LG 58UF830V [51/146] Техникалық қызмет көрсету

LG 58UF830V [51/146] Техникалық қызмет көрсету
9
ЕСКЕРТУ
Қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, өнімнің жұмыс
мерзімін арттыру үшін, мақұлданбаған өнімдерді
пайдаланбаңыз.
Мақұлданбаған өнімдерді пайдаланудан туындаған
зақымдар немесе залал кепілдікке кірмейді.
Кейбір модельдердің экранына жұқа қабат бекітілген
және оны алып тастау керек.
Тіректі теледидарға бекіткен кезде, экран сырылып
қалмауы үшін оның бетін төмен қаратып, төсем
төселген үстелге немесе тегіс бетке қойыңыз.
Бұрандалардың дұрыс кіргізіліп, мықтап
қатайтылғанын тексеріңіз. (Егер олар жеткілікті
дәрежеде мықтап қатайтылмаса, теледидар
орнатылғаннан кейін алға қарай еңкейіп қалуы
мүмкін.) Бұрандаларға тым көп күш жұмсап, тым қатты
тартпаңыз, әйтпесе бұранда бүлініп, дұрыс бұралмауы
мүмкін.
Бөлек сатылады
Бөлек сатып алынатын бұйымдар сапаны жақсарту үшін
еш ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Осы заттарды сатып алу
үшін дилеріңізге хабарласыңыз. Бұл құрылғылар белгілі
бір модельдерде ғана жұмыс істейді. Үлгі аты немесе
дизайны өнім функциясының жаңартылуына, өндіруші
жағдайларына немесе саясаттарына байланысты
өзгертілуі мүмкін.
(Үлгіге байланысты)
AG-F***
Cinema 3D
көзілдірігі
AN-MR600
Сиқырлы сермеу
қашықтан
басқару құралы
AG-F***DP
Dual play (Екі
жақты ойнату)
көзілдірігі
AN-VC550
Smart камерасы
LG дыбыс
құрылғысыz
AN-WF500
Wi-Fi/Bluetooth
қорғаныс құралы
* Magic Remote қашықтан басқару құралын немесе LG
дыбыс құрылғысын пайдалану үшін кейбір үлгілерге
Wi-Fi/Bluetooth адаптері қажет.
* Wi-Fi/Bluetooth адаптерін қолдау құрылғысы үлгіге
байланысты өзгеше болады.
Техникалық қызмет көрсету
Теледидарды тазалау
Өнім жақсы істеуі және оның жұмыс мерзімін арттыру үшін
теледидарды жиі жаңартып және тазалап тұрыңыз.
Алдымен, теледидарды өшіріп, қуат сымы мен басқа
кабельдерді ажыратыңыз.
Теледидар ұзақ уақыт қараусыз қалса және
пайдаланылмаса, найзағайдан және кернеудің
өзгеруінен пайда болатын зақымдардан сақтау үшін,
қуат сымын розеткадан ажыратыңыз.
Экран, жақтау, корпус және тірек
Шаңды немесе кішкене кірді кетіру үшін, бетті құрғақ, таза
және жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Көп кірді кетіру үшін, бетті таза немесе жұмсақ жуғыш
зат қосылған суға малынған жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Одан соң, дереу құрғақ шүберекпен сүртіп алыңыз.
Экранды ұстауды ешқашан болдырмаңыз, өйткені бұл
экранның зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Тырнақпен немесе үшкір затпен бетін итермеңіз,
ысқыламаңыз немесе соқпаңыз. Экран бетінде
сызықтар пайда болып, бейне бұрмалануы мүмкін.
Химиялық заттарды пайдаланбаңыз. Олар өнімді
зақымдайды.
Экран бетіне сұйықтық шашпаңыз. Теледидарға су
кірген жағдайда, өрт, электр соғуы орын алуы немесе
теледидар істемей қалуы мүмкін.
Қуат сымы
Қуат сымында жиналған шаң мен кірді жиі сүртіп тұрыңыз.
ҚАЗАҚША

Содержание

Скачать