немесе тегіс емес жиектерге ие болуы мүмкін.
ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
Істен шығу, сəйкессіздіктер немесе басқа ақаулар болған кезде, уақытты цифрлық индикациялау
тақтасында келесі мəндері бар қате кодтары көрсетілетін болады:
ДИСПЛЕЙ ҚАТЕ ЫҚТИМАЛ СЕБЕПТЕРІ
E01
Температура датчигі жоқ / тізбек
ажыратылған
Басқару тақтасы температура датчигінің
жоқтығын анықтайды, кіріктірілген
микротолқынды пеш қызуды тоқтатады.
Температура -10 °C-тан төмен.
E02
Дисплей тақтасының қуат беру
тақтасымен байланысының
ақаулығы
Байланыс желілерінің проблемалары
немесе түйіспелердің істен шығуы.
E04
Температура датчигінің қысқа
тұйықталуы
Датчиктің қысқа тұйықталуы анықталды,
жəне кіріктірілген микротолқынды пеш
қызуды тоқтатады.
E06 Түймені ұзақ басу қатесі
Түймені 15 секундтан артық басып тұрған
кезде, дыбыстық сигнал пайда болады
жəне бір уақытта цифрлық индикация
тақтасында қате коды көрсетіледі.
Маңызды: барлық жөндеу жұмыстарын білікті қызметкерлер жүргізуі керек.

Содержание

Похожие устройства