Haier HW-FS1050TXVE [56/78] Жұмыс режимдері

Haier HW-FS1050TXVE [56/78] Жұмыс режимдері
16
Жұмыс режимдері
Басқару түймелерін бұғаттау режимі
(балалардан қорғау режимі)
Кіржуғыш машина мен оның жұмысын балалардың
кездейсоқ араласуынан қорғау үшін, Е түймесі (Бастауды
кідірту режимінің түймесі) мен В түймесін (Бастау/Кідірту
түймесі) 3 секунд бойы басып ұстап тұрыңыз, осы кезде
дисплейде сәйкес пиктограмма көрінеді. Балалардан
қорғау функциясын өшіру үшін Е және В түймелерін
қайтадан бірге басыңыз.
Су ағызуды бұғаттау режимі
Су ағызуды бұғаттау түймешігін басқанда режим
индикаторы жанады, кіржуғыш машина шаюдың соңғы
циклін орындап, кірді сулап жібіту процесін бастайды,
су бұл кезде ақпайды. Егер С түймешігін қайта басса,
бұл режим өшіп, индикаторы да сөнеді, бірақ егер
бағдарлама кірге кондиционер қолдану кезеңінде болса,
онда су ақпайды және кір жібуде болады. Егер кірді сығу
керек болса, онда тағы бір рет С түймешігін немесе В
(Бастау/Кідіріс) түймешігін басыңыз, режим индикаторы
жыпылықтауын тоқтатады да, кіржуғыш машина жұмысын
жалғастырады.
Бұл режим Бастауды кідірту режимі қосулы болғанда
жұмыс істемейді. Жуудың кей бағдарламаларын
таңдағанда су ағызуды бұғаттау режимін қосу мүмкін емес,
толығырақ ақпаратты «Жуу бағдарламаларын таңдау
жөніндегі нұсқаулықтан» қараңыз.

Содержание