Haier HW-FS1050TXVE [57/78] Жұмыс режимдері

Haier HW-FS1050TXVEME [57/78] Жұмыс режимдері
17
Жұмыс режимдері
Алдын ала жуу режимі
Қатты кірлеген заттарды жуу қажет болса, «Алдын ала
жуу» режимін пайдаланыңыз. Бұл режим D түймесін
басу арқылы қосылады және онымен бірге сәйкес
индикатор жанады. Жуу бағдарламасы басталғаннан
кейін, бірінші, алдын ала жуу басталады, осы кезде алдын
ала жуу белгісі жыпылықтап жанып тұрады. Алдын
ала жуу аяқталғаннан кейін ақпараттық дисплейдегі
белгі жоғалады. Кей бағдарламалар орындалғанда бұл
режимді пайдалану мүмкін емес, толығырақ ақпаратты
«Жуу бағдарламаларын таңдау жөніндегі нұсқаулықтан»
қараңыз.
Бастауды кідірту режимі
Жууды бастауды белгісіз уақытқа кейінге қалдыру қажет
болған жағдайда, бұны E түймешігін басу арқылы орындай
аласыз. Кідіріс диапазоны 30 минуттан 24 сағатқа дейінгі
уақытты қамтуы мүмкін.
Түймешік көмегімен жуу бағдарламасының басталуын
кідіртуге қажетті сағат мөлшерін белгілесеңіз,
сәйкес индикатор жанады. Бастауды кідірту уақыты
белгіленгеннен кейін, уақыт санауын бастау үшін «Бастау/
Кідіріс» түймешігін (В түймешігі) басыңыз, кідіріс уақыты
негізгі дисплейде бейнеленіп тұрады.
Сіз таңдаған кідіріс уақытына, сонымен қатар, жуудың
толық аяқталуына дейінгі уақыт та кіреді. Егер белгіленген
уақыт жуу бағдарламасының аяқталуына дейінгі уақыттан
кем болса, бағдарлама кідіріс уақытын сақтамайды,
бірден жууға кіріседі. Бастауды кідірту режимін су ағызуды
бұғаттау режимі қосулы кезде қолдануға болмайды.

Содержание