Haier HMX-BDC399W [23/28] Ішкі жарықтандыру

Haier HMX-BDC399W [23/28] Ішкі жарықтандыру
1918
ПАЙДАЛАНУ
Ішкі жарықтандыру
Кіріктірілген микротолқынды пештің жұмыс режимін таңдағаннан кейін кіріктірілген
микротолқынды пеш шамы қосылады, содан кейін 1 минуттан кейін автоматты түрде өшеді.
Шамның 1 минутқа жануы үшін түймесін басыңыз.
Кіріктірілген микротолқынды пештің есігі ашылған кезде шам да жанады.
Кіріктірілген микротолқынды пештің жұмыс
уақытын шектеу
Кіріктірілген микротолқынды пеш режимінде немесе кіріктірілген микротолқынды пеш пен тұмша
кіріктірілген микротолқынды тұмшапештің комбинациясы режимінде жұмыс істеудің максималды
уақыты 90 минут құрайды. Тамақ дайындаудың автоматты жəне жартылай автоматты
режимдерінде жұмыс істеуді қоспағанда, əрбір температура үшін кіріктірілген микротолқынды
пештің ішкі компоненттеріне зақым келтіруді болдырмау мақсатында жұмыс ұзақтығын шектеу
көзделген. Берілген температурада белгілі бір жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін кіріктірілген
микротолқынды пеш автоматты түрде өшеді. Температура мəндері жəне максималды жұмыс
уақыты төмендегі кестеде келтірілген.
Температура диапазоны Максималды жұмыс уақыты
50–120 °C 24 сағ
121–200 °C 6 сағ
201–230 °C 4 сағ
Назар аударыңыз! Тамақ дайындау уақытын 0-ден 10 сағатқа дейін орнатуға болады.
Тамақ дайындау аяқталуы уақытын ағымдағы уақыттан 10 сағатқа кеш орнатуға болады.
Тамақ дайындау аяқталуы уақытын енгізгеннен кейін, бұл дисплейде ағымдағы уақыт емес,
дəл ол жанып шығатын болады (кіріктірілген микротолқынды пеш «Шаббат» режимінде болған
жағдайларды қоспағанда).
Бұрмалы үстелдің жұмысы
Бұрмалы үстел (A) бағдарламаны тоқтатпай жəне өнімдерді
қолмен айналдыру қажеттілігінсіз біркелкі тамақ дайындауды
қамтамасыз ету үшін айналады. Ол екі бағытта да айналады.
Бұрмалы үстелді тағамдарды дайындау үшін ыдыс-аяқ ретінде де
пайдалануға болады. Пайдаланғаннан кейін бұрмалы үстелді алу
үшін оны ойықтың негізінде көзделген қармағыштың аймақтарынан
ұстап көтіріңкіреңіз.
Егер бұрмалы үстел айналмаса, алдымен оның механизмінің
барлық бөліктері дұрыс күйде екеніне көз жеткізу керек. Ешқашан
бұрмалы үстелді қолмен бұруға тырыспаңыз.
Бұл жетек механизміне (B) зақым келтіруі жəне кепілдіктің күшінің
жойылуына əкелуі мүмкін.
Сондай-ақ, бағыттаушы дөңгелектерге (C) қандай да бір кедергілер
бар-жоғын тексеру қажет.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
A
B
C
X
Есікті бөлшектеу
Кіріктірілген микротолқынды пештің
камерасына оны тазалау үшін қол жеткізуді
жеңілдету үшін есікті шешіп тастауға болады.
Мұны істеу үшін ілмектің сақтандырғыш
ысырмаларын жоғары қарай еңкейтіңіз.
Есікті жабыңыз, көтеріңіз жəне өзіңізге қарай
тартыңыз. Есікті кіріктірілген микротолқынды
пешке қайта орнату үшін сол əрекеттерді
кері тəртіппен орындаңыз. Орнату кезінде
ілмек ойығының ілмек ұстағышының
шығыңқысында дұрыс орналасқанына көз
жеткізіңіз. Кіріктірілген микротолқынды пештің
есігін орнатқаннан кейін сақтандырғыш
ысырмаларды қайтадан абайлап түсіру керек.
Егер сақтандырғыш ысырмалар тиісті түрде
орнатылмаған болса, бұл есік жабылған кезде
ілмектің зақымдалуына əкелуі мүмкін.
Ілмектің сақтандырғыш ысырмаларының
көлбеуі
Есікті бөлшектеу
X
Ішкі шыны панельді бөлшектеу
Есіктің төменгі жағындағы бұрандаларды
бұрап алыңыз.
Содан кейін əйнекті шығарып алыңыз.
Тазалағаннан кейін əйнекті салыңыз жəне
бұрандаларды бұраңыз.
Кіріктірілген микротолқынды пеш сөрелері
бағыттағыштарының деңгейлері
Сөрелер мен қаңылтыр табаларды орнату
үшін 3 түрлі деңгейдегі бағыттағыштарды
пайдалануға болады (суретті қараңыз).
Бұл деңгейлер нұсқаулықтың соңында тамақ
дайындау кестелерінде көрсетілген.
Әрқашан деңгейлерді төменнен жоғары қарай
санаңыз.

Содержание

Похожие устройства