Centek CT-1958 Инструкция по эксплуатации онлайн [19/52] 810070

Centek CT-1958 Инструкция по эксплуатации онлайн [19/52] 810070
18
5.1. КИІМДІ ЖУУҒА ДАЙЫНДАУ
Кір жуудың тиімді нәтижесіне қол жеткізу үшін, киімді сұрыптаңыз, содан кейін
оны күтім жасау нұсқаулығы көрсетілген биркасындағы белгілерге сәйкес
дайындаңыз.
СҰРЫПТАУ (сур. 2)
Кір жуудың жоғары тиімділігі үшін, кимідерді күтім жасау нұсқаулығына,
материалдар типіне және кір жууға ұсынылатын температураға сәйкес
сұрыптаңыз, оларды барабанның сәйкес айналу жылдамдығында жуыңыз.
Түрлі маталар түрлі температурада және айналымдарда жуылады.
Міндетті түрде қара киімдерді ашық және ақ заттардан бөлек қойыңыз.
Оларды бөлек жуыңыз, себебі бояулар мен түктердің араласуынан ақ және
түсті заттар түсін өзгертуі мүмкін. Мүмкіндігінше өте лас заттарды шамалы
ластанған заттармен бірге жумаңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Ластану (қатты, қарапайым, аз): заттарды ластануы бойынша сұрыптаңыз.
Қатты немесе қарапайым ластанған заттар үшін ұзағырақ және белсендірек
жууды пайдалаңыз. Электр энергиясын үнедеу үшін, аз ластанған киімді
төмен температурада жууға болады.
Түс (ақ, түсті маталар, қою түсті маталар): Ақ киімді түсті киімнен бөліп
алыңыз. Алдымен жаңа қою түсті киімді немесе түсті киімді жуыңыз.
Түк (түкті заттар, түк жинайтын заттар): түкті және түк жинайтын заттарды
бөлек жууыңыз.
Металл элементтері бар киім (мысалы, темір қалыптары бар бюстгальтерлер,
белдіктің айылбастары және металл ілгектер) машинаны бүлдіруі мүмкін.
Кір жуар алдында, металл бөлшектерді алып тастаңыз немесе киімді торлы
қапқа немесе жастық тысқа салыңыз. Сондай-ақ кроссовкалар сияқты
бұйымдар үшін торлы қапта жуу сол бұйымдардың өздерін қорғау үшін
қажет. Торлы қапта ұсақ заттарды жуу ыңғайлы (сур. 5).
КИІМДІ КҮТУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҒЫ БАР БИРКАНЫ ТЕКСЕРУ (сур. 1)
Белгілер матаның құрамын көрсету және жууға байланысты ұсынымдар үшін
пайдаланылады.
Белгі Жууға байланысты ұсынымдар / маталардың типтері
Қалыпты жуу / Мата, аралас маталар
Күнделікті / Синтетика, аралас маталар
Арнайы ұқыпты жуу / Нәзік маталар
Тек қолмен жуу / Жүн, жібек
Жууға болмайды
ЕСКЕРТПЕ: Белгілер астындағы сызықтар матаның типін және ең жоғары
рұқсат етілген механикалық жүктемені көрсетеді.
КІР ЖУҒЫШ МАШИНАҒА ЖҮКТЕР АЛДЫНДА КИІМДІ ТЕКСЕРУ
Үлкен және кішкентай заттарды бірге жуыңыз. Алдымен үлкен заттарды
салыңыз.
Үлкен заттар жартысынан аспауы керек. Заттарды бір-бірлеп жууға бол-
майды. Барабанға теңгерімсіз жүктеме болуы мүмкін. Бір-екі ұқсас нәрсені
қосыңыз.
Барлық қалталарды тексеріп, олардың бос екеніне көз жеткізіңіз. Шегелер,
шаш қыстырғыштары, сіріңке, қаламдар, монеталар мен кілттер сияқты зат-
тар машинаны да, киімді де бүлдіруі мүмкін. Басқа иімге ілініп қалмас үшін,
ысырмаларды жабыңыз, ілгектерді таңығыз, жіптерді байлаңыз (сур. 3).
Дақтарды жууды жеңілдету үшін, суға араластырылған жуғыш заттың аз
мөлшерін дақтың үстіне алдын ала жағыңыз (сур. 4).
Перделер (тұтас перделер) барабанға жазылған түрде орналастырылуы ке-
рек. Жуар алдында, олардан бекіткіштерін алып тастаңыз.
Ысырмаларды бекітіңіз, бос түймелерді тігіңіз, тесіктерді жамаңыз және
жыртықтарды тігіңіз.
Түсті және ақ кірді бірге жууға болмайды. Жаңа түсті киімнің бояуы көп
шығуы мүмкін. Оны бөлек жуыңыз (сур. 6).
Тек машинада жууға жарамды бояу немесе түсті қалпына келтіру
құралдарын және жуғыш заттарды ғана қолданыңыз. Қаптамадағы
нұсқауларды міндетті түрде орындаңыз.
Шалбар мен жұқа киімді ішкі жағына айналдырып жуыңыз. Машинаға сал-
мас бұрын ұн, әк, құрғақ сүт және т. б. қатты ластанған кірді шаю керек.
Уақыт өте келе мұндай ластанулар машинаның ішкі бөліктерінде жина-
луы және оның бүлінуінің себебі болуы мүмкін. Есіктің тығыздағышының
бүктемелерін тексеріңіз (сұр түсті) және барлық ұсақ заттарды алып
тастаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Киім кір жуғыш машинаның есігі мен
тығыздағышының арасында қысылып қалмағанына
көз жеткізіңіз, әйтпесе жуу процесінде ол бүлінуі
мүмкін.
Киімнің және есіктің тығыздағышының бүлінуінің
алдын алу үшін, есіктің тығыздағышының резеңкесінен барлық бөгде заттар-
ды алып тастаңыз.
МАШИНАДА ЖУУҒА АРНАЛМАҒАН КИІМДЕР
Галстуктар, көкірекшелер және т.б. машинада жуу нәтижесінде кішірейіп
кетуі мүмкін.
Бүктемелері мен бедерлері бар киімдер машинада жуу процесінде дефор-
мациялануы мүмкін.
Толығымен немесе ішінара теріден жасалған киім.
Әшекейлері бар киім.
Өндірушінің жуу шарттарына қойылатын талаптары сақталмаған
бұйымдарды жуудан аулақ болыңыз.
Ешбір жағдайда бензинмен, керосинмен, дизель отынымен, бояумен,
еріткішпен және спиртпен ластанған киімдерді жууға болмайды.
Кір жуғыш машинада су өткізбейтін материалдардан жасалған заттарды
жууға болмайды. Әйтпесе, машина судан толып, шайқалып төгілуі мүмкін
немесе шаю және кептіру кезінде шамадан тыс діріл туындауы ықтимал, бұл
заттарды зақымдауы мүмкін (мысалы, шаңғы костюмдері, плащ-сулықтар,
қолшатырлар, автомобиль қаптамалары, ақшатырлар, төсек қаптар және
т.б.). Ағызу кезінде су өткізбейтін өнімдерде жиналған су толығымен ақпауы
мүмкін және бір жерде жиналып қалады, бұл кір жуғыш машинаның қатты
теңгерімсіздігін және оның дірілін немесе жылжуын тудырады.
ОҢАЙ ҰЙЫСЫП ҚАЛАТЫН ЗАТТАР
Оңай ұйысып қалатын заттарды (мысалы, мамық) жуу алдында теріс айнал-
дыру керек. Мұндай заттарды бөлек жуған дұрыс, өйткені олар басқа заттар-
ды бүлдіруі және өздерін де бүлдіруі мүмкін. Сол себепті қара және түрлі-түсті
мақтадан жасалған заттарды бөлек жуған жөн.

Содержание

Скачать