Centek CT-1957 Инструкция по эксплуатации онлайн [15/52] 810069

Centek CT-1957 Инструкция по эксплуатации онлайн [15/52] 810069
14
2. Кір жуғыш машинаның есігінің әйнегі жұмыс істеу кезінде қатты қызуы
мүмкін. Жұмыс істеу кезінде балалар мен үй жануарларының кір жуғыш
машинаның жанында болуына жол бермеңіз.
3. Жеткізу және ағызу құбыршектері бүлінбеуі үшін қауіпсіз орындарға орна-
тылуы тиіс. Әйтпесе, судың ағып кетуі мүмкін.
4. Кір жуатын машинада су болған кезде, ағызу сорғысының сүзгісін алып
тастауға жол берілмейді. Сұйықтықтың көп мөлшері ағып кетуі мүмкін, со-
нымен қатар ыстық сумен күйіп қалу қаупі бар.
ЖҰМЫС ІСТЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
1. Жанғыш, жарылғыш немесе улы еріткіштерді пайдалануға тыйым салына-
ды. Тазалау үшін бензин, алкоголь және т.б. пайдалануға тыйым салынады.
Кір жуғыш машиналарға жарамды жуғыш заттарды пайдаланыңыз.
2. Жуар алдында, киімнің қалталарын тексеріңіз. Монеталар, түймелер, шеге-
лер, бұрандалар, тастар және т.б. сияқты өткір және қатты заттар машина-
ны қатты бүлдіруі мүмкін.
3. Жуар алдында қалтаңыздан оттықтар, сіріңкелер және т.б. сияқты заттар-
ды алып тастаңыз.
4. Алдын ала қолмен жуылған киімдерді мұқият шайыңыз.
5. Күнбағыс майы, ацетон, алкоголь, бензин, керосин, дақ кетіргіштер, ски-
пидар, балауыз немесе балауыз кетіргіштер сияқты заттармен ластанған
киімдерді сығар алдында жоғары температурада жуғыш зат мөлшерін
көбейте отырып жуу керек.
6. Кір жуғыш машинада көбік резеңке немесе латекс бар заттарды сығу
ұсынылмайды: душқа арналған қалпақшалар, су өткізбейтін маталар,
резеңкеленген киімдер немесе көбік резеңке төсемдері бар киімдер
7. Мата жұмсартқыштар мен соған ұқсас құралдар шығарушылардың
нұсқауларына сәйкес қолданылуы керек.
8. Машинаның есігін мәжбүрлеп ашуға тыйым салынады. Есік жуу айналымы
аяқталғаннан соң біраз уақыттан кейін ашылады.
9. Есікті жабу кезінде артық күш салуға тыйым салынады. Есікті жабу қиын
болған жағдайда, киімнің дұрыс орналасуы мен машинаға салынуын
тексеріңіз.
10. Әр қолданғаннан кейін және техникалық қызмет көрсетуден бұрын кір
жуғыш машинаны желіден ажыратып, тығындау кранын жабыңыз.
11. Тазалау үшін кір жуғыш машинаның үстіне су төгуге тыйым салынады.
Электр тогының соғу қаупі бар!
12. Кір жуғыш машинаны жөндеуді қауіпті жағдайларды болдырмау
үшін шығарушының, оның сервистік қызметінің немесе өзге де білікті
мамандардың күшімен ғана жүргізуге рұқсат етіледі. Шығарушы
біліктіліксіз жөндеуден туындаған бұзылу үшін жауап бермейді.
ТАСЫМАЛДАУ
1. Тасымалдар алдында:
Білікті маманның күшімен көліктік бұрандаларды орнына орнату қажет.
Машинадан судың барлығын төгіп тастаңыз.
2. Кір жуғыш машинаның айтарлықтай салмағы бар. Тасымалдау кезінде абай
болыңыз. Кір жуғыш машинаны шығыңқы бөліктерінен көтеруге тыйым са-
лынады. Машинаның есігін қозғау кезінде тұтқа ретінде пайдалануға тый-
ым салынады.
МОНТАЖДАУ, САҚТАУ, ТАСУ АСЫМАЛДАУ), ӨТКІЗУ ЖӘНЕ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ
1. Кір жуғыш машина қандай да бір монтаждауды немесе тұрақты бекітуді
қажет етпейді.
2. Кір жуғыш машинаны сақтау дайындаушы мен тұтынушыда ауа тем-
пературасы 5 °С - тан 40 °С-қа дейін және ауаның салыстырмалы
ылғалдылығы 80 % - дан аспайтын жылытылатын үй-жайларда қаптамада
жүргізілуі тиіс. Үй-жайларда коррозияны тудыратын агрессивті қоспалар
(қышқылдар, сілтілер буы) болмауы тиіс.
3. Кір жуғыш машинаны дұрыс тасымалдауды қамтамасыз ету үшін келесі
талаптарды орындау қажет:
егер бар болса, кір жуғыш машинадан барлық ішкі керек - жарақтарды
алып тастаңыз және оларды бөлек ораңыз;
кір жуғыш машинаның жұмысқа қабілеттігі мен сыртқы түрін сақтау
үшін оның қаптамасының дұрыстығына көз жеткізіңіз (үлкен габаритті
жабдықты қауіпті жерлерде гофрленген картон төсемдері бар полиэтилен-
мен немесе көпіршікті үлдірмен орау керек);
көлік құралында оның қозғалу мүмкіндігін болдырмау үшін кір жуғыш ма-
шинаны белдіктермен мықтап бекітіңіз;
сыртқы ортаның әсерін толығымен жою үшін тек жабық көлікті
пайдаланыңыз;
тиеу-түсіру жұмыстарын орындау кезінде қаптаманы өте мұқият ұстауды
қамтамасыз етіңіз.
4. Кір жуғыш машинасы мұқият қарауды қажет етеді, оны шаң, кір, соққылар,
ылғал, от және т. б. әсерінен қорғаңыз.
5. Кір жуғыш машинасын сату жергілікті заңнамаға сәйкес жүргізілуі керек.
6. Өнімнің қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін оны қарапайым тұрмыстық
қоқыспен бірге тастауға болмайды. Оның орнына, ол федералды не-
месе жергілікті заңдарға сәйкес кейіннен қайта өңдеу және жою үшін
электр және электронды жабдықтарды тиісті қабылдау пунктіне кәдеге
жаратуға тапсырылады. Осы өнімді дұрыс кәдеге жаратуды қамтамасыз
ете отырып, сіз табиғи ресурстарды үнемдеуге көмектесесіз және дұрыс
пайдаланбаған жағдайда туындауы мүмкін қоршаған ортаға және
адамдардың денсаулығына зиян келтірмеуге көмектесесіз. Бұл өнімді
қабылдау және кәдеге жарату орындары туралы толығырақ ақпаратты
жергілікті муниципалды органдардан немесе тұрмыстық қоқыстарды
шығаратын кәсіпорыннан алуға болады.
7. Егер кір жуғыш машинаның ақаулығы анықталса, дереу авторланған
сервис орталығымен хабарласыңыз немесе кір жуғыш машинаны кәдеге
жарату керек.
Егер сіз құралды пайдалану үшін басқа тұлғаға тапсырғыңыз келсе, оны осы
нұсқаулықпен бірге жіберіңіз.
2. АСПАПТЫҢ СИПАТТАМАСЫ
1
4
2
5
7
3
6
8
9
1. Су құю құбыршегі
2. Жуғыш заттарға арналған бөлік
3. Есік
4. Жоғарғы қақпақ
5. Қуат беру кабелі
6. Басқару панелі
7. Барабан
8. Су төгу құбыршегі
9. Сүзгі

Содержание

Скачать