Centek CT-1564 Black [8/20] Реттегішті солға бұрған кезде уақыт 95 минуттан 0 минутқа дейін

Centek CT-1564 Black [8/20] Реттегішті солға бұрған кезде уақыт 95 минуттан 0 минутқа дейін
8
САЛМАҒЫНА ҚАРАЙ ЖІБІТУ
1. «Вес разморозки» («Жібіту салмағы») батырмасын бассаңыз,
дисплейде «dEF1» пайда болады.
2. Өнімнің салмағын орнату үшін реттегішті бұраңыз. Салмақ диа-
пазоны 100-2000 г құрайды.
3. Жібітуді бастау үшін «Старт/ +30 сек» («Бастау/ +30 сек») баты-
рмасын басыңыз.
УАҚЫТ БОЙЫНША ЖІБІТУ
1. «Время разморозки» («Жібіту уақыты») батырмасын бір рет
бассаңыз, экранда «dEF2» пайда болады.
2. Жібітудің қажетті уақытын орнату үшін реттегішті бұраңыз. Уақыт-
тың максималды мәні - «95:00».
3. Жібітуді бастау үшін «Старт/ +30 сек» («Бастау/ +30 сек») баты-
рмасын басыңыз.
Ескертпе:
- Жібіту қуаты P30 (30%) мәніне тең және оны өзгерту мүмкін емес.
- Жібіту кезінде өнімдерді аударып отыру қажеттілігін еске сала-
тын дыбыстық сигнал беріледі.
- Егер ешқандай әрекет жасамаңыз, тұмшапеш жұмысын жалға-
стырады.
КЕЗЕҢДЕРМЕН ПІСІРУ
Пісіру үшін көп болғанда 2 кезеңді орнатуға болады. Егер кезеңдер-
мен пісіру кезінде кезеңдердің бірі ретінде жібіту қажет болса, онда
жібіту автоматты түрде бірінші кезеңге қойылады.
Ескертпе:
Бұл режимде таймер және автоматты түрде пісіру жұмыс істей
алмайды.
Осы режимде пісіру уақытын ұлғайту үшін «Старт/ +30 сек» («Бастау/
+30 сек») батырмасын басуға болады.
Мысал: өнімді 5 минут жібіту және микротолқынды пештің 80% қуа-
тымен 7 минут пісіру үшін пісіру кезеңдері келесідей:
1. «Время разморозки» («Жібіту уақыты») батырмасын бір рет
бассаңыз, экранда «dEF2» пайда болады.
2. Жібіту уақытын 5 минутқа орнату үшін реттегішті бұраңыз.
3. «Микроволновая печь» («Микротолқынды пеш») батырмасын бір
рет бассаңыз, дисплейде «Р100» жазуы пайда болады.
4. P80 қуат деңгейін (80%) орнату үшін реттегішті бұраңыз, содан
кейін растау үшін «Старт/ +30 сек» («Бастау/ +30 сек») батыр-
масын басыңыз.
5. Жібіту уақытын 7 минутқа орнату үшін реттегішті бұраңыз.
6. Жібітуді бастау үшін «Старт/ +30 сек» («Бастау/ +30 сек») баты-
рмасын басыңыз.
ЖЫЛДАМ ПІСІРУ
1. Күту күйінде 30 секунд ішінде 100% қуат деңгейімен пісіруді
бастау үшін «Старт/ +30 сек» («Бастау/ +30 сек») батырмасын
басыңыз. Сол батырманы әр басқан сайын пісіру уақытын 30
секундқа арттыруға болады. Ең ұзақ пісіру уақыты 95 минут.
2. Күту режимінде пісіру уақытын 100 % қуатпен 95 минутқа орнату
үшін реттегішті солға бұраңыз, содан кейін қажетті уақытты орна-
ту үшін реттегішті бұраңыз. Солға бұрылған кезде уақыт азаяды,
оңға бұрылғанда ұлғаяды. Жібітуді бастау үшін «Старт/ +30 сек»
(«Бастау/ +30 сек»)
Ескертпе: Дисплейде «95:00» максималды уақыты орнатылған кезде,
реттегішті солға бұрған кезде уақыт 95 минуттан 0 минутқа дейін
азаяды; реттегішті оңға бұрған кезде уақыт 0 минуттан 95 минутқа
дейін артады.
БАЛАЛАРДАН БҰҒАТТАУ
Бұл функция балалар бұйымды кездейсоқ қоспауы үшін микро-
толқынды пешті бұғаттайды. Микротолқынды пеш электр желісіне
қосылып, күту режимінде тұрған кезде, әдепкі режим бойынша
бұғаттан шығарылған күйде болады.
Бұғаттау: күту күйінде «Стоп/Отмена» («Тоқтату/ Бас тарту») батыр-
масын 3 секунд ұстап тұрыңыз, сонда балалардан бұғаттау күйінің
қосылғанын білдіретін ұзақ дыбыстық сигнал естіледі және ди-
сплейде бұғаттау белгішесі пайда болады.
Бұғаттаудан шығару: бұғатталған күйде «Стоп/Отмена» («Тоқтату/
Бас тарту») батырмасын 3 секунд ұстап тұрыңыз, бұғаттан шыққанын
білдіретін дыбыстық сигнал естіледі.
СҰРАУ ФУНКЦИЯСЫ
-
Пісіру режимінде «Часы» («Сағат») батырмасын басыңыз, экранда
үш секунд ішінде сағат көрсетіледі.
-
Микротолқынды пеште тамақ пісіру режимінде қуат деңгейін білу
үшін «Микроволновая печь» («Микротолқынды пеш») батырмасын
басыңыз. Ол үш секунд бойы көрсетілетін болады.
-
Кезеңдермен пісіру режимінде сұрауды жоғарыда сипатталған
тәсілмен орындауға болады.
АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ПІСІРУ
Микротолқынды пеште 8 автоматты бағдарлама қарастырылған.
1. «Меню» («Мәзір») батырмасын бір рет бассаңыз, дисплейде «А-
жазуы пайда болады.
2. Өзіңізге қажетті мәзірді таңдау үшін «Меню» («Мәзір») батыр-
масын бірнеше рет басыңыз немесе реттегішті бұраңыз.
3. Растау үшін «Старт/ +30 сек» («Бастау/ +30 сек») батырмасын
басыңыз.
4. Өнімнің салмағын орнату үшін реттегішті бұраңыз.
5. Пісіруді бастау үшін «Старт/ +30 сек» («Бастау/ +30 сек») баты-
рмасын басыңыз.
КОД Тағам/ Режим Қуат
A1 Автоқыздыру (200 г, 400 г) P100
A2 Ет (250 г, 350 г, 450 г) P80
A3 Көкөніс (200 г, 300 г, 400 г) P100
A4 Спагетти (450 г салқын суға 50 г/
800 г салқын суға 100 г)
P80
A5 Картоп (1 дана - 230 г), (2 дана), (3 дана) P100
A6 Балық (250 г, 350 г, 450 г) P80
A7 Сусын (1, 2, 3 тостаған) P100
A8 Попкорн (50 г, 100 г) P100
5. ҚҰРЫЛҒЫНЫ КҮТУ
- Электрмен қоректендіру бауын желіден ажыратыңыз.
-
Микротолқынды пешті үнемі жуып, тамақ қалдықтарын, майды
және басқа да ласты алып тастаңыз.
-
Есіктің, корпустың, шынының бетінен және пештің ішкі бетінен ла-
сты жою үшін тек жұмсақ абразивті емес жуу құралдарын, губканы
немесе жұмсақ матаны пайдаланыңыз. Қатты губкалар мен металл
тікендері бар щеткаларды пайдаланбаңыз. Олар аспаптың бетін
сызып тастауы мүмкін. Бұл шартты орындамау аспапты пайдалану
мерзімін қысқартуға әкеп соғуы мүмкін.
- Толқын өткізгіштің жапқышын шешіп алмаңыз.
6. ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР
- Көлемі: 23 л
- Номиналды кернеуі: 220-240 В ~50 Гц
- Кіріс қуаты: 1250 Вт
- Пеш қуаты: 800 Вт
-
Микротолқынды сәулелену жиілігі: 2450 МГц
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сақ болыңыз: құрылғыны пайдалану кезінде қол
жетімді беттердің температурасы жоғары болуы мүмкін.

Содержание

Похожие устройства

Скачать