Centek CT-1958 Инструкция по эксплуатации онлайн [18/52] 810070

Centek CT-1958 Инструкция по эксплуатации онлайн [18/52] 810070
17
1. Құбыршек құрылғыға бір ұшымен бекітілген. Оны тартпаңыз немесе ішке
күшпен итеруге тырыспаңыз.
2. Екінші ұшын жуынатын бөлмеге, раковинаға тастауға немесе су бұру (кәріз)
құбырларына қосуға болады.
3. Құбыршектң ваннаға немесе раковинаға шығарған жағдайда – оны мықтап
бекітіңіз (мысалы, арнайы ванна ұстағышымен). Қатты қысымға байланысты
машинадан суды ағызу кезінде құбыршек еденге оңай түсіп кетуі мүмкін:
бұл жағдайда су басу орын алады.
4. Құбыршекті кәрізге қосқанда, оның ұшы су бұрғышқа тым терең енбейтініне
және суағарға кедергі келтірмейтініне көз жеткізіңіз. Егер құбыршек тым
ұзын болса, оны кесіңіз.
5. Кез-келген жағдайда, су төгілген кезде, су тоқтай алмайтын және тоқтаусыз
ағып кететін кезде, сифон әсерін болдырмаңыз. Ол үшін құбыршектің бір
бөлігі әрқашан еденнен 60 см-ден төмен емес деңгейге көтерілуі керек.
Сонымен қатар, су төгетін құбыршектің ұшын суға батырмау керек
(сондықтан құбыршекті су ағып кетуі мүмкін кәріз құбырлары деңгейінде
қосылуына жол бермеңіз).
суды ағызу
ЕСКЕРТПЕ: Егер су төгетін құбыршектің ұшы жуынатын бөлмедегі сияқты
раковинаға шығарылса, арнайы ұстағышты (кронштейн, қапсырма)
пайдаланыңыз, сондай-ақ ұстағышты шынжырмен немесе арқанмен мықтап
бекітіңіз.
ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕ ҚОСУ
1. Кір жуғыш машинаны 16А-де автоматты ажыратқышпен қорғалған жерге
тұйықталуы бар дұрыс орнатылған розеткаға қосу керек.
Кір жуғыш машинаны қосу үшін қауіпсіздікті арттыру мақсатында электр
тарату қалқанында жеке дифференциалданған автоматты ажыратқышпен
не автоматты ажыратқыш пен қорғаныш ажырату құрылғысының (ЖҚБ)
комбинациясымен қорғалған кір жуғыш машинаға арналған жеке тармаққа
(розеткаға) қосу ұсынылады.
Электр желісінде жергілікті ережелерге сәйкес орындалған жұмыс істейтін
жерге қосу болмаған жағдайда, шығарушы залалды өтеу бойынша барлық
жауапкершілікті өзінен алады.
2. Машина қосылатын электр розеткасы оның сол жағында немесе оң
жағында және 1 м шегінде көрінетін және қол жетімді жерде болуы керек.
Баусым қысылып қалатын, қозғалып кететін немесе оны басып кететін
жағдайға жол бермеңіз.
3. Электрмен қосу үшін бірнеше ұзартқышт немесе ұяшықтары розетка блок-
тарын пайдалануға тыйым салынады. Бұл өртті болдырмау үшін қуат
тізбегіндегі бос жанасуды, жанасу аймағының жеткіліксіздігімен жанасуды
және т.б. болдырмау үшін қажет. Сыртқы таймерді қолдануға болмайды.
4. Қуат беру баусымы бұзылған жағдайда, ауыстыруды сервис орталығының
білікті маманы ғана жасай алады.
5. КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ПАЙДАЛАНУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Кір жуар алдында кір жуу машинасының дұрыс орнатылғанына және біздің
нұсқауларға сай келетініне көз жеткізіңіз.
Құрылғы зауытта сапа бойынша қабылдаудан өтті, сол себепті ішінде су және
аздаған сынақтық пайдалану қалдықтары болуы мүмкін.
Бөтен иістерді кетіру және кір жуу машинасын алғашқы қолдану алдында та-
залап алу үшін ішіне киімдерді және жуғыш құралдарды салмай, 85 °С темпе-
ратурада «Гипоаллергенная стирка» (Гипоаллергенді кір жуу) бағдарламасын
қосу ұсынылады.
Егер осыдан кейін иіс толықтай кетпесе, уайымдамаңыз. Бұл - қатты қызған
кездегі жаңа пластик пен резеңке материалдардың иісі.
Тағы бір рет машинаны ең жоғары температурада кір салмай қосыңыз, не бол-
маса алғашқы екі-үш кір жуудан кейін иістің өз бетінше кетуін күтіңіз.
КІР ЖУАР АЛДЫНДА
MAX MAX
1. Электр желісіне қосыңыз.
2. Құю шлангысымен байланысқан шүмекті ашыңыз.
3. Жуатын киімдерді салыңыз.
4. Есігін мұқият жабыңыз.
5. Кір жуғыш құралды қосыңыз.
КІР ЖУУ
1. Машинаны қосу үшін «ВКЛ/ВЫКЛ» (Қосу/Өшіру) батырмасын басып тұрыңыз.
2. Содан кейін «Программы» (Бағдарламалар) батырмасының көмегімен
қажетті кір жуу бағдарламасын таңдаңыз.
3. Сіздің қалаған кезде кір жуу температурасын және сығу жылдамдығын
түзетуге мүмкіндігіңіз бар. Бұл ретте машинаға жүктелген киімдер түрін жуу
бойынша нұсқауларға назар аударыңыз.
4. Егер сізге қажет және бағдарламада қарастырылған болса, кір жуу ци-
клына кептіруді қосыңыз. Батырманы 3 секунд бойы басып тұру арқылы
кір жуу уақытын аяқтауды кейінге шегеруге болады. Басқа да қосымша
режимдерді және/немесе қызметтерді таңдаңыз.
5. Кір жууды бастау үшін «Старт/Пауза» (Бастау/Кідіріс) батырмасын басыңыз.
КІРДІ ЖУҒАННАН КЕЙІН
Кір жуып болғаннан кейін дисплейде «End» сөзі шығады. Есіктердің бұғаттан
ажыратылуын күтіңіз (сәйкес индикатор өшеді), оны ашыңыз және киімдерді
алыңыз.
Машинаны өшіріңіз. Су беру шүмегін жабыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: қалған ылғал машинадан бу күйінде шығып кетуі үшін есігін ашық
қалдыру ұсынылады.

Содержание

Скачать