Panasonic kx-nt511arub [38/68] Өз қауіпсіздігіңіз үшін

Panasonic kx-nt511arub [38/68] Өз қауіпсіздігіңіз үшін
Өз қауіпсіздігіңіз үшін
Жарақат алу, өмірден айырылу, электрлік есеңгіреу, өрт тудыру жəне жабдықтың
немесе меншіктің зақымдалуын болдырмау үшін төмендегі сақтық шараларын
сақтаңыз.
Ауыр жарақат алуға немесе өлімге əкелетін қауіпті
білдіреді.
Жалпы қауіпсіздік
R Бұл құрылғыны бөлшектемеңіз. Қауіпті электр тогына себеп болуы
мүмкін. Құрылғыны тек білікті қызмет көрсететін маман бөлшектеуі
немесе жөндеуі тиіс.
R Құрылғының тесіктеріне немесе басқа саңылауларына сымдар,
түйреуіштер, т.б. заттарды салмаңыз.
R Өрт шығуына немесе электрлік есеңгіреуге жол бермеу үшін осы өнімді
жаңбыр астында немесе ылғал жерде қалдырмаңыз.
R Айнымалы ток адаптеріне немесе қуат сымына су шашпаңыз не
дымқыл қолмен ұстамаңыз. Солай жасау өрттің шығуына, электр
тогының соғуына немесе жарақат алуға себеп болуы мүмкін. Егер олар
дымқыл болса, айнымалы ток адаптері мен қуат сымын дереу
ажыратыңыз да, өкілетті қызмет орталығына хабарласыңыз.
R Айнымалы ток адаптерін ұзақ уақыт бойы ұстамаңыз. Солай жасау аз
деңгейлі күйікке себеп болады.
R Егер зақым құрылғының ішкі бөлшектеріне тисе, қуат кабелін немесе
сымын дереу ажыратыңыз. Егер қуат желіден IP-PT [Ethernet бойынша
қуат] берілсе, Ethernet кабелін ажыратыңыз. Басқаша, айнымалы ток
адаптерінің сымын ажыратыңыз. Одан кейін, құрылғыны қызмет
орталығына апарыңыз.
2
Өз қауіпсіздігіңіз үшін

Содержание

Похожие устройства