Philips HR 1659 [66/168] Қазақша

- Егер құрал зақымдалса, оны міндетті түрде түпнұсқа түрімен алмастырыңыз, әйтпесе
кепілдік жарамсыз болады.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану
нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі, сезімталдығы төмен, сондай-ақ
білімі мен тәжірибесі аз адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
- Балалардың бұл құралды қадағалаусыз пайдалануына жол бермеңіз.
- Құралды қадағалаусыз қосып қоюға болмайды.
- Ыстық азық-түліктермен жұмыс істегенде, шашырауынан сақ болыңыз.
- Блендер істеп тұрғанда, азық салатын түтікке азықты саусақпен немесе басқа затпен
(мысалы, күрекшемен) тығындамаңыз. Бұл үшін тығындағышты қолданыңыз.
- Ешқандай қосалқы құралдардың қысқа толқынды пеште қолдануға болмайды.
- Пышақтарын және екі жақты кесу/тілімдеп турау дискісін
пайдаланғанда немесе тазалағанда абай болыңыз. Оның жүздері өте өткір болады. Оларды
тазалағанда және ұсақтағыш тостағаны мен тамақ шайқау/турау ыдысын босатқанда өте
абай болыңыз.
- Егер пышақ тұрып қалса, пышақтарға тұрып қалған азықтарды шығармас бұрын алдымен
құралды розеткадан ажыратыңыз.

- Құралды жинау, бөлшектеу, сақтау және тазалау алдында, оны өшіріп, розеткадан
ажыратыңыз.
- Philips арнайы ұсынбаған немесе Philips компаниясынан басқа өндірушілер шығарған
қосалқы құралдарды немесе бөлшектерді қолдануға болмайды. Қолданған жағдайда, өнімнің
кепілдігі өз күшін жояды.
- Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған. Құрал дұрыс пайдаланылмаған немесе кәсіби не
жартылай кәсіби мақсатта қолданылған болса, сондай-ақ, нұсқаулықта көрсетілгендей
қолданбаса, кепілдік жарамсыз болады және Philips компаниясы ешбір зақымға жауапты
болмайды.
- Моторды ыстық көзінен, оттан, ылғалдан және шаңнан аулақ ұстаңыз.
- Температурасы 80 °C/175 °F жоғары азықтарды стаканға, ұсақтағыш тостағанына немесе
тамақ шайқау/турау ыдысына салмаңыз.
- Кестеде көрсетілген мөлшер мен дайындау уақытынан асырмаңыз.
- Ұсақтағыш тостағаны мен тамақ шайқау/турау ыдысына салынатын азықты ең жоғары
деңгей белгісінен асырмаңыз.
- Тиісті қосалқы құралдардың «мөлшер мен дайындау уақыты» кестелерінде тізімделген
азықтарды ғана дайындаңыз. Тоңазытылған азықтарды немесе қабығы қатты немесе сүйегі
бар жемістерді салмаңыз.
- Ұстағышы ыси бастағанын байқасаңыз (температурасы 50°C/122°F көтеріле бастаса),
құралды токтан ажыратып, кемінде 60 минут суытып алыңыз.
- Шу деңгейі: Lc= 79 дБ (A).

Ас үй құралдарының қосалқы құралында кірістірілген қорғау жүйесі бар. Бұл қорғау жүйесі құрал
дұрыс жиналған жағдайда ғана оны қосуға мүмкіндік береді. Дұрыс жинау үшін «Құралды
пайдалану» тарауындағы «Илеу құралы», «Екі жақты кесу/тілімдеп турау дискісі» және
«Текшелеп турағыш» бөлімдерін оқыңыз.

Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес
келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми
дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз болып табылады.
66

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения