LG 58UF830V [60/146] Magic remote басқару құралын пайдалану жолы

LG 50uf830v [60/146] Magic remote басқару құралын пайдалану жолы
18
D
3D бейнесін көру үшін пайдаланылады. (тек 3D
модельдер)
(Дауысты тану)
(Үлгіге байланысты)
Дауысты тану функциясын пайдалану үшін желілік
байланыс қажет.
1 Дауысты тану түймесін басыңыз.
2 Теледидар экранының дауыс дисплей терезесі
көрсетілгенде сөйлеңіз.
Сиқырлы қашықтан басқару құралын бетіңізден 10
cм алыстатпай пайдаланыңыз.
Тым жылдам не тым баяу сөйлесеңіз, дауыс тану
функциясы жұмыс істемеуі мүмкін.
Тану көрсеткіші пайдаланушының жеке
ерекшеліктері (даусы, айтуы, интонациясы мен
жылдамдығы) мен ортаға (шуыл мен теледидар
дыбысының деңгейі) байланысты әр түрлі болуы
мүмкін.
(Жылдам параметрлер) Жылдам параметрлер
мәзіріне өткізеді.
* түймесін басып тұру Қосымша параметрлер
мәзірін көрсетеді.
Түсті түймелер Бұлар кейбір мәзірлердегі арнайы
функцияларды ашады.
( : қызыл, : жасыл, : сары, : көк)
Телемәтін түймелері ( , )
Бұл түймелер
телемәтін үшін пайдаланылады.
Сандық режимде қалаған субтитрді қайта
шығарады.
Magic remote БАСҚАРУ ҚҰРАЛЫН тіркеу
Magic remote БАСҚАРУ ҚҰРАЛЫН тіркеу жолы
Magic remote басқару құралын пайдалану үшін алдымен
оны теледидармен жұптастыру керек.
1 Magic remote басқару құралына батареяларды салып,
теледидарды қосыңыз.
2 Magic remote басқару құралын теледидарға бағыттап,
қашықтан басқару құралындағы дөңгелекті (ОК)
түймесін басыңыз.
* Теледидар сиқырлы қашықтан басқару құралын тіркей
алмаса, теледидарды өшіріп, қайта қосқаннан кейін
әрекетті қайталап көріңіз.
Magic remote БАСҚАРУ ҚҰРАЛЫН тіркеуден
шығару жолы
Magic remote басқару құралының теледидармен
жұпталуын тоқтату үшін (АРТҚА) және (НЕГІЗГІ
ЭКРАН) түймелерін бес секунд бір уақытта басып тұрыңыз.
* түймесін басып тұру әрекеттен бас тартуға және
Magic remote басқару құралын бірден қайта тіркеуге
мүмкіндік береді.
Magic remote БАСҚАРУ ҚҰРАЛЫН
пайдалану жолы
Меңзерді экранға шығару үшін Magic remote басқару
құралын оңға-солға шайқаңыз немесе
(Бастапқы), (КІРІС), түймелерін басыңыз.
(Кейбір теледидар модельдерінде дөңгелекті (ОК)
түймесін бұраған кезде меңзер пайда болады.)
Меңзер біраз уақыт бойы қолданылмаса немесе Magic
remote басқару құралын тегіс жерге қойылса, онда
меңзер экраннан жоғалып кетеді.
Егер меңзер бір қалыпты жауап бермесе, экранның
шетіне жылжыту арқылы меңзерді қалпына келтіруге
болады.
Қосымша мүмкіндіктерге байланысты Magic remote
басқару құралында батарея қуаты қалыпты қашықтан
басқару құралына қарағанда тезірек бітеді.
Magic remote БАСҚАРУ ҚҰРАЛЫН
пайдаланудағы сақтандыру шаралары
Қашықтан басқару құралын белгіленген ауқымда (10 м)
ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны белгіленген ауқымнан
тыс пайдаланғанда немесе сол ауқымда кедергілер
бар болса, байланыс қателері орын алуы мүмкін.
Қосалқы құралдарға байланысты байланыс қателері
орын алуы мүмкін.
Микротолқынды пеш сияқты құрылғылар және сымсыз
жергілікті желі сиқырлы қашықтан басқару құралымен
бірдей (2,4 ГГц) жиілікте істейді. Сол себептен
байланыс қателері орын алуы мүмкін.
Сымсыз маршрутизатор (КН) теледидардан 1 метр
қашықтықта болса, Magic remote басқару құралы
дұрыс істемеуі мүмкін. Сымсыз маршрутизатор
теледидардан 1 м-ден көбірек қашықтықта болуы
керек.
Батареяны бөлшектеуге немесе қыздыруға болмайды.
Батареяны түсіріп алмаңыз. Батареяны қатты соғып
алмаңыз.
Батарея дұрыс салынбаса, жарылуы мүмкін.
ҚАЗАҚША

Содержание

Скачать