Centek CT-1962 Инструкция по эксплуатации онлайн [20/52] 810074

Centek CT-1962 Инструкция по эксплуатации онлайн [20/52] 810074
19
ЕСКЕРТПЕ: Сұйық зат әрқашан жоспарланған бағдарламаны тікелей іске
қоспас бұрын қосылуы керек. Егер ол тым ерте құйылса немесе жууды кейінге
қалдырған жағдайда - ол машинаның ішінде қатып қалуы мүмкін.
Сұйық жуғыш заттың тиісті аққыш күйге ие екендігіне көз жеткізіңіз. Қажет
болса, оны сумен сұйылтыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жуғыш құрал «MAX» белгісінен асып кетпеуі тиіс.
Жуғыш зат өндірушінің нұсқауларына сәйкес қолданылады және матаның
түрін, түсін, ластану дәрежесін және жуу температурасын ескере отырып
таңдалады. Кір жуғыш машиналарда қолдануға арналған жуғыш заттарды
ғана пайдалану керек.
Егер көбік тым көп болса, жуғыш заттың мөлшерін азайтыңыз. Жуғыш
зат артық болған кезде тым көп көбік пайда болады, бұл жуу сапасын
төмендетеді және қозғалтқышты шамадан тыс жүктейді.
Жуғыш заттың мөлшері судың температурасына, судың кермектігіне, киімнің
мөлшері мен ластану деңгейіне байланысты болуы мүмкін.
5.3. БАСҚАРУ ТАҚТАСЫ
1
2
4
5 6 7 8 9 10 11
3
1. Іске «қосу/өшіру» батырмасы
2. Дисплей
3. SMART режимін іске қосу батырмасы
4. Кір жуу бағдарламаларын таңдауға және машинаны өшіруге арналған ай-
налмалы ажыратып-қосқыш
5. Кір жууды аяқтауды кейінге қалдыру уақытын таңдауға арналған батыр-
ма
6. Кір жуу кезінде су температурасын таңдау батырмасы
7. Сығу жылдамдығын таңдау (және 3 секунд бойы ұстап тұрған кезде бала-
лардан бұғаттау) батырмасы
8. Кептіру тәсілі және/немесе уақытын таңдауға арналған батырма
9. Бағдарлама соңында бумен өңдеу қызметін қосуға арналған батырма
(таңдалған қосымша режимдер және басқа қызметтерді есепке ала оты-
рып)
10. Кір жууды бастау немесе тоқтата тұруға арналған «Старт/Пауза» («Бастау/
Кідіріс») батырмасы
11. Кір жуу бағдарламасын белгілі бір ластануға бейімдеу үшін дақтар түрін
таңдау батырмасы
И
А Б ДГВ Е Ж З
А. «Блокировка от детей» («Балалардан бұғаттау») қызметінің іске қосылғанын
білдіретін индикатор
Б. Есікті бұғаттаудың іске қосылғанын білдіретін индикатор
В. Сандық индикатор
Г. Индикатор айналым саны көрінген кезде шығады
Д. Индикатор кір жуу температурасы көрінген кезде шығады
Е. Кір жуудың ағымдағы циклында кептіру қызметінің орындалуын білдіретін,
не болмаса іске қосылған кептіру режимінің индикаторы
Ж. Іске қосылған SMART режимінің индикаторы
З. «Отсрочка завершения» («Аяқтауды кейінге қалдыру») қызметінің іске
қосылғанын білдіретін индикатор
И. Кір жуу үшін таңдалған дақтың (ластанудың) болжалды сегіз түрінің бірін
көрсететін индикатор
6. БАҒДАРЛАМАЛАР МЕН ЖҰМЫС РЕЖИМДЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Бағдарламаның атауы Сипаттамасы
«Быстрая стирка» («Тез
жуу»)
Аздап ластанған аз ғана киімді 15 минут ішінде тез жуу
«Дезинфекция» («За-
рарсыздандыру»)
Зарарсыздандыруды қажет ететін киімдер үшін
«Холодная стирка»
(«Салқын сумен кір жуу»)
Жылы немесе ыстық судан бүлініп қалуы мүмкін
киімдерді салқын суда жуу
«Воздушная стирка»
(«Ауамен жуу»)
Дымқыл киімді ыстық ауамен жуу. Кептіру кезіндегідей
ыстық ауа ылғалданады және матаның құрылымына
терең еніп, оны тазалайды және жағымсыз иістерді жо-
яды. Суды және жуғыш құралдарды қолданусыз киімді
тазалап алу қажет болғанда қолданылады
«Сушка» («Кептіру»)
Кептіруге арналған бөлек бағдарлама (кептіру тәсілдерін
төмендегі «ҚОСЫМША РЕЖИМДЕР ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕР» та-
рауынан қараңыз). «Сушка» («Кептіру») бағдарламасын
орындар алдында сулы киімді «Отжим» («Сығу»)
бағдарламасының көмегімен сығып алу ұсынылады.
Бұл бағдарламаны табиғи немесе жасанды жылытқышы
бар заттарды (сырт киімдер, мамық жамылғы, син-
тепон күрте секілділер және т.б.) кептіру үшін бөлек
пайдалануға тыйым салынады
«Полоскание + Отжим»
(«Шаю + Сығу»)
Шайып, содан кейін сығуға арналған бөлек бағдарлама

Содержание

Скачать