Panasonic kx-nt511arub [39/68] Өз қауіпсіздігіңіз үшін

Panasonic kx-nt511arub [39/68] Өз қауіпсіздігіңіз үшін
R Келесі жағдайлар орын алғанда құрылғыны айнымалы ток
розеткасынан айырып, өнімді маман қызметіне көрсетіңіз:
A. Қуат сымы немесе көзі бүлінсе, тозса.
B. Егер құрылғыға төгіліп кетсе.
C. Егер құрылғы жауын астында қалса немесе суланса.
D. Егер құрылғы нұсқаулық бойынша да қалыпты жұмыс істемесе. Тек
нұсқаулықта қамтылған басқару элементтерін реттеңіз. Дұрыс
реттемеу өкілетті қызмет орталығына жөндетуге себеп болуы
мүмкін.
E. Егер құрылғы құласа немесе зақымдалса.
F. Егер құрылғының өнімділігі төмендесе.
R Бұл телефон тұтқасында магнит бар, сондықтан кішігірім темір
заттарды өзіне тартуы мүмкін.
R Құлаққалқандар немесе құлаққаптар арқылы келетін дыбыстың деңгейі
аса жоғары болса, есту қабілеті жоғалуы мүмкін.
R Егер зарядтағыштан түтін, əдеттен тыс иіс немесе шуыл шықса, оны
розеткадан/Ethernet кабельдерінен ажыратыңыз. Бұл жағдайлар өрт
шығуына немесе электрлік есеңгіреуге əкелуі мүмкін. Түтіннің
тоқтағанын тексеріп, өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Орнату
R Айнымалы ток розеткасынан немесе қуат жабдығындағы шамадан
асатын қуат қосылымдарын пайдаланбаңыз. Егер ток күшеюінен
қорғайтын құрылғының номиналды қуаттылығы асса, өрттің шығуына
себеп болуы мүмкін.
R Айнымалы ток адаптерінің сымын байламаңыз. Зақымдалған сым
өрттің шығуына, электр тогының соғуына немесе қысқа тұйықтауға
себеп болуы мүмкін.
R Құрылғы тек құрылғының белгісінде көрсетілген қуат көзі түріне ғана
қосылуы тиіс.
R Айнымалы ток адаптерін айнымалы ток розеткасына толығымен
тығыңыз. Солай жасамау электр тогының соғуына немесе өртке себеп
болатын шамадан тыс ысуға себеп болуы мүмкін.
Орналастыру
R Құрылғыға заттар құламайтындай жəне сұйықтықтар
шашырамайтындай сақ болу керек. Осы құрылғыға шамадан тыс түтін,
шаң, ылғал, механикалық діріл, соққы немесе тікелей күн сəулесіне
тигізбеңіз.
R Осы құрылғының үстіне ауыр заттар қоймаңыз.
3
Өз қауіпсіздігіңіз үшін

Содержание

Похожие устройства