Philips Avent SCF286/03 [38/100] Қазақша

Philips Avent SCF286/03 [38/100] Қазақша
38

Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін, өніміңізді www.philips.com/welcome
веб-торабында тіркеңіз.

a Тұтқасы бар қақпақ
B Кішкене себет
C Үлкен себет
D Су құйылатын ыдысы бар қыздыру элементі
E Негіз
F Ток сымы
g Қосу түймесі
h SCF287/SCF286: «Стерилдеу» жарығы
i SCF287/SCF286: «Дайын» жарығы
J SCF285/SCF284: «Стерилдеу» жарығы
k Ыдыс жуғыш машинаға арналған себет (тек SCF287/SCF286 үлгісінде)
l Қысқаш
Ескертпе Стерилизатор түрінің нөмірі оның астында жазылған.

Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта
анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.

- Құралдың негізін, ток сымын немесе штепсельдік ұшын суға немесе басқа сұйықтыққа
батырмаңыз.
- Қаспақты алу нұсқауларын орындамаса, құрал жөндеуге келмейтіндей бұзылуы мүмкін.
- Ток соқпау үшін, құралдың негізін еш уақытта бөлшектемеңіз.

- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану
нұсқауларынсыз, мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз
адамдардың (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолдануына болмайды.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
- Құралды және оның ток сымын балалардың қолдары жетпейтін жерге қойыңыз.
- Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріп алыңыз.
- Штепсельдік ұшы, ток сымы немесе өзі зақымдалған болса, құралды қолданбаңыз.
- Ток сымы зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек Philips компаниясы,
Philips рұқсат берген қызмет орталығы немесе тиісті білімі бар маман ғана ауыстыру керек.
- Электр бу стерилизаторында қызмет көрсетілетін бөлшектер жоқ. Стерилизаторды өзіңіз
ашуға, қызмет көрсетуге немесе жөндеуге әрекет жасамаңыз.
- Стерилдеу барысында құрал қатты қызады. Ұстаса, теріні күйдіруі мүмкін.
- Қақпақтағы желдеткіштен және қақпақты ашқанда шығатын ыстық будан байқаңыз. Бу теріні
күйдіруі мүмкін.
- Стерилдеу барысында және стерилдеп болғаннан кейін негізді, себеттерді және
қақпақтарды бірден ұстамаңыз — олар өте ыстық болады. Қақпақты тұтқасынан ұстап
қана ашыңыз.
- Құрал қосылып тұрғанда немесе ішіндегі су әлі ыстық болса, оны қозғауға немесе
ашуға болмайды.
- Құрал қосылып тұрғанда, үстіне ешнәрсе қоймаңыз.


Похожие устройства

Скачать