Centek CT-1564 Black [7/20] Минуттың мәнін орнату үшін реттегішті бұраңыз минуттардың

Centek CT-1564 Black [7/20] Минуттың мәнін орнату үшін реттегішті бұраңыз минуттардың
7
24. Азық-түлік өнімдерін пластик немесе қағаз контейнерлерде
қыздырған кезде, өрт шығу қаупіне байланысты пешті қараусыз
қалдырмаңыз.
25. Микротолқынды пеш тамақ пен сусындарды жылытуға арналған.
Азық-түлікті немесе киімді кептіру және кілемшелерді, тәпішке
-
лерді, губкаларды, дымқыл киімді және соларға ұқсас заттарды
жылыту жарақатқа, тұтануға және өртке әкелуі мүмкін.
26. Түтін пайда болған кезде аспапты сөндіріңіз немесе қоректен-
діру көзінен ажыратыңыз және жалын ауа жетіспеушілігінен
сөніп қалуы үшін есікті ашпаңыз.
27. Сусындарды микротолқынды қыздыру кезінде кідірістен соң
бұрқылдап қайнауы мүмкін, осыған байланысты ыдысты
сақтықпен қолдану керек.
28. Балаларды тамақтандыруға арналған бөтелкелер мен балалар
тағамы құтыларының ішіндегіні мұқият араластырып, шайқап,
күйіп қалмас үшін, қолданар алдында өнімнің температурасын
тексеру қажет.
29. Қабығы алынбаған жұмыртқа мен ұзақ пісірілген тұтас жұмы-
ртқаны микротолқынды пеште қыздыруға болмайды, өйткені
микротолқынды жылыту аяқталғаннан кейін олар жарылуы
мүмкін.
30. Есік, камера тығыздағыштары мен оларға іргелес бөліктерді
үнемі тазалап тұрыңыз. Пештің жеткіліксіз тазалығы бетін бүл-
діруі және қауіпті жағдайға әкелуі мүмкін.
31. Пешті үнемі тазалап отыру керек, кез-келген тамақ қалдықтарын
алып тастау керек.
32. Пешті уақтылы тазаламау бетінің бүлінуіне, аспаптың қызмет
ету мерзімінің төмендеуіне әкелуі, сонымен қатар қауіп төндіруі
мүмкін.
33. Тасу (тасымалдау), сату-өткізу бойынша ерекше шарттар: жоқ.
34. Егер сіз құралды пайдалану үшін басқа тұлғаға тапсырғыңыз
келсе, оны осы нұсқаулықпен бірге жіберіңіз.
ЕСКЕРТУ! Егер есігі немесе есіктің тығыздағышы бүлінген болса, пешті
білікті маман жөндегенге дейін қосуға болмайды.
ЕСКЕРТУ! Білікті маманнан басқа кез-келген адамға микротолқынды
энергияның әсерінен қорғайтын қақпақты алып тастап, техникалық
қызмет көрсету немесе жөндеу жұмыстарын жүргізу қауіпті болып
табылады.
ЕСКЕРТУ! Сұйықтықтар мен басқа азық-түлік өнімдерін аузы бітеу
ыдыстарға құйып қыздыруға болмайды, өйткені жарылуы мүмкін.
2. АСПАПТЫҢ СИПАТТАМАСЫ
1. Есік ілгешектері
2. Қарауға арналған терезе
3. Бұрмалы сақина
4. Басқару панелі
5. Дисплей
6. Шыны түптабақ
3. ЖИЫНТЫҚТЫЛЫҒЫ
- Микротолқынды пеш - 1 дана
- Шыны табақ – 1 дана
- Бұрмалы сақина - 1 дана
- Пайдалану жөніндегі нұсқаулық - 1 дана
4. ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ
- Қаптамадан микротолқынды пешті шығарыңыз.
- Құралдың бүліну белгілерінің бар-жоғын тексеріңіз, пеш есігінің
жарамдылығына ерекше назар аударыңыз (бүлінген жағдайда
жақын жердегі сервис орталығына хабарласыңыз).
-
Микротолқынды пеш құрғақ, коррозиядан қорғалған үстел бетінде
орналасуы тиіс.
-
Пешті артқы жағынан қабырғаға дейінгі қашықтық кемінде 10
см, ал пештің бүйір қабырғасынан кемінде 20 см болатындай етіп
орнатыңыз. Пештің үстіндегі кеңістік кемінде 30 см болуы тиіс.
-
Пештің барлық жағынан желдету үшін ауаның келуі қамтамасыз
етілуі тиіс.
-
Кедергілер болмауы үшін пеш теледидардан, радио немесе антен-
надан кемінде 5 м қашықтықта орналасуы керек.
- Микротолқынды пешті кабинетке қоюға болмайды.
-
Пештің артқы бөлігін қабырғаға қарама-қарсы болатындай етіп
орнатыңыз.
БҰЙЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ
САҒАТТЫ ОРНАТУ
1. «Часы» («Сағат») батырмасын басқанда дисплейде «00:00» мәні
көрсетіледі.
2. Қажетті сағат санын орнату үшін реттегішті бұраңыз. Сағат 0-23
шегінде орнатылуы тиіс.
3. Растау үшін «Часы» («Сағат») батырмасын басыңыз.
4. Минуттың мәнін орнату үшін реттегішті бұраңыз. Минуттардың
мәні 0-59 шегінде болуы тиіс.
5. Растау үшін «Часы» («Сағат») батырмасын басыңыз. Уақыт ор-
натылды.
Ескертпе:
- Егер 4-ші қадамнан кейін уақыт бір минут ішінде расталмаса,
орнату мәндері жарамсыз болып саналады.
- Егер уақыт орнатылмаған болса, ол қуат көзі қосылған кезде
көрсетілмейді.
- Сағатты қалпына келтіру үшін 1-5 қадамдарды қайталаңыз.
ТАЙМЕРДІ ОРНАТУ
1. «Таймер» батырмасын басқанда дисплейде «00:00» мәні көр-
сетіледі.
2. Қажетті уақытты орнату үшін реттегішті бұраңыз. Уақыттың мак-
сималды мәні - «95:00».
3. Растау үшін «Старт/ +30 сек» («Бастау/ +30 сек») батырмасын
басыңыз. Таймер кері санауды бастайды.
Ескертпе: Таймер жұмыс істеп тұрған кезде қандай болмасын бағдар-
ламаны орнату мүмкін емес.
МИКРОТОЛҚЫНДЫ ПЕШТЕ ТАМАҚ ДАЙЫНДАУ
Қуат деңгейі 100 % 80 % 50 % 30 % 10 %
Дисплейдегі код P100 P80 P50 P30 P10
1. «Микроволновая печь» («Микротолқынды пеш») батырмасын
басқанда дисплейге «Р100» жазуы шығады.
2. Қуат деңгейін орнату үшін «Микроволновая печь» («Микротолқын-
ды пеш») батырмасын бірнеше рет басыңыз немесе реттегішті
бұраңыз.
3. Растау үшін «Старт/ +30 сек» («Бастау/ +30 сек») батырмасын
басыңыз.
4. Тамақ дайындау уақытын орнату үшін реттегішті бұраңыз. Уақыт-
тың максималды мәні - «95:00».
5. Пісіруді бастау үшін «Старт/ +30 сек» («Бастау/ +30 сек») баты-
рмасын басыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать