Redmond rmc-m13 [81/114] Әртүрлі десерттерді әзірлеуге кеңес беріледі осы бағдарламада әдепкі

Redmond rmc-m13 [81/114] Әртүрлі десерттерді әзірлеуге кеңес беріледі осы бағдарламада әдепкі
81
RMC-M13/RMC-M23
KAZ
«НА ПАРУ» бағдарламасы
Буда көкөніс, балық, ет, мәнті, диеталық және вегетариандық тағамды әзірлеуге
кеңес беріледі. Осы бағдарламада әдепкі әзірлеу уақыты 30 минут құрайды.
Әзірлеу уақытын 5 минуттан 2 сағатқа дейін диапазонда 5 минут орнату
қадамымен қолмен орнатуға болады.
«НА ПАРУ» бағдарламасында әзірлеу уақытының керісінше есебі тек аспап
жұмыс параметрлеріне шыққанда ғана басталады (су қайнап, табақта
жеткілікті бу мөлшері қалыптасқан соң).
1.
Табаққа 600–1000 мл су құйыңыз. Табаққа буда әзірлеуге арналған
контейнерді орнатыңыз.
2.
Азықты рецептке сәйкес өлшеп, дайындаңыз, оларды буда әзірлеуге
арналған контейнерге тегіс салыңыз және табақты аспаптың ішіне
қойыңыз. Табақ қыздыру элементіне тығыз тиіп тұрғанына көз жеткізіңіз.
3.
«Автоматты бағдарламаларды пайдаланылғанда әрекеттердің жалпы
тәртібі» тарауының 3-9 тт. ұстаныңыз.
«ВАРКА» бағдарламасы
Көкөніс, ет, балықты пісіруге кеңес беріледі. Осы бағдарламада әдепкі әзірлеу
уақыты 45 минут құрайды. Әзірлеу уақытын 10 минуттан 8 сағатқа дейін
диапазонда 5 минут орнату қадамымен қолмен орнатуға болады.
«СУП» бағдарламасы
Әртүрлі сұйық тағамды, компот, маринадтарды әзірлеуге кеңес беріледі. Осы
бағдарламада әдепкі әзірлеу уақыты 1 сағат құрайды. Әзірлеу уақытын
10минуттан 8 сағатқа дейін диапазонда 5 минут орнату қадамымен қолмен
орнатуға болады.
«ЖАРКА» бағдарламасы
Ет, көкөніс, құс еті мен басқа азықты қуыруға кеңес беріледі. Осы бағдарламада
әдепкі әзірлеу уақыты 18 минут құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минуттан
2сағатқа дейін диапазонда 1 минут орнату қадамымен қолмен орнатуға
болады. Азықты аспаптың қақпағын ашып қуыруға болады.
Осы бағдарламада стартты шегеру функциясы қол жетімсіз.
Азықты аспаптың қақпағы ашық тұрғанда қуыруға кеңес беріледі бұл
қытырлақ қабатты қалыптастыруға мүмкіндік береді. «ЖАРКА»
бағдарламасын қайта пайдаланудың алдында аспапты толық суытыңыз.
«ВЫПЕЧКА» бағдарламасы
Бағдарламаға бисквит, пісірме, ашытылған және қатпарлы қамырдан
пирогтарды пісіруге кеңес беріледі. Осы бағдарламада әдепкі әзірлеу уақыты
50минут құрайды. Әзірлеу уақытын 10 минуттан 8 сағатқа дейін диапазонда
5 минут орнату қадамымен қолмен орнатуға болады.
«ВЫПЕЧКА» бағдарламасында автоқыздырудың жұмыс уақыты 4 сағат
құрайды.
Назар аударыңыз! Дайын азықты табақтан шығарғанда асханалық
қолғапты немесе сапты пайдаланыңыз.
«ТУШЕНИЕ» бағдарламасы
Көкөніс, ет, құс еті, теңіз өнімдерін бұқтыруға, дірілдек пен құйма әзірлеуге
кеңес беріледі. Осы бағдарламада әдепкі әзірлеу уақыты 1 сағат құрайды.
Әзірлеу уақытын 10 минуттан 12 сағатқа дейін диапазонда 5 минут орнату
қадамымен қолмен орнатуға болады.
«ТВОРОГ» бағдарламасы
REDMOND RMC-M13/RMC-M23 мультипісіргіштері көмегімен үй ірімшігін
жеңіл және тез әзірлей аласыз, оны соңғы азық ретінде немесе басқа тағамды
әзірлеу үшін ингредиент ретінде пайдалануға болады. Ілеспе «120 рецепт»
кітабының әзірлеу бойынша кеңестерін ұстаныңыз.
Осы бағдарламада әдепкі әзірлеу уақыты 20 минут құрайды. «ТВОРОГ»
бағдарламасында әзірлеу уақытын 5 минуттан 1 сағатқа дейін диапазонда
5минут орнату қадамымен қолмен орнатуға болады. Автоқыздыру функциясы
осы бағдарламада қол жетімсіз.
«ЙОГУРТ» бағдарламасы
Йогурт кең әйгілі және бүкіл әлемде танымал қасиеттері пайдалы ашыған
сүт өнімі. Осы бағдарламаның көмегімен әртүрлі дәмді және пайдалы
йогурттарды үйіңізде әзірлей аласыз. Осы бағдарлама қамырды тындыруға
да мүмкіндік береді. Осы бағдарламада әдепкі әзірлеу уақыты 8 сағат құрайды.
Әзірлеу уақытын 10 минуттан 12 сағатқа дейін диапазонда 5 минут орнату
қадамымен қолмен орнатуға болады.
«ЙОГУРТ» бағдарламасында автоқыздыру функциясы қол жетімсіз.
Йогурттарды әзірлеу үшін REDMOND RAM-G1 йогурттар үшін арнайы
банкалар жинағын пайдалана аласыз (жеке сатып алынады).
«ДЕСЕРТЫ» бағдарламасы
Әртүрлі десерттерді әзірлеуге кеңес беріледі. Осы бағдарламада әдепкі
әзірлеу уақыты 30 минут құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минуттан 2 сағатқа
дейін диапазонда 5 минут орнату қадамымен қолмен орнатуға болады.
«ХОЛОДЕЦ» бағдарламасы
Дірілдекті әзірлеуге кеңес беріледі Осы бағдарламада әдепкі әзірлеу уақыты
4 сағат құрайды. Әзірлеу уақытын 10 минуттан 10 сағатқа дейін диапазонда
10 минут орнату қадамымен қолмен орнатуға болады.
«ДРОЖЖЕВОЕ ТЕСТО» бағдарламасы
Ашытылған қамырды тындыруға кеңес беріледі. Осы бағдарламада әдепкі
әзірлеу уақыты 1 сағат құрайды. Әзірлеу уақытын 10 минуттан 2 сағатқа дейін
диапазонда 5 минут орнату қадамымен қолмен орнатуға болады.
«ДРОЖЖЕВОЕ ТЕСТО» бағдарламасында автоқыздыру функциясы қол
жетімсіз.
«МОЛОЧНАЯ КАША» бағдарламасы
Сүт ботқасы, тосап, джем, жеміс желесі мен әртүрлі десерттерді әзірлеуге
кеңес беріледі. Осы бағдарламада әдепкі әзірлеу уақыты 30 минут құрайды.
Әзірлеу уақытын 5 минуттан 4 сағатқа дейін диапазонда 1 минут орнату
қадамымен қолмен орнатуға болады.
Мультипісіргіште сут ботқасын әзірлеу бойынша кеңестер
Бағдарлама майы аз пастерленген сүттен ботқа әзірлеуге арналған. Сүтті
қайнатып азайтпау және қажетті нәтижеге жету үшін келесіге кеңес беріледі:
Барлық дәні бүтін жарнаны (күріш, қарақұмық, тары және т.б.) су таза
болғанынша мұқият жуу;
Мультипісіргіш табағына әзірлеудің алдында сары май жағу;
Ингредиенттерді рецепттер кітабының кеңестеріне сәйкес өлшеп,
үлестерді қатаң ұстану, ингредиенттердің көлемін тек пропорционалды
азайту немесе көбейту;
Майы алынбаған сүт пайдаланылғанда оған 1:1 пропорциясымен су
қосыңыз.
Сүт ботқасын әзірлеу үшін «МУЛЬТИПОВАР» әмбебап бағдарламасын да
пайдалануға болады (тиімді әзірлеу температурасы 95°С құрайды).
«ДЕТСКОЕ ПИТАНИЕ» бағдарламасы
REDMOND RMC-M13/RMC-M23 мультипісіргіштері бала тамағына және оны
өсу мен дамуының әртүрлі кезеңдерінде күтуіне байланысты көп мәселелерді
шешуді жеңілдетуге көмектеседі. Осы бағдарламада әдепкі әзірлеу уақыты
40 минут құрайды. Әзірлеу уақытын 10 минуттан 12 сағатқа дейін диапазонда
5 минут орнату қадамымен қолмен орнатуға болады.
«ЗАПЕКАНИЕ» бағдарламасы
Әртүрлі тағамды фольгада пісіруге кеңес беріледі. Осы бағдарламада әдепкі
әзірлеу уақыты 30 минут құрайды. Әзірлеу уақытын 10 минуттан 4 сағатқа
дейін диапазонда 5 минут орнату қадамымен қолмен орнатуға болады.
«ЗАПЕКАНИЕ» бағдарламасында автоқыздыру жұмысының уақыты 4 сағат
құрайды.
«ПЕЛЬМЕНИ» бағдарламасы
Тұшпара пісіруге кеңес беріледі. Осы бағдарламада әдепкі әзірлеу уақыты
13 минут құрайды. Әзірлеу уақытын 10 минуттан 1 сағатқа дейін диапазонда
1 минут орнату қадамымен қолмен орнатуға болады. «ПЕЛЬМЕНИ»
бағдарламасында әзірлеу уақытының керісінше есебі тек аспап жұмыс
параметрлеріне шыққан соң ғана басталады (су қайнаған соң).
«ПЕЛЬМЕНИ» бағдарламасында автоқыздыру және стартты шегеру
функциялары қол жетімсіз.
«МАКАРОНЫ» бағдарламасы
Макарон пісіруге кеңес беріледі. Осы бағдарламада әдепкі әзірлеу уақыты
8 минут құрайды. Әзірлеу уақытын 2 минуттан 1 сағатқа дейін диапазонда
1 минут орнату қадамымен қолмен орнатуға болады. «МАКАРОНЫ»
бағдарламасында әзірлеу уақытының керісінше есебі тек аспап жұмыс
параметрлеріне шыққан соң ғана басталады (су қайнаған соң).
«МАКАРОНЫ» бағдарламасында автоқыздыру және стартты шегеру
функциялары қол жетімсіз.
«МАНТЫ» бағдарламасы
Мәнті әзірлеуге кеңес беріледі. Осы бағдарламада әдепкі әзірлеу уақыты 30
минут құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минуттан 2 сағатқа дейін диапазонда
5 минут орнату қадамымен қолмен орнатуға болады. «МАНТЫ»
бағдарламасында әзірлеу уақытының керісінше есебі тек аспап жұмыс
параметрлеріне шыққан соң ғана басталады (су қайнаған соң).
«МАНТЫ» бағдарламасында автоқыздыру және стартты шегеру функциялары
қол жетімсіз.
«ПИЦЦА» бағдарламасы
Пицца әзірлеуге кеңес беріледі. Осы бағдарламада әдепкі әзірлеу уақыты
30 минут құрайды. Әзірлеу уақытын 10 минуттан 1 сағатқа дейін диапазонда
5минут орнату қадамымен қолмен орнатуға болады.
Осы бағдарламада стартты шегеру функциясы қол жетімсіз.
«ХЛЕБ» бағдарламасы
Қара бидай ұнын қосу арқылы бидай ұнынан көптеген нан түрлерін пісіруге
кеңес беріледі. Бағдарлама қамыр тындырудан пісіргенге дейінгі толық
айналымды қарастырады Әдепкі бойынша ас әзірлеу уақыты осы
бағдарламада 3 сағатты құрайды. Орнату қадамы 5 минуттық 10 минуттан 6
сағатқа дейінгі диапазонда әзірлеу уақытын қолмен орнатуға болады. «ХЛЕБ»
бағдарламасында автоқыздыру жұмысының уақыты 3 сағатты құрайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Пісіру кезінде табақ пен өнім қызады! Аспаптан
дайын нанды шығарған кезде ас үй қолғаптарын қолданыңыз.
«ПЛОВ» бағдарламасы
Палаудың көп түрін әзірлеуге кеңес беріледі. Әдепкі бойынша ас әзірлеу
уақыты осы бағдарламада 1 сағатты құрайды. Орнату қадамы 5 минуттық
10минуттан 2 сағатқа дейінгі диапазонда әзірлеу уақытын қолмен орнатуға
болады.
«ФРИТЮР» бағдарламасы
REDMOND RMC-M13/RMC-M23 мультипісіргіштерінде сіз арнайы себетті
қолдана отырып, фритюрде ас әзірлей аласыз (сатып алушыға бөлек). Әдепкі
бойынша ас әзірлеу уақыты осы бағдарламада 18 минутты құрайды. Орнату
қадамы 5 минуттық 5 минуттан 40 минутқа дейінгі диапазонда әзірлеу
уақытын қолмен орнатуға болады.
Осы бағдарламада автоқыздыру және стартты шегеру функциялары қол
жетімсіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Май өте ыстық! Фритюрде қуыру үшін себетті
шығару үшін ас үй қолғаптарын қолданыңыз.
«ТОМЛЕНИЕ» бағдарламасы
Көкөністер, балық, етті бұқтыруға кеңес беріледі. Орнату қадамы 10 минуттық
10 минуттан 12 сағатқа дейінгі диапазонда әзірлеу уақытын қолмен орнатуға
болады. Әдепкі бойынша ас әзірлеу уақыты осы бағдарламада 3 сағатты
құрайды.

Содержание

Скачать