Polaris PEA 1026 [15/28] Жұмысқа дайындау

Жұмысқа дайындау
1. Құралдың орамасын ашып, құралдың жинақталатын бірліктерінің ақаулы
еместігіне көз жеткізіңіз.
2. Алғаш рет пайдаланар алдында құралдың тағаммен жанасатын барлық
бөлшектерін мұқият жуыңыз, бірақ жуу барысында, қатты ысқыш, абразивті
тазарту құралдарын және органикалық еріткіштерді, сонымен қатар ацетон мен
спирт қолданбаңыз.
3. Құралды жинап құрастырыңыз. Құрастыру келесі реттілігімен жүргізіледі:
- Құралдың ішіне сүзгі-үккіштен шырын ағатын, шырын жинауға арналған
жұмыстық сыйымдылықты орнатыңыз (4), содан кейін, оның үстіне сүзгі-
үккіштті (3) бекітіңіз.
- Құралдың сыртқы бетін мөлдір қақпақпен жауып (2), қапсырма-
бекіткіштердің (5) көмегімен бекітіңіз, итергішті (1) азық қабылдайтын
саңылаудың ішіне орнатыңыз.
- Жоғарғы қақпақта бекіткіш қапсырма қысқышты бекітіп, қажетті орынға
дейін келтіріп, қақпақтың сәйкес шығыңқы жеріне бекіту керек.
- Жомға арналған контейнерді 6) қақпақтың кең жағындағы саңылау астына
орнатыңыз. Шырынға арналған резервуарды (8) шырын шығатын түтіктің
астына орнатыңыз.
- Егер құралдың қандай да бір бөлшегі дұрыс орнатылмаса немесе бекітілмеген
болса, құралдың қауіпсіздік жүйесі шырынсыққышты іске қосуға мүмкіндік
бермейді, бірақ бұл қауіпсіздік сақтау жөніндегі ережелерін бұзбайды.
Құралды пайдалану
1. Жоғарыдағы кеңестерді басшылыққа алып, құралды жинап, құрастырыңыз.
2. Құралды электр желісіне қосыңыз.
3. Итергішті алып шығарыңыз (жоғары қозғап тез алуға болады).
4. Жұмсаққа арналған сыйымдылықтың және шырынға арналған құмыраның дұрыс
орнатылғанын тексеріңіз.
5. Жылдамдықты реттейтін реттегіш тетікті төменгі жылдамдыққа арналған 1 қалыпқа
немесе 2 қалыпқа орнатыңыз жоғары жылдамдықта шырын сығу үшін құралды
қосыңыз. Құрал сізге ұзақ уақыт жұмыс істеу үшін 3 минуттан артық қолданбаңыз,
содан кейін құралды 1 минут уақытқа үзіліс жасап, құрал суығанша күтіңіз. Содан
кейін оны қайталап қосыңыз. Бұл операцияны 10 мәрте қайталағаннан кейін, яғни
құралдың 10 реттік қосу/өшіру кезеңі аяқталған соң құралды өшіріп, 30 минутқа үзіліс
жасаңыз, бұл мотордың салқындауы үшін қажет. Содан кейін құралмен жұмыс істеуді
жалғастыра аласыз.
Егер үздіксіз жұмыс істеу барысында шырынсыққыштың электр қозғалтқышы қызып
кетсе, онда құралды 30 минут уақытқа өшіріп қойыңыз да, ол суығанша күтіңіз.
- «1/төменгі жылдамдық» - жұмсақ көкөністерден/жемістерден шырын сығу үшін
(алмұрт, алхоры, асқабақ, пияз, қияр, ананас, кәді және т.б.).
- «2/жоғарғы жылдамдық» - қатты көкөністерден/жемістерден шырын сығу үшін
(бөрікгүл, сәбіз, алма, бұрыш, қызылша, картоп және т.б.).
- PULSE - тыныс режимі, бұл батырмаға басып тұру кезінде шырынсыққыш іске
қосылып жұмыс істейді.
15

Содержание