Zanussi ZOB 33701 PR [9/60] Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер

Zanussi ZOB 33701 PR [9/60] Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
Құрылғының сөре қойылатын бес деңгейі
бар. Сөренің деңгейлерін құрылғының
астыңғы жағынан бастап санау керек.
Құрылғы ауа айналдыратын жəне буды
үздіксіз қайта айналдырып отыратын
арнайы жүйемен жабдықталған. Осы
жүйенің көмегімен тағамды булы ортада,
ішін жұмсақ жəне сыртын күтірлек етіп
пісіруге болады. Бұл пісіру уақыты мен
пайдаланылатын қуат мөлшерін
барынша азайтады.
Құрылғының ішіне немесе есіктің
шыны
панельдеріне бу жиналуы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тағам пісіріп жатқанда
құрылғы есігін ашу қажет болса, үнемі
артқа шегініп барып ашыңыз. Конденсат
мөлшерін азайту үшін құрылғыны тағам
пісірер алдында 10 минут қосыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған сайын
оның ылғалын тазалаңыз.
Тағам пісірген кезде заттарды
құрылғының табанына қоймаңыз жəне
құрылғының бөлшектеріне алюминий
жұқалтыр жаппаңыз. Бұл пісіру нəтижесін
өзгертіп,
эмаль қаптамаға да нұқсан
келтіруі мүмкін.
Торт пісіру
Тұмшапештің есігін орнатылған пісіру
уақытының 3/4 мөлшері өткенше
ашпаңыз.
Егер бір уақытта екі пісіру табағын
пайдалансаңыз, араларына бір бос
деңгей қалдырыңыз.
Ет пен балық пісіру
Тұмшапешке мүлдем тазаланбайтын дақ
түспес үшін, өте майлы тағамды
пісіргенде шұңғыл табақты
пайдаланыңыз.
Етті кесердің алдында сөлі ағып кетпес
үшін шамамен 15 минут қоя тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде тұмшапештің іші
қатты түтіндеп кетпес үшін шұңғыл
табаққа шамалы су
құйыңыз. Түтін
жиналып қалмас үшін су таусылған
сайын үстемелеп құйып отырыңыз.
Пісіру уақыттары
Пісіру уақыттары тағамның түріне,
құрамына жəне мөлшеріне байланысты.
Бастапқыда тағам пісірген кезде пісіру
үрдісін бақылап отырыңыз. Осы құрылғыны
пайдаланған кезде қолданылатын
ыдыстарға, рецептілерге жəне тағамның
мөлшеріне сай келетін параметрлерді
(қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с.)
анықтап алыңыз.
Пісіру жəне қуыру
кестесі
ТОРТТАР
ТАҒАМ ТҮРІ
Дəстүрлі пісіру Ыстық желмен пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Сөренің
орналасу
ы
Темп.
[°C]
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Шайқап пісіру
рецептері
2 170 3 (2 жəне 4) 160 45 - 60 Тортқа арналған
қалыпта
Үгілмелі қамыр 2 170 3 (2 жəне 4) 160 20 - 30 Тортқа арналған
қалыпта
9
www.zanussi.com

Содержание

Скачать