LG 58UF830V [50/146] Дайындау

LG 58UF830V [50/146] Дайындау
8
ЕСКЕРТУ
Көру ортасы
Көру қашықтығы
- 3D пішіміндегі бейнелерді экран диагоналінің
ұзындығынан екі еселік қашықтықта көруді
ұсынамыз. 3D мазмұнды көргенде ыңғайсыздықты
сезінсеңіз, теледидардан алыстау отырыңыз.
Көру жасы
Сәбилер/балалар
- 6 жастан төмен балалар үшін 3D мазмұнды
пайдалану/көруге тыйым салынады.
- 10-нан төмен жастағы балалар шамадан тыс жауап
береді және тым әсерленеді, өйткені олардың
көздері жетілуде (мысалы: экранды түрту әрекеті
немесе оған секіру әрекеті. 3D мазмұнды көріп
отырған балаларға ерекше назар аудару керек.
- Балалардың 3D көрсетілімдердегі бинокулярлық
диспараттығы үлкендерден жоғарырақ, өйткені
көздерінің арасындағы қашықтық үлкендердікінен
қысқарақ. Сондықтан олар бір 3D кескіні
үшін үлкендермен салыстырғанда көбірек
стереоскопиялық тереңдікті алады.
Жасөспірімдер
- 19-дан төмен жасөспірімдер 3D мазмұндағы
жарықтың әсерінен сезімталдықпен жауап беруі
мүмкін. Оларға шаршап тұрғанда 3D мазмұнды
көруден ұстануға кеңес беріңіз.
Қариялар
- Қариялар жастарға қарағанда азырақ 3D әсерін
түйсінеді. Теледидарға ұсынылғаннан жақынырақ
қашықтықта отырмаңыз.
3D көзілдірігін қолдану кезіндегі ескертулер
LG 3D көзілдірігін пайдаланыңыз. Әйтпесе, 3D
бейнелерді тиісті түрде көрмеуіңіз мүмкін.
3D көзілдірігін қалыпты көзілдіріктің, күннен қорғайтын
немесе қорғаныс көзілдірігінің орнына пайдаланбаңыз.
Өзгертулер енгізген 3D көзілдірікті пайдалану көзге
жүктеме түсіруі немесе кескінді бұрмалауы мүмкін.
3D көзілдірігін қатты ыстық немесе суық
температурада ұстамаңыз. Бұл деформациялануды
тудырады.
3D көзілдірігі нәзік және оңай сызылады. Линзаларды
сүрткенде әрқашан жұмсақ, таза шүберекті
пайдаланыңыз. 3D көзілдірігінің линзаларын өткір
заттармен қырмаңыз немесе оларды химиялық
заттармен сүртпеңіз.
Дайындау
ЕСКЕРТПЕ
Теледидар зауыттан жеткізілгеннен кейін бірінші рет
қосылса, теледидарды баптандыру бірнеше минутқа
созылуы мүмкін.
Көрсетілген бейне теледидарда көрсетілгеннен өзгеше
болуы мүмкін.
Теледидардың экрандық дисплейі нұсқаулықта
көрсетілгеннен сәл өзгешелеу болуы мүмкін.
Бар мәзірлер мен опциялар сіз қолданатын кіріс
көзінен немесе өнім үлгісінен өзгешелеу болуы мүмкін.
Болашақта бұл теледидарға жаңа мүмкіндіктер
қосылуы мүмкін.
Тұтынылатын қуат мөлшерін азайту мақсатында
теледидарды күту режиміне қоюға болады. Егер біраз
уақыт қарамайтын болсаңыз, теледидарды өшіріп қою
қажет. Бұл тұтынылатын қуат мөлшерін азайтады.
Кескін жарқындығының деңгейі төмендетілсе,
қолданыс үстінде тұтынылатын қуат мөлшері
айтарлықтай азайып, бұл өз ретінде жалпы қуат
ақысын азайтады.
Өніммен бірге берілген заттар оның үлгісіне қарай
әртүрлі болуы мүмкін.
Өнім сипаттамалары немесе осы нұсқаулықтың
мазмұны өнім функцияларының жетілдіруіне
байланысты алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Оңтайлы байланыс болу үшін, HDMI кабельдері
және USB құрылғылары ұштарының қалыңдығы 10
мм-ден және ені 18 мм-ден аспауы керек. USB кабелі
немесе USB жад картасы теледидардың USB портына
сай келмесе, USB 2.0 қолдайтын ұзарту кабелін
пайдаланыңыз.
A
B
A
B
*A
<
=
10 мм
*B
<
=
18 мм
HDMI логотипі жабыстырылған сертификатталған
кабельді пайдаланыңыз.
Сертификатталған HDMI кабелін пайдаланбасаңыз,
экран көрінбеуі немесе байланыс қатесі орын алуы
мүмкін. (Ұсынылған HDMI кабель түрлері)
- Жоғары жылдамдықты HDMI
®
/
TM
кабелі (3 м немесе
одан қысқа)
- Ethernet бар жоғары жылдамдықты HDMI
®
/
TM
кабелі
(3 м немесе одан қысқа)
ҚАЗАҚША

Содержание

Скачать