Polaris PEA 1026 [13/28] Пайдалану саласы

Құралды пайдаланар алдында оны көлденен тегіс, орнықты қабатқа орнатыңыз.
Шырынсыққышты үстелдің үстіне төселетін асжаулықтың үстіне, төселген майлық,
сулық және сүлгінің үстіне орнатуға тыйым салынады. Жұмыс барысында құрал мен
оны орнатқан қабаттың арасында көзге көрінетін саңылау болу қажет, бұл саңылау
қозғалтқыштың аймағындағы ауа алмастыруы дұрыс болғанына қажет.
Шырынсыққышты іске қосар алдында бөлшектердің дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз. Құралдың бөлшектерін дұрыс құрастырмау салдарынан пайда болған
ақаулықты жою епілдікті қызмет көрсету міндетіне кірмейді.
Пайдалану барысында шырынсыққышты тасымалдауға тиым салынады.
Құралдың орнын ауыстырар алдында, оның бөлшектерін орнату немесе оларды
алмас бұрын, сондай-ақ тазарту да алдында қашанда құралды желіден ажыратыңыз.
Желілік сымның үстелден салбырап тұрмағанын және ыстық қабаттардан қауіпсіз
қашықта тұрғанын қадағалаңыз.
Құралды тек қана оның бекіткіштері жабық болса пайдаланыңыз.
Бекіткішті құралды сөндіргеннен кейін және сүзгінің айналымы тоқтағаннан кейін
ғана ашуға болады.
Қатты көкөністер мен жемістерден көп мөлшерде шырын әзірлегенде
шырынсыққышты ұзақ уақыт бойына үздіксіз пайдалануға болмайды, сонымен бұл
құрал ұзақ уақыт бойы үздіксіз жұмыс істеуге арналмаған, құралдың қызып кетуінен
сақтау үшін әрбір 3 минут үздіксіз жұмыстан кейін 1 минут уақытқа үзіліс жасаңыз,
құрал суығанша күтіңіз. Құралды он рет қосып, өшірген соң, яғни құралдың 10
реттік қосу/өшіру кезеңі аяқталған соң құралды өшіріп, 30 минутқа үзіліс жасаңыз,
бұл мотордың салқындауы үшін қажет.
Саусақты немесе қандай да бір заттарды жемістер мен көкөністер салатын науашаға
салуға тиым салынады.
Науашаға көкөністер/жемістерді салғанда итергішті қолдану керек.
Сүзгіні шырынсыққышқа орнатқанда немесе оны алып, тазартқанда абай болыңыз,
себебі, сүзгінің кесетін қабаты өте өткір.
Сүзгіні орнатқанда оның шырын жинауға арналған жұмыстық сыйымдылықтың
негізіне дұрыс бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Шырынсыққышты пайдалану барысында, оны мезгіл-мезгіл сайын бөлшектеп, оның
әр жұмыс бөлшегін тазалап тұрыңыз, шырын және жом шығатын түтіктердің ішінде
және сүзгі-үккіштің торлы санылауларында жұмсақтың тұрып қалмауын
қадағалаңыз.
Құралды қақпақсыз қосуға және жұмыс барысында құралдың қақпағын ашуға тиым
салынады.
Электр қозғалтыш бөлігінің қандай да бір бөлшегін ашпаңыз.
Пайдалану саласы
Құрал осы Нұсқаулыққа сәйкес, тек қана тұрмыста қолдануға арналған. Құралды
өнеркәсіптік мақсатта пайдалануға болмайды.
Өндіруші осы нұсқауда қарастырылмаған немесе дұрыс пайдаланбаған жағдайдың
нәтижесінде туындаған залал үшін жауапты емес.
13

Содержание