Alteco CCMS 20-10 Li [5/24] Қолдану аясы және құрылманың сипаттамасы

Alteco CCMS 20-10 Li [5/24] Қолдану аясы және құрылманың сипаттамасы
KZ
alteco.hk 5
Электр қуатын беру
Құралдың зарядтау құрылғысы таңбалау тақтайшасында көрсетілген кернеуге
сәйкес келетін кернеуі бар желіге қосылуы тиіс. Төмен немесе жоғары кернеу
тогын қолдану зарядтау құрылғысының электрондық элементтерінің істен
шығуына әкелуі мүмкін. Ток түрі ауыспалы, бір фазалы.
Электр құралдарын тез жанатын сұйықтықтардың қасында, сондай-ақ газ
немесе жарылыс қаупі бар ортада қолдаңбаңыз.
Электр сымдары болуы мүмкін орындарда жұмыс істеу кезінде құралдың
металл бөліктері оқшауланбағанын ескеру қажет. Жасырын сымдарға зақым
келтірмеу үшін абай болу керек.
Электр құралын жаңбыр астында пайдалаңбаңыз.
Электр құралын ылғалдылығы жоғары үй-жайларда қолданбаңыз.
Жұмыс орнында жарықтың жақсы түсуін қамтамасыз етіңіз.
Әр нақты жұмыс үшін құралды дұрыс таңдаңыз. Жоғары қуатты кәсіби электр құралына
арналған жұмыстар үшін төмен қуатты тұрмыстық электр құралдарын пайдалануға тырыспаңыз.
Электр құралын ол арналмаған мақсаттарда пайдаланбаңыз.
Аккумуляторлы шағын ара ағаштар мен бұталарды кесуге, қол жетімділігі қиын
жерлерде өсетін бұтақтарды кесуге арналған. Сондай-ақ, сүректен жасалған
кішкене бұйымдарды аралау үшін қолданылады.
Қолдану аясы және
құрылманың сипаттамасы
1. Кездейсоқ қосылудан
құлыптау батырмасы
2. Ажыратқыш
3. Шынжыр қақпағының
тұтқасы
4. Шынжыр қақпағы
5. Шынжырдың қорғайтын
қаптамасы
6. Ара шынжыры
7. Резеңке тұтқасы
8. Аккумулятор
9. Бағыттаушы полотно

Содержание

Скачать