Centek CT-1965 [22/56] Қосымша режимдер мен функциялар құралдарды өздігінен мөлшерлеуі жууға арналған сұйық жуғыш заттың мөлшерін өздігінен реттеу мүмкіндігі 1 функцияны қосу қоректендіру батырмасын б...

Centek CT-1965 [22/56] Қосымша режимдер мен функциялар құралдарды өздігінен мөлшерлеуі жууға арналған сұйық жуғыш заттың мөлшерін өздігінен реттеу мүмкіндігі 1 функцияны қосу қоректендіру батырмасын басыңыз тиісті жуу бағдарламасын таңдаңыз содан кейін құралдарды өздігінен мөлшерлеу батырмасын басыңыз цифрлық дисплейде жуғыш заттың тиісті мөлшерлеу деңгейі көрсетіледі 2 жуғыш затты өздігінен мөлшерлеу көлемін орнату батырманы қайта басқан кезде мөлшерлеу саны 1 деңгейге артады баптаудың бес мәнін орнатуға болады au автоматты l1 төмен l2 орташа l3 жоғары off өшірулі 3 өздігінен мөлшерлеу функциясын қосқаннан кейін ішінде сұйық жуғыш зат болмаса индикатор қызыл түске боялып тоқтамай жанып тұрады сұйық жуғыш құралды уақытында қосып отырыңыз
21
ЖУУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ЖИЫНТЫҚ КЕСТЕСІ
Параметр
Ең жоғары
жүктеме (кг)
Жуғыш құрал
Әдеттегі қалып
бойынша сығу
кезіндегі
айналым саны
(айн/мин)
Сығу кезіндегі
айналымның таңдау
үшін қолжетімді
жылдамдықтары (айн/
мин)
Әдеттегі
қалып бой-
ынша темпе
ратура (°C)
Әдеттегі қалып бойынша
бағдарламаның ұзақтығы
(мин)
Бағдарлама Жуу Кептіру
1 - ұнтақ
2 - жууға арналған
гель
3 - арнайы құрал
конди-
ционер
автодозалау
арқылы
автодоза-
лаусыз
Аралас маталар 10 6 1/2
900 0-500-700-900-1200-1400 20 54 52
Тез жуу 1 1 1/2
700 0-500-700-900 - 15 15
Мақта 10 6 1/2
900 0-500-700-900-1200-1400 20 59 57
Жүн 1 - 3
500 0-500-700 - 52 50
Мамық сырт киім 2 2 3
700 0-500-700-900 40 105 103
Кептіру - 6 - - - - -
кірдің мөлшеріне
байланысты
Ауамен жуу 1 1 - - - - - - 30
Зарарсыздандыру 3 - 1/2
900 0-500-700-900-1200 80 145 143
Сығу 10 - - - 900 0-500-700-900-1200 - - 8
Барабанды тазалау
/ Кептіру арналарын
тазалау
- - - - 700 700 85 - 200
SMART 5 - 1/2
900 900
-
20
40
37 (1 кг)
52 (4 кг)
67 (4 кг)
35 (1 кг)
50 (4 кг)
65 (4 кг)
ЕСКЕРТПЕ:
Жуудың оңтайлы нәтижесіне қол жеткізу үшін барабанға салынған кірдің ең
жоғарғы салмағы бойынша ұсыныстарды орындаңыз.
Электр қуатын үнемдеу үшін, керісіншеден гөрі, төмен жуу температурасы
бар ұзақ бағдарламаға артықшылық берген дұрыс.
Бағдарламаның ұзақтығы жүктелген іш киімнің нақты салмағы мен сипат-
тамаларына, су құбырындағы судың температурасы мен кермектілігіне
және басқа параметрлерге байланысты өзгеруі мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде қуат өшіп, содан кейін оны қайта
бастаған кезде кір жуғыш машина бағдарлама үзілген сәттен бастап жууды
жалғастырады.
6.1. ҚОСЫМША РЕЖИМДЕР МЕН ФУНКЦИЯЛАР
ҚҰРАЛДАРДЫ ӨЗДІГІНЕН МӨЛШЕРЛЕУІ
Жууға арналған сұйық жуғыш заттың мөлшерін өздігінен реттеу мүмкіндігі.
1. Функцияны қосу: қоректендіру батырмасын басыңыз, тиісті жуу
бағдарламасын таңдаңыз, содан кейін құралдарды өздігінен мөлшерлеу
батырмасын басыңыз, цифрлық дисплейде жуғыш заттың тиісті мөлшерлеу
деңгейі көрсетіледі.
2. Жуғыш затты өздігінен мөлшерлеу көлемін орнату: батырманы қайта басқан
кезде мөлшерлеу саны 1 деңгейге артады. Баптаудың бес мәнін орнатуға
болады: AU (автоматты), L1 (төмен), L2 (орташа), L3 (жоғары), OFF (ӨШІРУЛІ).
3. Өздігінен мөлшерлеу функциясын қосқаннан кейін ішінде сұйық жуғыш зат
болмаса, индикатор қызыл түске боялып, тоқтамай жанып тұрады. Сұйық
жуғыш құралды уақытында қосып отырыңыз.
ТЕМПЕРАТУРАНЫ ТАҢДАУ
Ағымдағы цикл үшін судың температурасын өзгерту үшін «Температура» ба-
тырмасын басыңыз, бұл ретте цифрлық дисплейде температураның өзгерген
мәні көрсетіледі.
ШАЮ САНЫН ТАҢДАУ
Ағымдағы цикл үшін шаю санын өзгерту үшін «Шаю» батырмасын басыңыз, бұл
ретте цифрлық дисплейде шаю санының өзгерген мәні көрсетіледі.
СЫҒУ ЖЫЛДАМДЫҒЫН ТАҢДАУ
Ағымдағы цикл үшін сығу жылдамдығын өзгерту үшін «Жылдамдық» ба-
тырмасын басыңыз, бұл ретте цифрлық дисплейде сығу жылдамдығының
өзгерген мәні көрсетіледі.
БАЛАЛАРДАН БҰҒАТТАУ
Балалардан бұғаттау функциясын орнату балалардың кір жуу барысына
рұқсатсыз араласуына және дұрыс пайдаланбауына жол бермейтін болады.
1. Жұмыс кезінде балалардан бұғаттау функциясын орнату немесе күшін жою
үшін «Жылдамдық» батырмасын басып, 3 секунд бойы ұстап тұрыңыз.
2. Балалардан бұғаттау функциясын орнатқаннан кейін дисплейде индикатор
жанады, бұл ретте есік ашылмайды, басқару панелі құлыпталады, басқару
панеліндегі барлық батырмалар (қоректендіру батырмасынан басқа) қатып
қалады. Құралды қоректендіру батырмасын басу арқылы ғана өшіруге
болады. Бұйымды өшірген кезде балалардан бұғаттау функциясының күші
жойылады.
СПА
-
ЖУУ
Киім-кешекті барынша жақсылап жууға арналған «СПА жуу» функциясы бар.
Оған төрт кір жуу режимі кіреді:
Дыбыссыз режим: жуу уақыты сәл ұзарады, ал айналдыру бағдарламасы
төмен жылдамдықпен жұмыс істейді, шу деңгейі төмендейді. Режим түнде
немесе нәресте ұйықтап жатқанда жууға жарамды.
Бумен өңдеу: жуу процесінде бумен өңдеу функциясы қосылады. Бу
талшықтарға терең еніп, кірді бактериялардан, зеңнен және аллергендер-
ден тазартады, жағымсыз иістерді кетіреді. Бумен өңдеу матаны жұмсартады
және қыртыстарын жазады, сондықтан жуғаннан кейін, әсіресе жоғары
жылдамдықпен айналдырғаннан кейін киім қатты қыртысталмас үшін өте
пайдалы болып саналады.
Абайлап жуу: кір жуу процесіне кірді абайлап жууға арналған функ-
ция қосылады. Айналдыру жылдамдығы азаяды, осылайша киім аз
қыртысталады. Жібек, сәтен, жұқа синтетикалық және/немесе табиғи ма-
талардан жасалған киім-кешек үшін ұсынылады.
Түсін сақтау: киімнің түсі өңіп кетпес үшін және киіміңізге күтім жасау үшін
суық сумен жуу.
Сіз «СПА-жуу» батырмасының көмегімен төрт функцияның бірін таңдай ала-
сыз, бұл ретте тиісті индикатор жанып тұрады. Кейбір бағдарламаларда СПА-
жуу мүмкіндіктері шектеулі.

Содержание