Unit usp-1200s [21/37] Kazakh kazakh

Unit usp-1200s [21/37] Kazakh kazakh
KAZAKH KAZAKH
40 41
Даярлау кезінде өлшемдерін ұлғайтатын өнімдер үшін максимальды деңгей белгісі 3/6
белгісінен аспауы тиіс!
Ескертпе: өнім тең түрде даярлануы үшін, ол толығымен суға батып тұруы қажет, болмаса су
деңгейінен асып тұрған өнім піспеу қалуы мүмкін.
3. Тостағанды аспапқа орналастырмас бұрын. Ішкі жабын және Жылыту элементінің
үстіңгі беттерінде ешқандай ластанулардың жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.
Ластанулар табылған жағдайда таза, аздап ылғал шүберекпен аспаптың Ішкі
жабынын және Жылыту элементін сүрте отырып, тазалаңыз және мұқият кептіріңіз.
4. Өнімдер салынған Тостағанды екі қолмен шетінен ақырын ұстай отырып, үстінен
басып, орнатыңыз. Тостағанды орнатқаннан кейін аспапта тегіс орнатылуы үшін
суретте көрсетілгендей аздап бұрыңыз.
5. Осыдан кейін Қақпақты саңылаусыз жабу қажет, бұл үшін келесі әрекеттерді
есептеңіз:
Аспап қақпағының ішкі үстіңгі бетіне эласикалық сақинаны орнатыңыз.
Егер Тығыздандырғыш сақина нашар бекітілсе немесе дұрыс орналаспаса, оны Ішкі
болат сақинамен тиісті түрдегідей бекітіңіз.
Осыдан кейін Қақпақты Тұтқасынан ұстап, онымен аспапты жабыңыз, Қақпақты
сағат тіліне қарсы тірелгенге дейін бұраңыз. Қақпақ тиісті бағытта сенімді
бекітілген.
6. Аспапты қоспас бұрын Қысымды төмендету реттегішінің «саңылаусыз» күйіне
орнатуды ұмытпаңыз, осы күйде ауа аспаптан шыға алмайды, осының арқасында
ішінде даярлауды бастау үшін қажетті қысым орнатылады. Сонымен бірге жабық
қақпақша сұйықтықтың қайнап кетуіне және өнімдердің күйіп кетуіне қарсы тұрады.
Ескертпе: Қысымды төмендету Реттегіші 2 күйге ие: «саңылаусыз» және «ауаны
шығару». «Ұннан пісіру» бағдарламасында қысымды төмендету Реттегіші «буды
шығару» күйінде болуы тиіс.
7. Электр желісіне қоса отырып аспапты қосыңыз, дисплейде «00:00» пайда болады.
Енді даярлаудың өлшемдерін беруге болады.
Қосу таймері
Егер даярлауды бастау уақытын кейінге қалдыруға қажеттілік болмаса, бұл қадамды өткізіп
жіберіңіз және келесіге өтіңіз.
Егер Сіз даярлау үрдісі бірден емес, белгілі бір уақыт аралығынан кейін басталуын
қалаған жағдайда Сіз қосу таймерін қолдана аласыз. Сонда жұмысқа даярланған
жылдам қайнату-ыстау аспабы берілген уақыт аралығынан кейін тағам даярлауды
өздігімен бастайды; бұл үшін жылдам қайнату-ыстау аспабы (даярлау бағдарламасын
таңдағанға ДЕЙІН) желіге қосылғаннан кейін бірден «Уақытты орнату» түймесін басу
қажет. Бұл түйменің көмегімен қажетті уақытты орнатыңыз. Мысалы, егер - «4:00» мәні
орнатылса, тағамның даярлануы 4 сағаттан кейін басталады. Тағамның даярлануын
кейінге қалдыратын максимальды уақыт 24 сағатты құрайды.
8. Даярлану өлшемдерін орнату. Басқару панелінде өнім түріне тәуелді даярлау
бағдарламасын сұрата алатын мәзір бар. Даярлауды бастау үшін сәйкес қажетті
өнім түймесін басыңыз. Мысалы, күрішті даярлау үшін «Күріш» түймесін басу қажет.
Ескертпе: бағдарламаның қаттылық деңгейі, пісу деңгейі, өнімнің қайнауының қаланған
деңгейі, тілімдер көлемдері және т.б. секілді өнімдер сипаттамаларының орташа
мәндері негізінде есептелгендігін есте сақтау қажет, сондықтан осы бағдарламаларға
негізделе отырып, өз талғамыңызға қарай даярлау уақытын түрлендіруді ұсынамыз.
9. Жоғары қысымда даярлау уақыты мәнін (+/-) «Уақытты орнату»/ «Болдыртпау»
түймелері көмегімен өзгертуге болады, мысалы: егер Сіз үрме бұршақ даярласаңыз,
аспапты желіге қосқаннан кейін «Бұршақ тұқымдастар» түймесін басу қажет, оған
қоса «P0:40» пайда болады, бұл мән аспап ішінде жоғары жұмыс қысымына қол
жеткізілгеннен кейін тағамның даярлануының аяқталуына дейін 40 минут уақыт
өтеді дегенді білдіреді.
Егер бұл уақытты азайту қажет болатын болса, уақыттың қажетті мәнін көрмейінше
«Болдыртпау/Жылуды ұстап тұру» (-) түймесін басыңыз.
Егер тағамның даярлану уақытын ұлғайту қажет болатын болса берілген тәртіп
диапазоны аясында қажетті мәнге қол жеткізгенге дейін «Уақытты орнату» (+)
түймесін басыңыз. Мысалы, «Бұршақ тұқымдастар» тәртібі үшін – бұл 20-60 минут.
Маңызды! Белгілі бір өнім және уақытты өзгерту түймелерін басу арасындағы уақыт
3 секундтан аспауы қажет, кері жағдайда даярлау үрдісі Сіздің уақытты түзетуіңізді
«күтпестен» басталады.
Ескертпе: Қажетті өнім түймесін басқаннан кейін көрсетілетін уақыт -Рх:хх
даярлаудың барлық кезеңі ұзақтығына тең емес, себебі даярлауды бастау уақытынан
тағамды даярлау үшін қажетті аспап ішінде жоғары қысымға қол жеткізгенге дейінгі
кететін уақыт қосылмаған. Қысымды жинау үрдісі Қысымды төмендету реттегіші
жабық болған кезде жүзеге асырылады және тостағанның толтырылуына тәуелді 5-25
минутты алуы мүмкін.
Егер Сіз дайындағыңыз келген өнім Басқару панеліндегі тағамдарды таңдау Түймелері
мәзіріндегі тағамдар топтарының бірде-біреуіне сәйкес келмесе, сипаттамалары
бойынша ұқсас топты таңдау қажет және қажеттілігіне қарай жоғары қысымда даярлау
уақытын өзгерту қажет (РХ:ХХ).
10. Іштегі қысымды қажетті деңгейге жеткеннен кейін даярлау уақытының кері
есептелуі басталады.
11. Даярлау үрдісінің аяқталуына қарай (дисплейде көрсетілген уақыттың аяқталуына
қарай) дыбыстық белгі (3 рет) дыбысталады, ал Дисплейде «00:00» және автоматты
түрде жылуды ұстап тұру қызметі іске қосылады.
Ескертпе: Берілген уақытты даярлау кезінде өзгертуге болмайды.
Даярлау өлшемдерін босату немесе аспап жұмысының ағымдық тәртібін (даярлау

Похожие устройства