Centek CT-1750 Black Инструкция по эксплуатации онлайн [11/28] 810064

Centek CT-1750 Black Инструкция по эксплуатации онлайн [11/28] 810064
10
Функцияны қосу:
индикаторы жыпылықтағанша «Демалыс/Отпуск» функциясын таңдау
үшін «Функциялар» батырмасын басып, содан кейін растау үшін
ОК /
ба-
тырмасын 5 секунд басып тұрыңыз. Егер 5 секунд ішінде
ОК /
батырмасы
басылмаса, таңдалған мән жойылады.
Функцияны өшіру:
«Демалыс/Отпуск» функциясын таңдау үшін «Функциялар» батырмасын
индикаторы жыпылықтағанша басып, содан кейін растау үшін
ОК /
батырмасын 5 секунд басып тұрыңыз. «Демалыс/Отпуск» функциясы
өшіріледі.
ЕСКЕРТПЕ: SMART функциясы қосылған кезде «Демалыс/Отпуск» функциясы
автоматты түрде өшіріледі.
SMART ФУНКЦИЯСЫ
Smart функциясы қосылған кезде тоңазытқыш камераның температурасы
+4 °C, ал мұздатқыш камераның температурасы -18 °C деңгейінде болады. Осы-
лайша тоңазытқыш тиімдірек және жылдамырақ өнімділікпен жұмыс істеген
кезде өнімдер бастапқы қалпында және ұзағырақ сақталады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Бұл режимде тоңазытқыш және мұздатқыш камералардағы температура
реттелмейді.
Функцияны қосу:
индикаторы жыпылықтағанша Smart функциясын таңдау үшін «Функци-
ялар» батырмасын басыңыз, содан кейін растау үшін
ОК /
батырмасын 5
секунд басып тұрыңыз. Егер 5 секунд ішінде
ОК /
батырмасы басылмаса,
таңдалған мән жойылады.
Функцияны өшіру:
Smart функциясын таңдау үшін Smart режимінде «Функциялар» батырма-
сын
индикаторы жыпылықтағанша басып, содан кейін растау үшін
ОК /
батырмасын басыңыз. Smart функциясы өшіріледі.
ЕСКЕРТПЕ: «Жылдам мұздату/Быстрая заморозка» немесе «Демалыс/Отпуск»
функциялары қосулы кезде Smart функциясы автоматты түрде өшіріледі.
«БАЛАЛАРДАН БҰҒАТТАУ/ БЛОКИРОВКА ОТ ДЕТЕЙ» ФУНКЦИЯСЫ
Реттелген мәндері аяқ астынан жойылған кезде бұйым жұмысының
жаңсақтығына жол бермеу үшін дисплейді бұғаттау функциясы қолданылады.
Бұғаттау функциясы қосылған кезде, басқару панеліндегі батырмаларды
басқан кезде таңдалған температура мәндері мен орнатылған функциялар
өзгермейді.
Функцияны қолмен қосу /өшіру:
ОК /
батырмасын 3 секунд басып тұрғанда дисплейде индикаторы
жанады. Содан кейін «Балалардан бұғаттау/Блокировка от детей» функци-
ясынн қосуға/өшіруге болады.
АШЫҚ ЕСІК ДАБЫЛЫ/ СИГНАЛИЗАЦИЯ ОТКРЫТОЙ ДВЕРИ ФУНКЦИЯСЫ
Егер тоңазытқыштың есігі 3 минуттан астам уақыт ашық қалса, ашық есік да-
былы іске қосылады. Дыбыстық сигналды өшіру үшін кез-келген батырманы
басыңыз. Егер есік содан кейінгі 3 минут бойы жабылмайтын болса, дабыл
қайтадан іске қосылады. Дабыл есік жабылғанға дейін қосылып тұрады.
ҚУАТ ӨШКЕНДЕГІ ЕСТЕ САҚТАУ ФУНКЦИЯСЫ
Қуат істен шыққан және оны кейін қалпына келтірген жағдайда тоңазытқыш
қуат өшірілгенге дейін орнатылған жұмыс күйін сақтап тұрады.
ҚОСЫЛУДЫҢ КІДІРУ ФУНКЦИЯСЫ
Тоңазытқыш компрессорын қуат қысқа мерзімге үзілген жағдайда бүлінуден
қорғау үшін (яғни 5 минутқа жетпейтін уақытқа), компрессор қуат берілгеннен
кейін бірден іске қосылмайды.
ТЕМПЕРАТУРАНЫҢ ЖОҒАРЫЛАУ ДАБЫЛЫ ФУНКЦИЯСЫ (тек қуат өшірілгеннен
кейін)
Тоңазытқыш жүйесі қосылған кезде, егер мұздатқыш камераның температу-
расы -10 °C-тан жоғары болса, дисплейде мұздатқыш камераның цифрлары
жыпылықтай бастайды. Мұздатқыш камераның температурасы кез келген ба-
тырманы басқанда көрсетілуі мүмкін, кез келген батырманы қайта басқанда
немесе 10 секундтан кейін дисплей қалыпты күйіне келеді.
ҚАТЕ ТУРАЛЫ СИГНАЛ
Егер басқару панелінің дисплейінде E0, E1, E2, EH немесе EC символдары
көрсетілсе - бұл тоңазытқыштың дұрыс жұмыс істемей тұрғанын көрсетеді.
Бұл жағдайда төмендегі қате кодтарының кестесін қараңыз.
ЕРІТУ ЖҮЙЕСІН БЕЛСЕНДІРУ (NO FROST ФУНКЦИЯСЫ)
Басқару панелі бұғаттан шығарылғаннан кейін, еріту жүйесін іске қосу үшін
«Температура» мен «Функциялар» батырмаларын үш секундтан артық басып
тұрыңыз. Дисплейде FL символы пайда болған кезде, еріту күйін көрсету үшін
«Аймақ/ Зона» батырмасын басыңыз. Еріту жүйесі әдепкі мәні бойынша жұмыс
істейді, дисплейде «1» көрсетіледі. «Температура» батырмасын басқан кезде
жүйе өшеді, дисплейде «0» жанады.
СУ ДИСПЕНСЕРІН ПАЙДАЛАНУ (СТ-1749 МОДЕЛІ ҮШІН)
Тоңазытқышта су диспенсері орнатылған, ол тостағанды сумен толтыруды
жеңілдетеді және салқын суға бірден қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Су
диспенсерінде толтырып отыруды қажет ететін көлемі 2,5 литрлік бір су ыды-
сы болады. Су диспенсерін пайдалану үшін төменде келтірілген нұсқауларды
орындаңыз:
1. Су диспенсері резервуарының мықтап бекітілгеніне көз жеткізу үшін
тоңазытқыштың есігін ашыңыз.
2. Резервуардың су құйылатын аузының қақпағын ашыңыз, резервуар
толғанға дейін таза суды төгіп алмай, абайлап, асықпай толтырыңыз. Содан
кейін резервуардың су құйылатын аузының қақпағын жабыңыз.
3. Су резервуары толғаннан кейін термостатты ең төменгі немесе жылдам
салқындату режиміне қойыңыз, бір сағаттан кейін сізде ішетін су дайын
болады.
4. Су диспенсерін пайдаланған кезде су диспенсерінің түбіне біраз су тамшы-
лап, жиналуы мүмкін. Қажеттілікке қарай, оны шүберекпен сүртіп алыңыз.
5. Су құйылатын бактың қақпағында көрсетілген максималды толтыру
сызығынан асырмай толтыру қажет.
ЕСКЕРТПЕ:
судың тамшылағаны тоқтағанға дейін тостағанды алып тастамаңыз;
су науасына жиналып қалатын суды сүртіп алыңыз, сонымен қатар есіктің
бетінде пайда болатын су тамшыларын сүртіп алыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Орнатқаннан кейін тоңазытқыш жеткілікті дәрежеде салқындап, суды
салқындата алуы үшін 24 сағат күтіңіз.
АЛҒАШҚЫ ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА
Диспенсерден құйып алынған алғашқы 6 тостаған суды төгіп тастаңыз.
Олар шаң болуы және иісі жағымсыз болуы мүмкін.
Егер сіз су резервуарын түсіріп алған болсаңыз, тесіліп қалмағанына көз
жеткізіңіз.
Су резервуарына кез келген басқа сұйықтықты, кез келген сусындарды,
мысалы, шырын, кола, сыра және т.б. құймаңыз.
Резервуарға ыстық су құймаңыз (контейнер 50 °C-қа дейінгі температураға
төзе алады).

Содержание

Скачать