Galaxy Line GL6501 [31/38] Тартуды реттеуішті тартуды күшейту үшін сағат тілі бойынша бұраңыз

Galaxy Line GL6501 [31/38] Тартуды реттеуішті тартуды күшейту үшін сағат тілі бойынша бұраңыз
KAZ
31
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
- Машинаның артқы бөлігіндегі тетіктің көмегімен табандықты ине
жүргізгіштің үстіне көтеріңіз.
- Тігу үшін матаны табандықтың астына орналастырыңыз. Табандық бұл
ретте жоғарғы күйде болуы керек. Жік сызығының Сізге бағытталғанына,
табандықпен қосылғанына және тура иненің астында орналасқанына көз
жеткізіңіз.
- Табандықты көтеруші тетікті төмен басып, табандықты түсіріңіз.
- Тігісті бекіту және бастау үшін сермерді сағат тілі бойынша екі толық
айналымда бұраңыз.
- Машинаның панеліндегі жылдамдық батырмасын басып, жылдамдықты
таңдаңыз. Тоқтауды және матаны бұруды талап етуші қиын жұмыстарды
орындау үшін төмен жылдамдықты қолданыңыз. Ұзын үздіксіз жіктер үшін
жоғары жылдамдықты қолданыңыз.
- Басқыға басыңыз (басқыны басу кезінде машина жұмыс істеуді бастайды,
егер басқыны босатсақ, машина жұмыс істеуін тоқтатады).
- Оны қос жақтан ептеп ұстай және тік тігісті сақтау үшін табандық
бағытына бере отырып, матаны абайлап жылжытыңыз.
- Жік сызығы аяқталған кезде машина жұмыс істеуін тоқтату үшін аяқты
басқыдан алыңыз. Мұқият болыңыз, келесі қадамдар кезінде жарақат алу
-
ды болдырмау үшін басқыға ешқандай сыртқы әсерлердің жоқтығына көз
жеткізіңіз.
- Сермерді аздап сағат тілі бойынша айналдыра отырып, инені матаның
үстіне көтеріңіз.
- Табандықты көтеруші тетіктің көмегімен табандықты көтеріңіз.
- Мата мен машинаның арасында шамамен 10 см жіп қалдыра отырып,
матаны өзіңізге тартыңыз.
- Табандыққа және өзіңізге бағытта платформада еркін жатушы артық жіпті
қалдыра отырып, жіпті матаға жақын кесіңіз.
- Келесі жік сызығын жоғарыда сипатталған қадамдарды орындай отырып,
сондай түрде бастаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Табандықты көтеруші тетікшені босата отырып,
жарақат алуға жол бермеу үшін табандықтың астына қолдарды немесе
саусақтарды қоймаңыз.
7.16 Жіптің тартылуын реттеу.
7.16.1 Тартуды реттеудің қажеттілігі жоқ. Максималды өнімділік үшін тарту
құралдың жасалуы кезінде реттелген.
Қажет болған кезде тартуды реттеуге болады:
- Жіпті реттеуішті тартуды әлісірету үшін сағат тіліне қарсы бұраңыз.
- Тартуды реттеуішті тартуды күшейту үшін сағат тілі бойынша бұраңыз.
Қалың матамен жұмыс жіптің тартылуын әлсіретуді талап етуі мүмкін, жұқа
матамен жұмыс тартылуды күшейтуді талап етуі мүмкін.
7.17 Инені ауыстыру.
7.17.1 Инені ауыстыру үшін келесі қадамдарды орындаңыз.
- Инені тірелгенше дейін көтеру үшін, сермерді сағат тілі бойынша бұраңыз.
- Оны сағат тіліне қарсы (өзіңізге) бұра отырып, инені ұстағыштың

Содержание

Похожие устройства

Скачать