Haier HW-FS1050TXVE [61/78] Жұмыс режимдері

Haier HW-FS1050TXVE [61/78] Жұмыс режимдері
21
Жұмыс режимдері
Сығу жылдамдығын таңдау («Сығу
жылдамдығы» түймешігі)
Бұл түйме барабанның сығу барысындағы сізге қажетті
айналу жылдамдығын орнатуға мүмкіндік береді. Сығу
жылдамдығын таңдайтын К түймесін басып, қажетті сығу
жылдамдығын таңдаңыз, негізгі дисплейде оның мөлшері
көрсетіледі. Әр жуу бағдарламасы үшін максималды
мүмкін сығу жылдамдығы әр түрлі болуы ықтимал.
Сығу уақытын таңдау («Сығу» түймешігі)
L түймешігі арқылы сығу уақытын өзгертуге болады, сығу
уақыты барабанның айналу жылдамдығына байланысты
өзгеретінін ескеру қажет. Түймешік нольдік деңгейден
бастап басылады (сығу жоқ) да, таңдалған бағдарлама
үшін сығу уақытының максималды мүмкін мәнімен
аяқталады, түймешікті басқан сайын мән бір минутқа
артады. Егер сығу уақытының мәні белгіленбесе, жуу
басталмайды.
Сығу уақытын жуудың барлық циклдерін өту барысында
азайтуға болады.

Содержание