Bosch GDS 18V-1050 H 06019J8522 [171/277] Пайдалану нұсқаулары

Bosch GDS 18V-1050 H 06019J8522 [171/277] Пайдалану нұсқаулары
Қазақ | 171
Пайдалану нұсқаулары
u Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары
сырғып кетуі мүмкін.
u Кіріктірілген Bluetooth
®
Low Energy Module GCY 30-4
(керек-жарақ) модулі бар электр құралы радио
интерфейспен жабдықталған. Жергілікті
пайдалану шектеулерін, мысалы, ұшақтарда
немесе емханаларда ескеріңіз.
Айналу моменті қағу ұзақтығына байланысты болады.
Максималды мақсатты айналу моменті барлық соққылар
арқылы жеткен айналу моменттерінің қосындысынан
шығады. Максималды айналу моментіне 6–10 секундтық
қағу ұзақтығынан кейін қол жеткізіледі. Осы уақыттан
кейін тарту моменті минималды шамаға ғана көтеріледі.
Қағу ұзақтығын әрбір талап етілген тарту моменті үшін
есептеу керек. Дәл жеткен тарту моментін әрдайым
динамометрлік кілтпен тексеріңіз.
Қатты, иілгіш немесе жұмсақ тіректі бұрандалы
қосылымдар
Сынау кезінде бір қағу әрекетінде қол жеткізілген айналу
моменттері өлшеніп, диаграммаға көшірілсе, айналу
моменті процесінің қисық сызығы пайда болады. Қисық
сызық биіктігі максималды қол жеткізілетін айналу
моментіне сай келеді, құламалығы қол жеткізілетін
уақытты көрсетеді.
Айналу моментінің процесі төмендегі факторларға
байланысты болады:
Бұрандалар/гайкалардың қаттылығы
Тіректің түрі (шеңбер, дискілік серіппе, тығыздауыш)
Бұралатын материал қаттылығы
Бұрандалы қоспаның майланғаны
Сәйкесінше төмендегі пайдалану жағдайлары пайда
болады:
Қатты тірек металдан металға біріктірген кезде астына
салатын шайбаларды пайдаланғанда пайда болады.
Қысқа қағу уақытынан соң максималды айналу
моментіне қол жеткізіледі (құламалы сипаттамалы
сызық). Керек болмаған ұзақ қағу уақыты машинаға
зиян тигізеді.
Иілгіш тірек металдан металға біріктірген кезде, бірақ
серіппелі сақиналарды, дискілік серіппелерді, тіректі
болттарды немесе конустық тіректі бұрандаларды/
гайкаларды және ұзартқыштарды пайдаланған кезде
пайда болады.
Жұмсақ тірек металды ағашқа біріктірген кезде
немесе тірек ретінде қорғасын немесе талшықты
шеңберлерді пайдаланған кезде пайда болады.
Иілгіш немесе жұмсақ тіректе максималды тарту моменті
қатты тіректен төмен болады. Сонымен қатар ұзақ қағу
уақыты талап етіледі.
Бұрандалардың максималды тарту моменттері үшін мақсатты мәндер
Деректер Нм бойынша берілген, керілген көлденең қимадан есептелген; аққыштық шегінің қолданылуы 90% (үйкелу
коэффициенті µ
жал
=0,12). Бақылау үшін тарту моментін әрдайым динамометрлік кілтпен тексеру қажет.
DIN 267 бойынша
қаттылық
кластары
Стандартты бұрандалар Берік бұрандалар
3.6 4.6 5.6 4.8 6.6 5.8 6.8 6.9 8.8 10.9 12.9
M10 13 17.5 22 23 26 29 35 39 47 65 78
M12 22.6 30 37.6 40 45 50 60 67 80 113 135
M14 36 48 60 65 72 79 95 107 130 180 215
M16 55 73 92 98 110 122 147 165 196 275 330
M18 75 101 126 135 151 168 202 227 270 380 450
M20 107 143 178 190 214 238 286 320 385 540 635
M22 145 190 240 255 290 320 385 430 510 715 855
M24 185 245 310 325 370 410 490 455 650 910 1100
Кеңестер
Үлкен шуруптарды қатты материалдарға бұрап бекіту
алдында шуруптардың ұзындығының шамамен 2/3 ішкі
ирек ойма диаметріне сәйкес келетін диаметрі бар тесікті
алдын ала бұрғылау керек.
Ескертпе: электр құралына кішкентай металл
бөлшектердің кіріп кетуіне жол бермеңіз.
Электр құралмен ұзақ жұмыс істегеннен кейін салқындату
үшін 3 минутқа ең жоғары айналымдар санына қосу
керек.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек – 20° - 50°C температура ауқымында
сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Сым қысқышы
Сым қысқышының(4) көмегімен электр құралын,
мысалы, сатыға іліп қоюға болады.
Bosch Power Tools 1 609 92A 5N5 | (06.08.2020)

Содержание

Похожие устройства

Скачать