Centek CT-1750 Black Инструкция по эксплуатации онлайн [10/28] 810064

Centek CT-1750 Black Инструкция по эксплуатации онлайн [10/28] 810064
9
5. ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
5.1. ҚОСАР АЛДЫНДА
Тоңазытқышты электр желісіне орнатылғаннан кейін үш сағаттан соң қосу
керек. Осылайша салқындатқыш агент тасымалдағаннан кейін тиісті түрде та-
ралады - бұл тоңазытқыштың дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет. Тоңазытқышты
электр желісіне қосқаннан кейін бірнеше сағат өткен соң ғана оған өнімдерді
қоюға болады. Компрессор мен артқы қабырға арасындағы тасымалдауға
арналған кергіштерді, сондай-ақ бұйымның жылжымалы бөліктерін ығысудан
қорғайтын басқа кергіштер мен желімді таспаларды алып тастаңыз. Егер
бұйымның полимер қабықтан жасалған қорғаныш жабыны бар болса, оны
тетіктердің лак-бояу немесе полимер жабынын зақымдамау үшін сақтық ша-
раларын сақтай отырып, алып тастаңыз.
5.2. ЖҰМЫСТЫ БАСТАУ
Тоңазытқышты желіге қосқаннан кейін дисплейдің жарықшасы бірден жа-
нады, екі секунд бойы жанып тұрады.
Компрессор қосылады.
SMART функциясы іске қосылады және бірнеше секунд бойы тиісті инди-
катор жанып тұрады.
Дисплей жарықшасы сөнген кезде тоңазытқыш есігін ашыңыз немесе кез
келген батырманы басыңыз, сонда жарықша қайта жанады.
Тоңазытқыш есігін 30 минуттан кейін ашыңыз. Тоңазытқыш камера ішіндегі
температура төмендеуі керек. Бұл тоңазытқыш жүйесі жақсы жұмыс
істейтінін білдіреді.
индикаторы - жиілікті түрлендіру индикаторы. Қуат берілгенде
компрессордың жұмысы кезінде жанады.
Кез келген батырмалармен операцияларды батырмалар бұғатталмаған және
дисплейде жарықша жанып тұрғанда жүргізуге болады.
Тоңазытқыштың жұмыс режимін тоңазытқыш есігінің сыртында орналасқан
басқару панелінен таңдауға болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Тоңазытқыш камера үшін +2 °C температура салыстырмалы түрде төмен, ал +8
°C салыстырмалы түрде жоғары. Температура әдетте +4 °C шамасында орна-
тылады.
6. ФУНКЦИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
ТЕМПЕРАТУРАНЫ РЕТТЕУ
Тоңазытқыш камера температурасын реттеу:
температураны орнату үшін тоңазытқыш камерасының аймағын таңдауға
арналған «Аймақ/Зона» батырмасын басып, индикатор жыпылықтағанша
ұстап тұру керек. Содан кейін қажетті температураны орнату үшін «Тем-
пература» батырмасын басыңыз. Батырманы басқан сайын дисплейдегі
температура өзгереді. Температураны орнатқаннан кейін
ОК /
батырмасын
басыңыз немесе мәнін растау үшін 5 секунд күтіңіз. Температура орнығады.
Батырмаларды басқандағы температура циклы:
5 °С
6 °С 7 °С 8 °С OFF 2 °С 3 °С 4 °С 5 °С.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
OFF индикаторы тоңазытқыштың өшірулі тұрғанын білдіреді. Тоңазытқыш
OFF режимінде салқындатпайды. Бұл функцияны орнатпас бұрын, барлық
тағамдарды тоңазытқыштан алып тастаңыз.
Мұздатқыш камера температурасын реттеу:
температураны орнату үшін мұздатқыш камерасының аймағын таңдауға
арналған «Аймақ/Зона» батырмасын басып, индикатор жыпылықтағанша
ұстап тұру керек. Содан кейін қажетті температураны орнату үшін «Тем-
пература» батырмасын басыңыз. Батырманы басқан сайын дисплейдегі
температура өзгереді. Температураны орнатқаннан кейін
ОК /
батырмасын
басыңыз немесе мәнін растау үшін 5 секунд күтіңіз. Температура орнығады.
Батырмаларды басқандағы температура циклы:
-18 °С
-17 °С -16 °С -24 °С -23 °С -22 °С -21 °С -20 °С
-19 °С -18 °С.
«ЖЫЛДАМ САЛҚЫНДАТУ/БЫСТРОЕ ОХЛАЖДЕНИЕ» РЕЖИМІ
«Жылдам салқындату/Быстрое охлаждение» режимі іске қосылғаннан кейін
тоңазытқыш камерадағы температура дереу 2 °C-қа дейін төмендейді. Осы-
лайша өнімдер құнарлы заттарын жоғалтпай, бастапқы қалпында сақталады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
«Жылдам салқындату/Быстрое охлаждение» режимінде тоңазытқыш
камерасындағы температура реттелмейді.
Басқару тақтасындағы функцияны қосу үшін «Функциялар» батырмасын
басыңыз, дисплейде
индикаторы жыпылықтай бастайды. Әрекетті растау
үшін
ОК /
батырмасын басып, 15 секунд бойы ұстап тұрыңыз.
Жылдам салқындату режимінде дисплейде индикаторы
жыпылықтағанша «Функциялар» батырмасын басыңыз. Функцияны өшіру
үшін
ОК /
батырмасын басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: «Демалыс/Отпуск» немесе SMART функциялары іске қосылғанда
жылдам салқындату функциясы автоматты түрде өшіріледі.
БАСТАПҚЫ ҚАЛПЫН САҚТАУ ФУНКЦИЯСЫ
Тоңазытқыш қосулы тұрғанда бастапқы қалпын сақтау функциясы автоматты
түрде жүйелі негізде іске қосылады және 20 минут жұмыс істейді.
Бастапқы қалпын сақтау жүйесі иістерді жояды және CO
2
мен H
2
O негізіндегі
микроағзаларды ыдыратады. Сонымен қатар жүйе бактерияларды белсенді
түрде жою үшін бос радикалдарды бөліп шығарып, бұл қауіпсіз және таза
салқындату кеңістігін жасайды.
Функцияны қолмен қосу:
индикаторы жыпылықтағанша «Бастапқы қалпын сақтау/Сохранение
свежести» функциясын таңдау үшін «Функциялар» батырмасын басыңыз,
содан кейін растау үшін
ОК /
батырмасын 5 секунд басып тұрыңыз. Егер
ОК /
батырмасы 5 секунд ішінде басылмаса, бұл мән жойылады.
Функцияны өшіру:
функция қосылғаннан кейін 20 минуттан кейін автоматты түрде өшеді.
Функцияны қолмен өшіру:
индикаторы жыпылықтағанша «Бастапқы қалпын сақтау/Сохранение
свежести» функциясын таңдау үшін «Функциялар» батырмасын басыңыз,
содан кейін өшіруді растау үшін
ОК /
батырмасын басыңыз.
ЖЫЛДАМ МҰЗДАТУ/БЫСТРАЯ ЗАМОРОЗКА ФУНКЦИЯСЫ
Бұл функция өнімдерді тез мұздатуға арналған.
Жылдам мұздату функциясы қосулы кезде мұздатқыштың температурасы ав-
томатты түрде -32 °C деңгейіне орнатылады. 26 сағат жұмыстан кейін жылдам
мұздату функциясы автоматты түрде өшіріледі.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Жылдам мұздату режимінде мұздатқыш камерасындағы температура
реттелмейді.
Функцияны қосу:
индикаторы жыпылықтағанша «Жылдам мұздату/Быстрая заморозка»
режимін таңдау үшін «Функциялар» батырмасын басыңыз, содан кейін
растау үшін
ОК /
батырмасын 5 секунд бойы басып тұрыңыз. Егер
ОК /
батырмасы 5 секунд ішінде басылмаса, бұл мән жойылады.
Функцияны өшіру:
26 сағат жұмыстан кейін жылдам мұздату функциясы автоматты түрде
өшеді. Егер функцияны мерзімінен бұрын өшіргіңіз келсе, жылдам мұздату
режимінде
индикаторы жыпылықтағанша «Жылдам мұздату/Быстрая
заморозка» режимін таңдау үшін «Функциялар» батырмасын басып, содан
кейін растау үшін
ОК /
батырмасын басқанда жылдам мұздату функциясы
өшіріледі.
ЕСКЕРТПЕ: SMART функциясы қосылған кезде жылдам мұздату функциясы
автоматты түрде өшіріледі.
«ДЕМАЛЫС/ОТПУСК» ФУНКЦИЯСЫ
Бұл функцияны демалысқа немесе ұзақ іссапарға жиналған кезде пайдала-
нуды ұсынамыз. Ол электр энергиясын үнемді тұтынуды қамтамасыз етеді. Бұл
жағдайда тоңазытқышта жағымсыз иістер болмайды, ал мұздатқышта -14 °C
температурасы орнатылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
«Демалыс/Отпуск» функциясын іске қоспас бұрын, барлық тез бұзылатын
өнімдерді тоңазытқыш камерадан шығарып тастаңыз, ал мұздатқыш
камерадағы өнімдерді шығарудың қажеті жоқ. Бұл режимде тоңазытқыштағы
температура өзгермейді.

Содержание

Скачать