Galaxy Line GL6500 [25/42] Қысқыш табандықтарды ауыстырудың алдында машинаның электр

Galaxy Line GL6500 [25/42] Қысқыш табандықтарды ауыстырудың алдында машинаның электр
KAZ
25
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
істеп тұрған бұйымның жанында балалар мен жануарлардың болуына жол
бермеңіз.
4.6 Бұйымды осы нұсқаулықта аталғандардан басқа мақсаттар үшін
қолданбау керек. Бұйыммен жұмыс істеу, сақтау және күтім жасау осы
пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа қатаң сәйкес жүргізілуі керек.
4.7 Бұйымды егер жану немесе жарылыс қаупі бар болса, мәселен тез
тұтанатын сұйықтықтардың немесе газдардың жанында қолданбаңыз.
4.8 Егер ол қараусыз қалса және құрастырудың, бөлшектеудің немесе
тазалаудың алдында адаптерді әрдайым қуат беру желісінен ажыратып
отырыңыз. Адаптерді сонымен бірге кез келген ақаулықтар орын алған
жағдайда және жұмыс аяқталғаннан кейін де желіден ажыратып отыру
қажет.
4.9 Адаптердің қуат беру баусымының бүтіндігін қадағалап отыру қажет.
Бұйымды бүлінулер болған кезде қолдануға тыйым салынады.
4.10 Бұйымға қате қарау оның бұзылуына, қолданушыға немесе оның
мүлігіне зиян тигізуге әкеліп соқтыруы мүмкін.
4.11 Бұйымның жұмысы кезінде жерге тұйықталған заттарға жанаспаңыз
(мәселен, құбыржолдарға, жылыту радиаторларына, газ плиталарына,
тоңазытқышқа).
4.12 Инеге жіпті тағу / жіптерді, төменгі шарықты, инелерді, бөлшектерді
ауыстыру кезінде, сонымен бірге машинаны тазалау уақытында және
жұмыс аяқталғаннан кейін адаптерді желіден ажырату қажет және
ажыратқыш «0» («сөндірулі») күйінде тұруы керек.
4.13 Құралдың жұмысы кезінде инеге, жоғарғы жіптің керілуін реттеуішке,
сыру, тігіс немесе сермер түрін таңдау тұтқасына жанаспаңыз.
4.14 Желдеткіш саңылаулар жабық кезде ешқашан машинада жұмыс
істемеңіз. Машинаның желдеткіш саңылауларын және басқышты
тазалықта ұстаңыз, оларды өз уақытында шаңнан, ластанулардан, мата
қиындыларынан және түктерден тазалап отырыңыз.
4.15 Машинаның саңылауларына бөгде заттарды қоюға тыйым салынады.
4.16 Саусақтарды машинаның қозғалушы бөліктерінен алыс ұстаңыз.
Иненің жанында жұмыс істеу кезінде әсіресе сақ болыңыз.
4.17 Майысқан инелерді қолданбаңыз.
4.18 Тек түпнұсқалық ине тақташасын ғана қолданыңыз. Жарамайтын ине
тақташаларын қолдану иненің бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
4.19 Тігу кезінде матаны тартпаңыз және итермеңіз. Бұл иненің бұзылуына
әкеліп соқтыруы мүмкін.
4.20 Қысқыш табандықтарды ауыстырудың алдында машинаның электр
қуат беруін міндетті түрде ажыратыңыз. Егер машинаны іске қосулы күйде
қалдырсақ және басқышқа кездейсоқ бассақ, машина әрекетке кіріседі,
бұл жарақат алуға әкеліп соқтыруы мүмкін.
4.21 Аталған машина үшін арнайы арналған қысқыш табандықтарды ғана
қолданыңыз. Кез келген басқа қысқыш табандықтарды қолдану жазатайым
оқиғаға немесе жарақат алуға әкеліп соқтыруы мүмкін.
4.22 Желілік адаптер мен баусымның бүлінуі мен бұзылуларын
болдырмаңыз. Баусымға ауыр заттарды қоймаңыз, тартпаңыз, бүктемеңіз
және оны желілік адаптердің айналасына орамаңыз. Кері жағдайда жану
және электр тоғымен зақымдалу қаупі пайда болуы мүмкін.

Содержание

Похожие устройства

Скачать