Panasonic kx-nt511arub [40/68] Өз қауіпсіздігіңіз үшін

Panasonic kx-nt511prub black [40/68] Өз қауіпсіздігіңіз үшін
R Осы құрылғыны тегіс бетке қойыңыз.
R Тиісті желдетуді қамтамасыз ету үшін құрылғы айналасында 10 см (cm)
бос аралықты қалдырыңыз.
Қабырғаға орнату
R Құрылғы бекітілетін қабырғаның құрылғыны тіреу үшін күші жеткілікті
екендігіне көз жеткізіңіз (шамамен 2,0 кг (kg)).
R Құрылғымен бірге тек қосымша қабырғаға орнату жинағын
пайдаланыңыз. Қабырғаға орнату жинағы қажетті бұрандаларды,
шайбаларды жəне қабырғаға орнату адаптерін қамтиды.
R Бұрандаларды қабырғаға енгізген кезде, қабырғадағы ешқандай металл
тақтайшаларға, сым тақтайшаларына не металл тақталарға тимеңіз.
R Осы құрылғыны одан ары пайдаланбайтын болсаңыз, оны қабырғадан
бөлшектеңіз.
Жеңіл жарақат немесе құрылғының не басқа
жабдықтың зақымдалуына əкелетін қауіпті
білдіреді.
R Құрылғыны флуоресцентті лампалар, моторлар мен теледидар сияқты
электр шуды шығаратын жылыту жабдықтары мен құрылғыларынан
ары ұстаңыз. Шу көздері құрылғының жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Сондай-ақ оны температурасы 0 °C төмен немесе 40 °C жоғары
болатын бөлмелерге қоюға болмайды.
R Құрылғыны жұмсақ матамен сүртіңіз. Құрылғыны тегістегіш ұнтақ
немесе бензин не еріткіш сияқты химиялық заттармен тазаламаңыз.
R Телефон тұтқасы мен тегіс кабель қақпағы шок алу қаупін төндіреді.
Телефон тұтқасының ілгегі мен тегіс кабель қақпағын балалардан аулақ
ұстаңыз.
R Қосқыштардың зақымдалуына жол бермеу үшін пайдалану барысында
құлаққаптың бос аралығы бар екендігіне жəне тығыз тартылмағанына
көз жеткізіңіз.
R Құрылғыларды EHS тесігіне не құлаққап тесігіне жалғау үшін
пайдаланылған сымдардың ұзындығы 3 м (m) кем болуы қажет.
R Ұзақ уақытта пайдаланбай қалдырылған кезде құрылғыны АТ
розеткасынан ажыратыңыз. Құрылғы қуатты PoE қуат көзінен
қабылдаған кезде, Ethernet кабельдерін ажыратыңыз.
R Panasonic айнымалы ток адаптерін пайдаланыңыз.
R Айнымалы ток адаптері негізгі ажырату құралы ретінде қолданылады.
Айнымалы ток розеткасы құрылғының жанында орнатылғанына жəне
оған қол жеткізуге болатынына көз жеткізіңіз.
R Құрылғы қабырғаға орнатылған кезде, кабельдердің қабырғаға берік
бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
4
Өз қауіпсіздігіңіз үшін

Содержание

Похожие устройства