Centek CT-1962 Инструкция по эксплуатации онлайн [22/52] 810074

Centek CT-1962 Инструкция по эксплуатации онлайн [22/52] 810074
21
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде қуат өшіп, содан кейін оны қайта
бастаған кезде кір жуғыш машина бағдарлама үзілген сәттен бастап жууды
жалғастырады.
6.1. ҚОСЫМША РЕЖИМДЕР МЕН ФУНКЦИЯЛАР
БАРАБАН ЖАРЫҚ
Құрылғы электр желісіне қосылғанда, есік ашық тұрғанда барабан ақ түспен
жанады. Бағдарламалар жұмыс істеп тұрған кезде (ерекшелік: «Кептіру» және
«Ауамен жуу»), артқы жарық көк түспен жанады.
КІР ЖУУДЫ АЯҚТАУ УАҚЫТЫН ТАҢДАУ
Қызмет кір жууды аяқтауды аралағы 1 сағат болатындай 3-тен 24 сағатқа
дейінгі уақытқа кейінге шегеруге мүмкіндік береді. Мысалы, егер сіз «Хлопок»
(«Мақта») бағдарламасын таңдасаңыз (қосымша қызметтерсіз бағдарлама 57
минутқа созылады) және кір жууды 10 сағаттан кейін аяқтауды таңдасаңыз,
онда кір жуу 9:03 сағатта басталады, ал 10 сағаттан кейін аяқталады.
Егер сіз кір жууды белгілі бір уақытта аяқтауды қаласаңыз (мысалы, үйге
қайтар кезде), не болмаса электр қуатына тиімді түнгі тариф үшін түнге
қалдыру үшін өте пайдалы.
Бұл қызметті іске қосу үшін кір жууды бастар алдында «Отсрочка завер-
шения» («Аяқтауды кейінге шегеру») батырмасын басып, аяқтауға қажетті
уақытты таңдаңыз. Дисплейде таймерді көрсететін сәйкес белгіше жанады.
Болдырмау үшін – айналмалы ажыратып-қосқышты ағымдағыға ұқсамайтын
кез келген басқа қалыпқа бұраңыз. Таймер түріндегі индикатор дисплейден
өшеді.
ЕСКЕРТПЕ: егер сіз бастауды кейінге шегеруді орнатып жатсаңыз сұйық
жуғыш құралды пайдаланбаңыз, оның қойылып кететін қасиеті бар және
бірден суда еріп кетпесе, машинаның ішк бөліктеріне жабысып қалуы мүмкін.
Ескертпе. Кейбір бағдарламалар үшін аяқтауды кейінге шегеру қолжетімсіз.
КІР ЖУУ КЕЗІНДЕ СУДЫҢ ТЕМПЕРАТУРАСЫН ТАҢДАУ
«Температура» Температура») батырмасын ретімен баса отырып, егер
бағдарламада қарастырылған болса, сіз алдыңғы панельде ұсынылған
нұсқалардың бірінен (20 – 40 – 60 80 – 85 °С) кір жуу температурасын таңдай
аласыз. Салқын суды таңдау үшін дисплейде «- белгісі шыққанға дейін
батырманы басыңыз.
СЫҒУ ЖЫЛДАМДЫҒЫН ТАҢДАУ
«Скорость» («Жылдамдық») батырмасын ретімен баса отырып, сіз алдыңғы
панельде ұсынылған нұсқалардың бірінен сығу кезінде минутына айналымның
қажетті санын таңдай аласыз (егер бұл бағдарламада қарастырылса), соның
ішінде және дисплейде «- белгісі шыққанға дейін батырманы басып,
ағымдағы цикл үшін сығуды өшіріп тастай аласыз.
Қолжетімді мәндер: 0 – 500 – 700 – 900 – 1200 – 1400 айн/мин.
Мұқият қарым-қатынасты талап ететін киімдер үшін (мысалы, жүннен
жасалған өнімдер, жұқа матадан тігілген киімдер, спорттық тыныс алатын
термокиімдер үшін) сығуды өшіріп тастаңыз.
Ескертпе. Айналым санын («-») таңдамай, «Отжим» («Сығу») бөлек
бағдарламасын қосу машинадан судың ағызылуын жүргізеді.
СУШКА (КЕПТІРУ)
Бұл кір жуу машинасы екі тәсілмен киімдерді кептіре алады:
қажетті уақытты автоматты түрдн анықтай отырып (Auto);
сіз таңдаған уақыттың ішінде.
«Сушка» («Кептіру») батырмасын ретімен баса отырып, сіз бірінші тәсілді
(Auto), не болмаса келесі кез келген кептіру аралығының бірін таңдай аласыз:
30 – 60 – 90 – 120 – 150 – 180 – 210 – 240 мин.
Кептіруді кір жуу бағдарламасына қосу үшін бағдарламаны таңдаңыз «Сушка»
(«Кептіру») бағдарламасынан басқа), ал содан кейін жоғарыда сипатталған
әрекеттерді орындаңыз.
Егер сіз кептіруді бөлек бағдарлама ретінде қолданғыңыз келсе алдымен
айналмалы ажыратып-қосқыштың көмегімен «Сушка» («Кептіру») бөлек
бағдарламасын таңдаңыз, ал содан кейін жоғарыда сипатталғандай кептіру
тәсілін анықтаңыз.
Табиғи немесе синтетикалық жылытқышы бар өнімдерді тек автоматты
тәсілмен (Auto) және «Сушка» («Кептіру») қызметін кір жуу бағдарламасына
қосу арқылы ғана және ешқашан ол үшін кептіруді бөлек бағдарлама ретінде
қолданбай кептіру қажет.
ЕСКЕРТПЕ: кептірудің автоматты тәсілі кезінде машина ең алдымен киімнің
салмағы бойынша уақытты есептейді, ал содан соң киім ылғалдылығының
ағымдағы деңгейіне байланысты кептіруді аяқтау уақытын түзетеді. Егер киім
тым дымқыл немесе тым көп болса – дисплейде ұзақ уақыт бойы «0:20» мәні
көрініп, көпке дейін кетпей тұруы мүмкін.
Синтетикадан, жүннен, нәзік, «тыныс алатын» және басқа да ерекше мата-
лардан тігілген кейбір өнімдерді сығу кезінде абай болыңыз, өйткені мұндай
киім отырып қалуы, жоғары температура кезінде түрінің өзгеріп кетуі немесе
басқаша зақымдалуы мүмкін. Киімді шығарушының ұсынымдарын тексеріңіз.
Кептіру уақытын таңдай отырып, күйдіріп алмау үшін оның машинаға жүктелген
көлемге және киімнің ылғалдық деңгейіне сай екеніне көз жеткізіңіз. Құнды
және қымбат заттарды мәңгілікке бүлдіріп алғаннан гөрі аздау уақыт орнатып,
ал кейін қажеттілігіне қарай қайта кептірген дұрыс.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Кептіру режимінде машинаға судың берілуі ашық болуы тиіс, өйткені су кептіру
технологиясында қолданылады.
ЕСКЕРТПЕ: «Сушка» («Кептіру») бағдарламасын бөлек пайдалану алдында
дымқыл киімді «Отжим» («Сығу») бағдарламасының көмегімен сығып алу
ұсынылады.
ПАР (БУ)
Қыртыстарды жазу (мысалы, кептіру кезінде пайда болған, киімдерді одан
кейін үтіктеу немесе жаңа өң беру үшін сіз киімді бумен өңдеу қызметін пай-
далана аласыз.
«Пар» («Бу») батырмасын басу (кір жуу бағдарламасын таңдағаннан кейін
және оны қосар алдында) бұл қызметті іске қосады: барлық режим мен
қызметті орындап болғаннан кейін кір жуу соңында сіздің киіміңіз ыстық
бумен өңделеді.
ПЯТНА (ДАҚТАР)
Бұл машина кір жууды жүзеге асыру технологиясын ластану түріне байланы-
сты бейімдей алады.
Мәселен, барабанның айналу қарқыны, айналу түрі, айналулар арасындағы
кідіру аралығы, судың температурасы барлығы сіз таңдаған ластану түрін
жууға сәйкес бейімделеді.
«Пятна» («Дақтар») батырмасын ретімен баса отырып, ластанудың 8 түрінің
бірін таңдаңыз, машина өз күшін оларды жоюға бағыттайды: тамақ май-
лары, шырындар, бояғыш заттар, қан, сүт, қызыл шарап, топырақ (балшық),
жапырақтар мен шөптердің іздері.
ОЧИСТКА БАРАБАНА (БАРАБАНДЫ ТАЗАЛАУ)
Кір жуу машинасының барабаны кір киіммен және жуғыш құралдармен
әрекеттеседі. Уақыт өте онда бактериялар және жуғыш құралдардың
қалдығы қалуы мүмкін. Кір жуу аяқталғаннан кейін де ұзақ уақыт бойы ма-
шина ішінде сақталатын жоғары ылғалдылық зеңнің және шіріген иістің пайда
болуына жол ашады.
Кір жуу машинасының қызмет ету уақытын ұзарту және барабанды таза
қалыпта ұстау үшін барабанды (соның ішінде резеңке төсемедегі қуыстарды)
әр кір жуғаннан кейін құрғатып сүртіңіз және «Очистка барабана» («Барабан-
ды тазалау») қызметін тұрақты пайдаланыңыз.
1. Қызметті қосар алдында барабанда ештеңе жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
2. Негізгі кір жууға арналған бөлікке автоматты кір жуу машиналарының бара-
бандарын тазалауға арналған арнайы құралды қосыңыз.
3. Осы бағдарламаны таңдаңыз және «Старт/Пауза» («Бастау/Кідіріс») батыр-
масын бсаыңыз. Тазалау 85 °С температурада жүргізіледі.
4. Бағдарламаның аяқталуын күтіңіз, машинаны өшіріңіз және барабанды
жұмсақ құрғақ матамен сүртіңіз.
ФУНКЦИЯ «БЛОКИРОВКА ОТ ДЕТЕЙ» («БАЛАЛАРДАН БҰҒАТТАУ» ҚЫЗМЕТІ)
Осы қызметтің арқасында сіздің балаларыңыздың және құрылғының
қауіпсіздігі бақылауда болады.

Содержание

Скачать